А?паратты ??деу т?сілдері та?ырыбы бойынша саба? жоспары
Пән Информатика сынып 5 Күні 22.09.15 ж.
сабақ №: 3
Тақырып: Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Мақсат: Тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.
Білімділік – Ақпаратты өңдеу тәсілдері тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық – оқушылардың өз ойларын ашық, еркін жеткізе алу, ДК - де өз беттерімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, тест тапсырмалары, карточкалар, интерактивті тақта, видео, ЦБР, My test, WordPad бағдарламалары, тұсаукесер.
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, амандасу тренингін өткізу.
Оқушылармен амандасып, тренинг өткізу.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңменен,
Құшақтап бір алайын.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
6 мин My test бағдарламасында тест тапсырмасын орындайды. Тест
1. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
А) сезу және көрудің
В) иіскеу мен естудің
С) есту мен көрудің *
D) көру және дәмін тату арқылы
2. Сендер электрондық хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?
А) есту
В) сезу
С) көру *
D) жазбаша
3. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түріне жатады?
А) мәтіндік және графикалық *
В) графикалық және естілетін
С) электромагниттік және көрінетін
D) цифрлық және музыкалық
4. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
А) қағазда
В) дискіні
С) тасты
D) суды*
5. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?
А) биді
В) суреттерді*
С) қимылды
D) дыбысты
6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?
А) кітап
В) радио*
С) журнал
D) плакат
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
10 мин 47557195655 Ақпаратты қайта-қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадына немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды.
Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.
Ақпаратты жөнелту
Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көзі ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды.
Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.
656926124412
Жеткізу арнасы
Қабылдаушы Ақпарат көзі
Ақпаратты өңдеу
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді.
! Түйін
Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады.
Ақпаратты тасымалдау үдерісіне әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы қатысады.
Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
IV. Компьютердегі
тәжірибелік жұмыс
8 мин Оқулықпен жұмыс, 21-22 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмыс. Тапсырманы ДК-де орындайды. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск → Все программы → Стандартные → WordPad батырмаларын басыңдар.
«Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.
Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
В деңгейі
WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск → Все программы → Стандартные → WordPad).
«Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.
Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
С деңгейі
«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6 - тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданындар.
V. Сергіту сәті
2 мин Жаттығуды орындарында отырып орындау.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
VI. Бекіту
10 мин ЦБР-мен жұмыс.
1-жаттығу.
2-жаттығу.
3-жаттығу
Жауабы:
Жауабы:
VII. Рефлексия
3 мин Оқушылар «INSERT- түтіп алу» әдісін негізге ала отырып айтылған ақпараттармен бөліседі.
VII. Оқушыларды бағалау.
2 мин Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Күнделіктеріне баға қойдырады
ІХ. Үй жұмысы.
2 мин §3 оқу.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.