(Планирование) А?паратты? алуан т?рлілігі ж?не оларды? ??деу т?сілдері.


3-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Ақпараттың алуан түрлілігі және олардың өңдеу тәсілдері. Сабақтың мақсаты:
оқушыларды «ақпарат» түсінігімен таныстыру, ақпаратты сақтау, өңдеу, жөнелту қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
«компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту
адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін, оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тапсырма карточкалары.
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: ақпараттың өңделу тәсілдерін
Оқушылар меңгеруі тиіс: компьютердің анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
Жаңа такырыпқа кіріспе кезеңі
Ақпаратты сақтау
Ақпаратты қайта-қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпараттың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығьштарды қолданады. Ерте заманда бүл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды (6-сурет). Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда - дискілер мен флешкаларда сақталады.
Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда өзіңе керекті аңпаратты табу қиынға түседі. Бүл жағдайда аңпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әр түрлі картотекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Аңпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. болады.
Ақпаратты жөнелту
Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Аңпаратты алыс кашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі қүралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Аңпаратты жөнелту үшін қолданылатын қүрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін акпарат бүрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.
Мысалы, «Естілмейтін телефон» ойынындағыдай. Бүл ойында бірнеше адам құлақтарына сыбырлап бір-біріне қайсыбір сөзді жеткізеді. Әдетте, ойынның соңында, ең соңғы ойыншы бірінші ойыншы сыбырлаған сөзден басңа сөзді атайды. Бүл ақпаратты тасымалдаушы арнаның ақпаратты бұрмалағанын білдіреді.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көзі ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы - оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім - ақпарат көзі де, оқушылар - оны қабылдаушы.
Аңпаратты өңдеуАқпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталалы. Мысалы, есепті
шығарудың өзі - бұрын белгілі есептен жана ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалың ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады (8-сурет).
Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
V.Бекіту кезеңі
Өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап
VІ. Қорытынды кезең: бүгін сабақта не білдік?
не үйрендік?
VІI.Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, және тест сұрақтарына жауап жазу.
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды «ақпарат көлемі және оның өлшем бірлігі» қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
«компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту
Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тапсырма карточкалары.
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: ақпарат санын өлшем бірлігін
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.
II.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
III.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
IV.Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі
Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу ушін әріптерді, музыканы жазу ушін ноталарды, сандарды жазу ушін цифрларды қолданамыз.
Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б. өлшеу қабылданған. Ал салмақты - граммен және килограммен, т.б. өлшейміз.
Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Аңпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арңылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған. Мүнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік.
Өмірде үлкен келемді ақпаратпен жумыс істеуге тура келеді. Сондьқтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі.
1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб
Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген акпараттьқ келемі.
Ақпаратты жеткізі жылдамдығы дегеніміз- бір уақыт бірлігінде жөнелтілітін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.
V.Бекіту кезеңі
1) Ақпараттың өлшем бірлігін атаңдар?
2) 1байтта неше бит бар?
Өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап
VІ. Қорытынды кезең: бүгін сабақта не білдік?
не үйрендік?
VІI.Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, және тест сұрақтарына жауап жазу.