А?паратты ??деу т?сілдері та?ырыбында?ы 5-сыныптар?а арнал?ан саба? жоспары


Пән: Информатика18.09.13.Сынып: 5
Тақырыбы: 3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Сілтеме: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов 5-сыныпқа арналған информатика кітабы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен
қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Міндеті: - ақпаратты өңдеу тәсілдерімен таныстыру
Түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, диалог
Көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, практикум
Сабақтың өту кезеңдері:
№ Кезеңдері тәсілі Мерзімі Қойылатын сұрақтар Күтілетін нәтиже
1 Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. 1 мин Шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жақсы тілек жасау.
Осы ойында Сіздер қандай ақпараттық процесстер жасадыңыздар? Жылы қолайлы психологиялық атмосфера
2 Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ-жауап 8мин Ақпарат термині туралы не білдіңдер?
Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?
Қандай ақпарат түрлерін білесіздер? Өткен тақырыптарды еске түсіру
3 Ой қозғау
Топтастыру
Постер құру Топпен жұмыс 10 мин 1. Ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер
2. Ақпаратты өңдеу түрлерін атап көрсет Ақпаратты өңдеу тәсілдері жайлы ойларын ортаға салады
4 Сергіту сәті. Жаттығу 2 мин Флешроликпен жаттығу орындау Оқушылар сергіп қалады.
5 Ойлау бутерброды Тақырыпқа байланысты сыни тұрғысынан ойларын айту 6 мин Тақырып бойынша әр оқушының түсініктерін айтқызу. Айтылған ойлардан түйінді ой жасау. Оқушылар тақырыптан қысқаша анықтама жасайды
6 Ақпараттық құралдармен жұмыс Оқулықпен және компьютер-мен жұмыс 8мин Компьютердегі тәжірибелік жұмыстары Деңгейіне байланысты тапсырмаларды орындайды.
7 Практикум 5 мин MyTest бағдарламасында тест орындау Тақырып бойынша тест жұмысын орындау
6 Бағалау 3мин Нәтижені тексеру(тестік жұмыс) Өзін бағалау
7 Үйге тапсырма 1 мин 3 тақырыпты оқу. Түйінді ойларын дәптерге жазу 8 Рефлексия (кері байланыс) жазу 1минут Екі жұлдыз, бір тілек Кері байланыс орнатылады



Ойлау бутерброды
Бұл – ойды басқару стратегиясы.
Бастау алдында алдымен тоқтап, ойланып алыңыз!
1-қадам
Дайындалыңыз.
Мыналарға уақыт бөліңіз:
Ақыл-ойыңызды таза ұстаңыз.
Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.
Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға келтіріңіз.
Енді жаңа тапсырмаға кірісіңіз.
2-қадам
Мыналармен байланыс іздестіріңіз:
Өзіңіз білетін басқа заттармен;
Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;
Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.
3-қадам
Өзіңізден сұраңыз:
Не жақсы шықты?
Не қиындықпен жасалды?
Нені жақсартуға болады?