Математика п?нінен саба? жоспары Те?деу оны шешу т?сілдері


Тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері. Мақсаты: Өткен сабақтағы материалдар бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау, бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, таным белсенділіктерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Талдау-жинақтау, ішінара ізденіс, топпен, жеке жұмыс, «плюс кестесі» әдісі, сәйкестендіру тесті. Көрнекілігі: оқулық, плакатқа жазылған тапсырмалар, тест, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу . Сыныптың ережесін еске түсіру, қайталау.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім шапшаң?» яғни әр топқа 5сұрақтан.
-Бір шеті тұйықталған түзу. -Шаршы дегеніміз не? -Қашықтықты қалай табамыз? -Белгісізі бар теңдік. –Санды 4-ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін?
4. Дәптермен жұмыс. 25 қараша. Көркем жазу. 25 25 25; 2016 2016 2016
25 және 16 саны туралы не білеміз? Тәуелсіздікке 25 жыл. 16 желтоқсан тәуелсіздік алған күн.
« Сәйкестендіру тесті» тақтада орындау. -Ендеше сабақта теңдеуді шешу тәсілдерін пысықтап, бекітеміз.
-Теңдеу дегеніміз не? (Белгісіз саны бар теңдікті «теңдеу» дейміз.)
-Теңдеу 2-ге бөлінеді. (Қарапайым (жай) және күрделі теңдеу.)
-Теңдеуді шешу үшін тура теңдік шығатындай әріптің мәндерін іздейміз. Ал, күрделі теңдеуді шешу үшін алдымен жай теңдеуге айналдырамыз.
6. Оқулықпен жұмыс. №1. «Қай топ жылдам?» ойыны арқылы түсіндіре отырып орындау. Сандықшадан теңдеу жазылған кеспені алып сол тапсырманы әр топ әр сатысын бірінен соң бірі кезекпен тақтада түсіндіре отырып орындайды. Мысалы: х + 20 . 8 = 2600 –жай теңдеуге айналдырамыз; -енді х-тің мәнін табамыз; ол үшін азайтамыз; х-тің мәні 2440 қа тең болды. Х-тің орнына қойып тексереміз.
7. . №2. « Плюс кестесі» тәсілімен орындау. 4 оқушы 4 тапсырманы орындарында отырып плакатқа жазып орындайды. Орындап болған соң тақтаға іліп салыстыра отырып тексереді. Осы кезде әр топтағы 1 балаға карточка беріледі. (нашар оқушы мен дарынды оқушыға)
8. Сергіту сәті. Сурет салсам күн саламын. Күндей күліп тұрса маңым Сурет салсам қала салам. Болсын барлық баласы аман Сурет салсам адам салам. Қорған болсын маған, саған. Сурет салсам қар саламын. Таза болсын айналамыз. Сурет салсам көгершін саламын. Бейбітшілік болсын маған, саған.
9. Өздік жұмысы. №4. Өрнек түрінде жаз. а-ның 80-ге бөліндісін 5 есе арттыру; 90 мен с-нің қосындысын 60-қа көбейту; 70-тің 5-ке бөліндісіне 42-нің х-ке бөліндісін қосу; 984 пен 324-тің қосындысын а мен 412-нің қосындысына бөлу.
10. №5 есепті тақтада талдай отырып шығару. Басқұрдың ұзынд. – 3 м 5 есе қысқа х : 5 = 3 Қыл арқан - ? м х = 3 . 5 Ш: 3 х 5 = 15 м. х =15 Ж: қыл арқанның ұзындығы 15 метр 15 : 5 = 3
11. . №6 есепті ауызша талдау №7. Қалдықпен бөлуді орындау, тексеру.
№8. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға арналған геометриялық мазмұнды тапсырма.
S =2 х 2 + 3 х 2 = 10 см2
S =2 х 1 + 2 х 4 + 2 х 1 = 12 см2
12. Қорытындылау : Кері байланыс.( Кеме арқылы, саусақ арқылы)
13. Үйге тапсырма: . №9. Амалдарды орындау, логикалық тапсырма 109 бет.