Математика п?нінен саба? жоспары Те?деу ж?не оны шешу т?сілдері
Тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдеріМақсаты: Білімділік: теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау.Дамытушылық: логикалық есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.Тәрбиелік: өзара ынтымақтастыққа, еңбекті құрметтеуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, қырағылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: ой шақыру, сұрақ- жауап, топтық, жарыс Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа әзірлігі.Психологиялық ахуал орнату.Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,Математикаға орын берсең басыңнан.Барлық ғылым саған үйір болады,Досың солар табылатын қасыңнан.ІІ. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.Сабақтың жоспары:* Бәйге.* Жұмыла көтерген жүк жеңіл.* Мен саған- сен маған.* Еңбек түбі – береке.* Бойы сергектің – ойы да сергек.* Ой толғаныс.* Қорытынды.* Аяқтау. Үй тапсырмасын тексеру, аралап қарап шығу.ІІІ. Бәйге. Өткенді пысықтауға ойын. - Қай мезгіл? Қандай ойындар ойнайсыңдар? Аққала, сырғанақ жасадыңдар ма? Бізге қар керек, ендеше «Қар жауды» ойыны арқылы ауызша мысалдар шығарайық. /Қарда мысал, шығарып суретке жапсыру\. Суреттен қар жауып тұрған бейне жасалды.
ІҮ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» бөлігінде тақтамен жұмыс жасаймыз. Жұмбақ шешейік: Адасқан екі таяқ, Тұрады жоқты сұрап. /х/- теңдеу шешуде пайдаланады.- Теңдеу шешу деген не?- белгісіз санның мәнін табу.- Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.№ 1 теңдеуді тақтада орындау.Ү. «Мен саған- сен маған» бөлігінде топпен жұмыс жасаймыз. «Адасқан теңдеу » деп аталады: шығарылған жолдары ауысып, адасып кеткен, реттеуіміз керек.4 топ орындайды, №2 теңдеу.ҮІ. «Еңбек түбі – береке» бөлігінде есептер алаңына келеміз, яғни есеп шығарамыз .№5 есепті оқып, талдап шығару.Суреттер арқылы басқұр, қыл арқан туралы мағлұмат беру.Деңгейлік тапсырма: «Семантикалық карта» бойынша 5 оқушыға үлестірмелер беру.ҮІІ. «Бойы сергектің – ойы да сергек» бөлімінде бізге тапсырмасымен «Қыз Жібек» қонаққа келді, сендердің ауызша жұмыстарды қалай орындайтындарыңды байқамақшы. № 6 талдап ауызша шығару.ҮІІІ. Сергіту сәті: «Қарлы кесек» ойыны арқылы көбейту, бөлу кестесін қайталау.ІХ. «Ой толғаныс» арқылы №7 қалдықпен бөлуді орындау, әр топтан 1 оқушыдан шығып, тақтада орындайды, дәптерлеріне жазады.Х. Қорытынды: - Сабақта не істедік? Үйге тапсырма: №9, 109 бет.ХІ. Бағалау: \ Кері байланыс орнату \- Сабақта қандай көңіл- күйде болғандарыңды смайлинг арқылы көрсетейік. Стикер жапсырып өз көңіл- күйін білдіретін бейнені көрсету, ойларын ортаға салу. Мұғалімнің бағалауы. Аяқтау: орнымыздан тұрамыз, сабақ аяқталды.