Технология Металды к?ркемдеп ??деу 9 сынып


Тақырыбы: Қаңылтырмен көркемдеп өңдеу
Мақсаты:
Білімділігі:: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірмелілік
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі кеспе қағаздар, темір бөлшектері
Құралдары: Ағаш балға, балға
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә)Оқушыларды кеспе қағаз арқылы 2-топқа бөлу.1.Зергерлер тобы.2.Ұсталар тобы.
II Үй тапсырмасын сұрау.
Металды көркемдеп өңдеу
Металды көркемдеп өңдеу түрлеріне нелер жатады?
Металл түзету әдістері қандай?
Босату дегеніміз не?
Металдың өндірістегі орны қандай?
III Үй тапсырмасын бекіту
Оқушыларға сұрақтар беру арқылы бекітемін.
Үлестірмелі кеспе қағаздар.
Ой қозғау.
Слайдтар арқылы видео көрініс көрсету.Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамын.
IV Жаңа сабақ:
Қаңылтырмен көркемдеп өңдеу
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан Алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, Темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.
Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер – темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда зергердің құрал-саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды.
Шеберлердің көптеген әсем бұйымдарды қаңылтырдан жасаған.
Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі -шекімелеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы, негізінен қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді. Мұндай құрал-саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.
V.Сергіту сәті
«Жалғасын тап» ойыны
Мақалдың басын айтамын,соңын жалғастырыңыздар.
1.Ағаш кессең ұзын кес..................
Темір кессең қысқа кес...............
2.Өнерлінің қолы.................
3.Аз сөз ............
Көп сөз.............
4.Жеті рет өлшеп..........
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға сабақта қандай өрнек немесе сурет түрін қаңылтыр бетіне түсіретіндігін салдыру
6.Сарамандық жұмыс.Қаңылтырмен бедерлеу.
Оқушыларға тапсырма беріп ,жұмыстарын қадағалаймын.
Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де қаңылтырмен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері
1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама.
V Жаңа сабақты бекіту.
Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау
VI Бағалау
VII Үйге тапсырма беру
Қаңылтырдан білезік жасау және оның бетін бедерлеу.