Урок по технологии на тему Металл кесу станоктары ?лгілеріні? т?рлері мен белгілері. Шойыннан, болаттан ж?не ?рт?рлі ?орытпаларынан дайындамалар (10 класс)
10 класс.
Сабақтың тақырыбы: Металл кесу станоктары үлгілерінің түрлері мен белгілері. Шойыннан, болаттан және әртүрлі қорытпаларынан дайындамалар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарапайым темір өңдеу станоктарының түрлерін, үлгілерінің түрлерін, біріктіру, жалғау, өңдеу тәсілдерін үйрету.
Көрнекті құралдар: Үлгі, технологиялықсызбалар, технологиялықкарталар.
Құрал жабдықтар: Темір өңдеу, станоктың түрлері, пышақтары, қашау, желім, өлшемдік құралдар, станок үлгілері.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың түрі: теориялық жұмыстар.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, кезекші оқушыны тұрғызып, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Бүгінгі сабақта біз станоктардың көптеген үлгілерін, оның ішінде кәзіргі заманға сай жабдықталған әр-түрлі станоктардың түрлерімен танысамыз.
Бүгінгі сабақта біз бөлшектерді жинақтап, техникалық сурет негізінде конструкциялап, темір жонатын станоктардың құрылысымен, оларды пайдалану технологияларын үйренеміз.
Негізгі бөлім: МЕТАЛДАРДЫ КЕСУМЕН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Металдар мен металл кескіш станоктарды кесу процесі туралы жалпы мәліметтер Машиналар мен механизмдердің барлығы дерлік тетіктері тек кесумен механикалық өңдеуден кейін ғана сызбамен берілген түпкілікті пішіндер мен өлшемдерді иеленеді. Өңдегенге дейін болашақ тетік дайындама деп аталады. Өңдеу процесінде одан өңдеуге әдіп және кенерме деп аталатын артық металды жою қажет. Конструкциялық материалдарды кесумен өңдеу металл кескіш станоктарды құралмен механикалық өңдеуге әдіптен алу жолымен дайындаманың пішіндері мен өлшемдерін өзгертуге және алынатын тетік бетінің берілген дәлдігі мен кедір-бұдырлығын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Алынатын тетіктер бетінің пішініне және сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты дайындамаларды өңдеуді әр түрлі механикалық тәсілдермен: жонумен, жонғылаумен, сүргілеумен, бұрғылаумен, тарта жонумен, ажарлаумен және т.б. жүргізуге болады. Өңдеу тәсілдерінің әрқайсысы сәйкес жабдықта жүзеге асырылады және өзінің қолданылу саласы болады. Жоғары өнімді станоктарды, құрылғылар мен жылдам кесетін материалдардан жасалған қазіргі заманғы кескіш құралдарды пайдалану жолымен дайындамаларды өңдеу технологиясы кеңінен қолданыс тапты. Бұл өндірістің өнімділігін едәуір жақсартуға, оларды механикалық өңдеудің өзіндік құнын бір мезгілде төмендету кезінде тетіктердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Материалдарды кесумен өңдеу процесінде жүретін заңдылықтарды зерделеу, кескіш құралдар конструкцияларын, құрылғылар мен металл кескіш станоктарды жетілдіру, әсіресе кесу процестерін ұтымды басқару үшін де, қазіргі заманғы машиналар үшін тетіктерді өндірудің аса жетілген технологиялық процестерін әзірлеу және ендіру үшін де маңызды. Металдарды кесумен өңдеу тәсілдері Металдарды кесумен өңдеу әдістері өз араларында пайдаланылатын кескіш құралдың конструкциясымен және құралмен жасалатын салыстырмалы қозғалыстар сипатымен және металл кескіш станокта өңделетін дайындамамен ерекшеленеді. Тетіктің талап етілетін контуры құрал мен дайындаманың белгілі қозғалыстарының үйлесуі нәтижесінде алынады. Тетіктер беттерін кесумен өңдеу әдістерін жіктеу кинематикалық белгілерді (дайындама мен құрал қозғалыстарының үйлесу принципі бойынша) және берілген өңдеу әдісінің мәнін анықтайтын белгілерді – жоңқа түзу шарттарын (кесу процесінің физикалық ерекшеліктерін) есепке алады. Осы принципке сәйкес кесумен өңдеудің барлық әдістерін төрт топқа бөледі: жону, бұрғылау, жонғылау, ажарлау және сүргілеу. Бұл топтарда өңдеу процесі тетік пен дайындама қозғалыстары әр түрлі үйлескенде болады. Өңдеу процесін іске асыру үшін кескіш құралға және дайындамаға бір-біріне қатысты қозғалыстарды хабарлау керек, олар негізгі, анықтаушы және қосымша деп бөлінеді. Ол кезде дайындамадан әдіп кесілетін немесе өңделген беттің күйі өзгеретін қозғалыстар негізгі немесе кесу қозғалыстары деп аталады. Негізгі қозғалыс екеу: басты қозғалыс және беріс қозғалысы. Әрбір топтың ерекше белгісі басты қозғалыстың немесе кесу қозғалысының түрі және бағыты болып табылады, оның процесінде әдіп кесіледі. Кесу жылдамдығын анықтайтын басты қозғалыс не айналмалы, не түзу сызықты болып табылады. Ол дайындамаға немесе кескіш құралға, ал бірқатар жағдайларда бір мезгілде дайындамаға және кескіш құралға хабарланады. Басты қозғалыс жоңқаның бөліну жылдамдығын анықтайды. Кесілетін қабаттың шамасын анықтайтын қозғалыстар беріс қозғалыстары болып табылады. Беріс қозғалысы кескіш құралдың металдың жаңа қабаттарына үздіксіз ойып орнатылу және бүкіл өңделетін беттен жоңқаны алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Келесі беріс қозғалыстары бар: бойлық, көлденең, дөңгелекті, шеңберлі, тангенциалды. Басты жұмыс қозғалысының және беріс қозғалысының жылдамдықтары v және s деп белгіленеді. Металдарды кесумен өңдеудің негізгі тәсілдері суретте көрсетілген. Жону кезінде дайындама – айналмалы қозғалыс (кесу қозғалысы – v), ал кескіш құрал (кескіш) – дайындама осінің бойында ілгерілемелі қозғалыс (беріс қозғалысы – s) жасайды. Сыртқы да, ішкі де айналу беттерін жонғанда басты қозғалыс тетік осінің маңайында айналу болып табылады. Көптеген жағдайларда бұрғылау кезінде кескіш құралға (бұрғыға) бір мезгілде екі қозғалыс хабарланады: айналмалы (кесу қозғалысы – v), ол басты қозғалыс болып табылады және түзу сызықты ілгерілемелі (беріс қозғалысы – s); сонымен бірге дайындама кесу процесінде қозғалыссыз қалады. Жонғылау кезінде кескіш құрал (жонғыш) айналмалы қозғалысты v алады, ол басты қозғалыс болып табылады (кесу қозғалысы), ал дайындама – құралдың айналу осіне s перпендикуляр ілгерілемелі (беріс қозғалысы). а – жону; б – бұрғылау; в – жонғылау; г – көлденең-сүргілеу; д – көлденең-сүргілеу; е, ж – ажарлау Металдарды кесумен өңдеудің негізгі түрлері
Бақылау сұрақтары:
Шойын (Чугун)
жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;
темірдің көміртек (2%-дан астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор(1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Болат (араб. jїҒ– — фолад) — темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды.
Темірді жалғау технологиясын айт?
Экономикалық есеп дегеніміз не?
Темірді жалғауда қандай әдістер қолданылады?
Темірдің түрлерін ата.
Темір желімдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Темірді қалай өңдейді?
Сабақты қортындылау.
Сабақ соңынан оқушылардың іскерлігін бағалау, баға қою
Үйге тапсырма: Үйде қазақтың ұлттық қандай бұйымдарын білесіңдер? Дәптерлеріне жазып келу.
.