Ба?дарлама та?ырыбы: Жапсырма ?алталарды ??деу Саба?ты? та?ырыбы: Жапсырма ?алтаны с?ндік б?рмелермен ??деу


Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
___________________
№14 сабақ
Бағдарлама тақырыбы: Жапсырма қалталарды өңдеу
Сабақтың тақырыбы: Жапсырма қалтаны сәндік бүрмелермен өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жапсырма қалтаны безендіру элементтерімен өңдеуді практикада үйрену
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістік сабағында қолданып, технологиялық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,
оқушылардың жеке құралдары.
МТҚ: АТҚ
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, технология, үлгілеу, жабдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау (30 – 35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Билеттік тапсырма»
Билет №1: «Қалтаның аузын неге қатырмалайды?»
Билет №2: «Қалта аузын ашық қиығымен өңдеу деген не?»
Билет №3: « Қалтаның төменгі қиығын неге дөңгелетін көктейді?»
Билет №4: «Негізгі бөлшекке қалта орнын қай жағынан белгілейді?»
Билет №5: «Негізгі бөлшекке қалтаны бастыра тігу тігіс ені?»
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
«Жапсырма қалтаны сәндік бүрмелермен өңдеуді тәжірибе жүзінде үйрену»
ІV. Жаңа тақырыпты баяндау:
Жапсырма қалтаны сәндік бүрмелермен өңдеуді
Пішім бөлшектері:
233934059499500
№ Операция аты Техникалық шарты Суреті
1 Бастыра тігу Желбіршекттің шеттерін қайырып
2 Параллель тігіс жүргізу Желбіршектің ішкі қиығына 0,5см арқашықтықта сирек тігіспен екі тігіс жүргізу 234959906000
4 Бүрмеге жинау Қалта жиегінің ұзындығына сәйкес желбіршекті бүрмеге жинау 5 Қатырмалау Қалта аузын, қатырма ені: 3-см
6 Торлау Қалта аузын оң жағынан 7 Бүгіп көктеу Тігіс ені модельге байланысты
8 Бастыра тігу 9 Бүгіп көктеу Қалтаның төменгі қиығын дөңгелетіп
10 Қосып көктеу Желбіршекті қалта жиегіне 0,5-0,7 см
11 Қосып тігу 12 Көктеу ж.с 13 Баса үтіктеу Үтіктейтін мата арқылы 14 Қалта орнын белгілеу Негізгі бөлшектің оң жағынан
15 Жапсыра көктеу Қалтаны негізгі бөлшекке тігіс ені модельге байланысты қалта жағынан
0,1-0,5 см
16 Бастыра тігу 17 КЖС
18 Баса үтіктеу Қалтаға тауарлық түр беру Кездесетін ақауларға көңіл аудару
Бүрмеге жинағанда
Қатырмалағанда
Торлағанда
Дөңгелетіп көктегенде
Қалта аузын бекіткенде
Тігіс ендерінің симметриясы
Тақырып бойынша білімдерін бекіту: «Сұрақ-жауап» ойыны
Неге желбіршекке екі параллель тігіс салынады? (бүрмеге жинау үшін)
Қалта жиегінің ұзындығына сәйкес желбіршекті не істеледі? (бүрмеге жинау)
Желбіршекті қалта жиегіне неше см қосып тігеді? (0,5-0,7 см)
Қалтаны негізге бөлшекке неше см басыра тігеді? 0,1-0,5 см
Қалтаның төменгі қиығын дөңгелетіп қалай көктейді? (Бүгіп)
Қауіпсіздік ережелерді қайталау
IV. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру .
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру;
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау;
Технологиялық процесінің орындалуын бақылау;
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау;
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау;
Жеке нұсқау.
V. Соңғы нұсқау (25 мин):
1.Өндірістік сабағын қорытындылау
«Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, жапсырма қалтаны сәндік бүрмелермен өңдеуді практикада тігіп үйрендік»
2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту
3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау
4. Жабдықты, құрал – саймандарды, жұмыс уақытын, еңбек дағдыларын ұтымды қолдану жолдарын талдау
5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау
6. Үй жұмысын тапсыру
7.Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау
Билет №1: «Қалтаның аузын неге қатырмалайды?»
Билет №2: «Қалта аузын ашық қиығымен өңдеу деген не?»
Билет №3: « Қалтаның төменгі қиығын неге дөңгелетін көктейді?»
Билет №4: «Негізгі бөлшекке қалта орнын қай жағынан белгілейді?»
Билет №5: «Негізгі бөлшекке қалтаны бастыра тігу тігіс ені?»