Урок ?сімдіктер д?ниесі адам ?ам?орлы?ына м??таж 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктер әлемін қорғап, сақтаудың қажеттігін, Қызыл кітаптың ерекшелігін түсіндіру.
Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие
беру.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, талдау
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, бейнежазба, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Дирижер» ойынын ойнату арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру. Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.
Топқа бөлу
Суреттер арқылы 4-топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын беру.
ІІ. Өткенді еске түсіру.
1-топ
Өсімдікті қандай топтарға бөлеміз?
-Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
- Ылғал сүйгіш және су өсімдіктерін ата.
- Өсімдіктер жапырағына қарай қалай бөлінеді?
2-топ:
- Өсімдіктер қандай жерлерде өседі?
- Біржылдық өсімдікке қандай өсімдікті жатқызамыз?
- Сарықараған неше жыл тіршілік етеді?
- Емен қандай шөптесін өсімдіктердің арасында өсіп-өнуге бейімделген?
3-топ:
-Екі жылдық өсімдіктерге қандай өсімдік жатады?
- Емен неше жыл тіршілік етеді?
- Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
- Бидай,күрішті,қызанақты неге мәдени өсімдіктер деп атаймыз?
4-топ:
- Өсімдіктер неге топтасып өседі?
- Көпжылдық өсімдікке қандай өсімдіктер жатады?
- Қайың қанша жыл тіршілік етеді?
- Жабайы өсімдіктер қалай өседі?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бейнежазбадан видео көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді.
ІV. Оқулықпен жұмыс:
Тақырыпты төрт бөлікке бөліп, тізбектей оқыту арқылы мәтінге талдау жасату.
«Қызыл кітап» туралы не білесіңдер?
V. Сергіту сәті: Би билейді.
VІ. Дәптермен жұмыс. Ереже жазу.
«Кім жылдам?» ойыны экологиялық есеп шығару. Қызықты мәлімет.
VІІ. Сабақты бекіту: Тест
1. Біздің елімізде өсімдіктің:
а) 6000 түрі ә) 40 түрі б) 25000 түрі в) 600 түрі
2. Өсімдіктің тіршілік етуі үшін өте қажетті жағдайларды тапА) ауа, су, көлеңке Ә) ауа, корек, ылғал, жарық, жылу
Б) жарық, су, құм, саз В) топырақ, су, тұз
3. Жылу сүйгіш өсімдіктерді тап
А) күреңот, жоңышқа Ә) сүттіген, жантақ
Б) жалбыз, күреңот В) жүгері, күріш, қияр
4.Суыққа төзімді өсімдіктерді тап
А) жоңышқа, жалбыз Ә) сүттіген, жантақБ) қоға, құрақВ) бидай, сұлы, арпа
5. Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер:
а) конституцияға ә) тіл жөніндегі заңға б) «Дүниетану» оқулығына в) Қызыл кітапқа енген
VІІІ. Сабақты қорытындылау:
Табиғат Ана, құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш-жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ!
Адамзат! Табиғатты аялайық!- дей келе “Тілек ағашына” өз тілегімізді жазайық.
ІХ. Бағалау парағы Үйге тапсырма. 128-130 бет оқу, әңгімелеу . “Мен табиғаттан не үйрендім?” тақырыбында шағын әңгіме жазу