Ашы? саба? ?ыс?ы киімдер. К?згі киімдер 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер. Күзгі киімдер.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорын қалыптастыру.Білім деңгейлерін оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері ароқылы көтеру.2. Тәрбиелік. Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алуға төсілдіру. Қысқы және күзгі киімдер тақырыбында әңгімелер жүргізу.3. Дамытушылық. Тақырып бойынша оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.ІҮ. Сөздік жұмысы.1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.3. Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.Киім – одеждаСырт киім – верхняя одеждаҚысқы киім – зимняя одеждаКүзгі киім – осенняя – одеждаКурте – курткаа) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.Ү. Тапсырмалармен жұмыс.1-тапсырма. Сурет бойынша қысқы, күзгі киімдердің атауларын есте сақтау, жазылым әрекетімен жұмыс жасау.2-тапсырма. Айтылым әрекетін тапсырмада берілген сөздермен жандандыру.Оқушыларды көрнекілік бойынша жұмыс жасау. Сүрет салу. Кімнің суреті әдемі деген сайыс өткізу.3-тапсырма. Қыста не киесің? Атты айтылым әрекетін жандандыру.Сергіту сәті.4- тапсырма. Жазылым әрекеттеріне берілген тапсырмамен жеке жұмысты орындату тақта алдында тексеру.5-тапсырма. Жазылым әрекеті мұғалім көмегімен орындау. Жеке жеке жұмыс.6-тапсырма. Берілген тақырып бойынша сөз арқылы жұптық жұмыс жасау. ҮІ. Сабақты бекіту.ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. Сөздікті жаттау. Қысқы киім сүретін салып келу.