Обьектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді ??ру. Атын ?згерту.


Сабақ Сабақтың тақырыбы Обьектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.
Сілтеме Информатика оқыту әдістемесі , информатика оқулығы
Сабақтың мақсаты А) Оқушыларға обьектілерді іздеу,бумалар мен белгішелерді құру жайлы кең мәлімет алуға мүмкіншілік жасау .
Ә) Обьектілерді іздеу, бумалар мен белгішелерді құрудың тәсілдерін меңгереді.
Б)Ойланудың өзінде қаншама күш –жігер жұмсалынып отырғандығын айта отырып , обьектілердің маңызы жайлы мәлімет алады, олардың мағынасын ажыратады .
Күтілетін нәтиже Компьютерде обьектілерді іздеудің, бумалар мен белгішелерді құрып және олардың атын өзгертудің жолдарын үйренді.
Сабақта қолданылатын әдістер 1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.( Диалогті оқыту (жетелейтін сұрақтар қою ),
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
5) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
6) Білім берудегі басқару.
Түйінді идея Бумалар мен белгішелердің атын өзгерте отырып, олардың атқаратын қасиеттері жайлы толық мағлумат алады.
Сабақ кезеңдері Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа тақырып материялымен танысу
Бекіту тапсырмалары
Рефлексия .
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды 3 парталар топқа орналастыру .
Жаңа тақырып материялымен танысу Тапсырмалар
Обьектілер мен белгішелердің қызметтері жайлы оқып, талдау жұмыстары .
1-топ
А)Оқушылары топ ішінде жоғарыда аталған тақырыптар аясында жұмыс жасайды . 2-топ
Ә)Жасаған жұмыстарын пысықтай отырып , барлық топ мүшелерінің жұмыс жасауына мүмкіншілік жасау . 3-топ
Б)Жасаған жұмыстараның қорытындысын пысықтай отырып , керекті мәліметтерді ортаға салып айтып беру .
Нәруыздың физикалық , химиялық қасиеттері организмнің тіршілік әрекетін құрайды .
1.Не себептен барлық белгішелер мен бумалардың жалпы құрылымы бір – бірін сәйкес келмейді ?
2.Обьектілер жайлы айтып бер .
3.Обьектілер неше топқа бөлінеді ?
4.Бумалар жайлы айтып бер , мысалдар келтір?
5. Обьектілер, бумалар және белгшелерді компьютерде орындау?
6.Осы негіздерге сүйене отырып қорытынды шығарыңдар ?
Бекіту тапсырмасы Дәптермен жұмыс
Бумалар, обьектілер және белгішелердің суреттерін сызып, атқаратын қызметтері жайлы дәптерлеріне жазу.
Бағалау «Екі жұлдыз , бір тілек »
Оқушылар бір – бірінің топ ішінде жасаған жұмыстарына баға береді .
Үйге тапсырма Өткен материялдарды қайталай отырып, обьектілерді көшіру, орнын ауыстыру және жою.
Рефлексия Мұғалімге хат жаздыру арқылы кері байланыс жасау .