?згеріс енгізу — ?зі?де барды жо?алту емес, жа??ырту


83820166370
Қасымбекова Гүлназ Ерғалиқызы,
директор
№81 «Мақташы» жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы
ergalikyzy_g@mail.ru
Өзгеріс – өзіңде барды жоғалту емес, жаңғырту...
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз
жанымызға(қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек,
келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.Мағжан Жұмабаев
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде мектеп басшыларын кәсіби дамытуды көздеп отыр. Мектеп басшысының кәсіби тұрғыда дамуы – білім ұйымын оң өзгерістерге жетелейді.
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу - әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», - деп бекер айтпаған да болар.
Алматы қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі және білікті тренерімніңқолдауымен курстың 1-ші «бетпе бет» кезеңінде мен өзімнің және өзім басқаратын ұжымның тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістерін үйреніп қана қоймай, ол өзгерістердің себептері туралы егжей-тегжейлі білдім.
Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талап – ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Өзгерісті әр адам өзінен бастау керек екенін ескерсек, әуелі мектеп басшысы, кейін барлық педагог қызметкерлер білім мен дағдыларды қалыптастырып дамытуда, сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты мәселелерді шешуде мұқият болуы керек. Мектептегі тәжірибе кезеңінде өзімізде барды түлетіп, жоқты енгізу арқылы жаңарып, жаңғыратын кез келгенде мектеп басшысы өзінің мектептегі рөлін қайта қарап, оны кеңейтуді ойластыруы қажет екенін түсіндім. Соның нәтижесінде басшы оқыту мен оқу туралы жан-жақты хабардар бола отырып, ұжымдағы мұғалімдердің едәуір тиімді жұмыс істеуіне мұрындық болады.
Бұрын білмеген, қолданбаған әдіс–тәсілдерді меңгерудеміз, бұрынғы әдіс тәсілдерге жаңаша сипат берудеміз.  Әдіс-тәсілдерді құрал ретінде ғана емес, оның қолдану философиясын түсініп, өзімнің де педагогикалық құралдар ойлап табуыма болатынына көзім жетті.
  Мұғалім бүгінде өз іс–тәжірибесіне өзгерістер енгізе отырып, оқушыларды жаңа қырынан таныды. Болашақта үнемі жетілуді, әрбір сабаққа жаңаша дайындалуды мақсат тұтқан жаңашыл мұғалім көбейді.Өзгеру жолында біз әріптестеріміздің қызығушылығын арттыруға, әкімшілікпен, әріптестермен, ата-анамен, оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құруға, рефлексия жасауға қол жеткізіп жүрміз.Жаңаша бағытта жұмыс жасау ұстаздар қауымы арасында зор шығармашылық  шабыт туғызды.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетіне асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
«...Әлемдегі барлық адамдардың ішінен –мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді ... Сіз әлемді өзгерту – жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдыңыз...»,- деп сөзімді қорытындылаймын.