Бас?ару элементтері (10 сынып — ЖМБ)
Пән аты: Информатика Мұғалім - Аканова М.Х
10 «А» сынып (ЖМБ)
Сабақтың тақырыбы: Басқару элементтері: Command Button, Label, TextBox, ChekBox,
Option Buton, Frame. Міндеттері, қасиеттері, оқиғалар, әдістер.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды Command Button, Label, TextBox, ChekBox,
Option Button, Frame – басқару элементтерімен таныстыру;
оқушылардың ой-өрістерін кеңейту, визуальды бағдарламада аталған
басқару элементтерін колдануды үйрету;
оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түріаралас сабақ
Сабақты оқыту әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
Сабақтың көрнекілігі:ДК, VB ортасы, электрондық оқулық
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Қайталау
VB программасы неден тұрады?
Оқиға дегеніміз не?
Қай кезде нысан әрекет орындамайды?
Үн қосу дегеніміз не?
Оқиғаның түрлерін атаңыз.
KeyPreviw оқиғасының ерекшелігі қандай?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
23622001236345001225551236345004429125123634500Басқару элементтері – бұл пайдаланушы немесе программалық объект туындататын оқиға әсер ететін, графикалық интерфейс қосымшаларының элементі болатын объект. VB біріктірілген өңдеу ортасы терезесінің сол жағында басқару элементтерінің пиктограммаларын қамтитын Саймандар тақтасы (Toolbox) орналасқан. Басқару элементтерінің стандартты жиыны 21 объектіні қамтиді: Command Button (командалық батырма), TextBox (мәтіндік өріс), Label (белгі) және т.б. пішін сияқты басқару элементтері де объект болып саналады, сондықтан, олардың кез келген объект сияқты қасиеттері, оқиғалары, әдістері болады (ЭО).
189230-5715003789680-571500
IY. Бекіту.
ДК-де тәжірибелік жұмысты орындау: Command Button, Label, TextBox, ChekBox, Option Buton, Frame – басқару элементтерін қолдана отырып, VB ортасында жоба құру.
Y. Үй тапсырмасы: §16 оқу, анықтамаларды жаттау.
YI. Қорытынды: оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын тексеру, оларға баға қою; сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою; оқушылардың бағаларын айту.
.