«Ар-намысым, ?асіретім, ма?танышым-желто?сан» т?рбие са?аты (7 класс)


Тақырыбы:   «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» 
Мақсаты:
а) Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру, тарихына шолу жасау.
ә) Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
б)Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту.
І жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
 
ІІжүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін  мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
 
Мұғалім:         
Құрметті бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысушылар: Өткенімізсіз бүгін болмас еді. Өткеніміз - бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы. Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама! 
І жүргізуші:Армысыздар
қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2016 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына  25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан!» 
атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
 
ІІ жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
 
 «Әнұран» 
 
І жүргізуші:
Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.
 
I оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастанкешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
 
1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
 
Мұғалім:
Озбырлық күшпен  тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
КӨРІНІС:
(Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.)
—        
Қыздар, мен газет әкелдім
—        
Қане, не жаңалық бар екен?
—        
Пленум болыпты.
—        
Қонаевты орнынан алды дейді.
—        
Онысы несі?
—        
Орнына кім болыпты?
—        
Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
—        
Қазақтан-ақ біреу қойсашы!
—        
Жастар шуласып кетеді

І- жүргізуші:
Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі –
қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипаттаболды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атындағы алаңда
жастардың алғашқы тобы пайда болды.
(Бір топ жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады).
—         Пленум шешіміне қарсымыз!
—         Әр ұлтқа өз басшысы!
—         Колбинді әкетсін!
—         Қонаевтің өзі сөйлесін!
(Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2
адамдарды ұстап алады). —         Қайрат!
—         Қайрат! – деп топ шуласыптарайды.
(Қайратты тергеуге әкеледі).
 
Қайрат:
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың
Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.
Жазықты емеспін қайталай берем
несіне,
Оқып көр міне, өлеңге түнде
түсірдім.
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап арбау тәсілімен
Мойындата алмадым.
Қайрат:
Мойындата алмайсың
Тергеуші:
Байқа, 87 бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.
Тіліңді безеп, өлең айт маған
десең,
Свицкийді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат:
Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен
ешқашан.
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші:
Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрібір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені ендіқайтармаймыз
Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!
 
Мұғалім:
Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан
бұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,
Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым етупарызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар
шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Бізәрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз
күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
 
Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
“Желтоқсан желі” әніне шығарылған бейнебаянды көріңіздер.
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге 
енбеген оқиғалар болды, сол  жетістіктерді атап өтейікші.
 
І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің  тұңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда  Семей полигоны  жабылды.
1992 жылы 2- наурызда  ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
 
ІІ жүргізуші:  
1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы  4- маусымда ҚР-ң  Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы  теңге айналымға енді.
 
І жүргізуші:   
1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
 
ІІ жүргізуші:  
Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
 
І жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды.  Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
  Умида:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
 
Мадина:
Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
 
Жамшид:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
 
Азиз:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
 
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
І – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
 
Хаят:
Далада думан, қалада думан жырбүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл
күнім.
Жасай бер, жаса
Қалдырған бақыт бұлбұлым.
Хормен:  Жаса,
Қазақстан!
  Рухсара:
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
  Хилола:
Туған жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең табынсаң думан елге
Ардақты да мен деген бол азамат
Елім жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
 
Мунира :
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Мухая:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
 
Матлюба:
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
 
 
І-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
 
ІІ-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
 
Ән: «Отаным»
 
І-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі   «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан»    атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№7 Бабыр атындағы ЖОМ КММ
ТӘРБИЕ САҒАТЫ

ОРЫНДАҒАН 7 «Б» сынып жетекшісі:
Ходжамурадова Л.М.
Ақсукент – 2016ж.
1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл күні Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспауы түрткі болды. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды. Аружан: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене де айтуға болады. Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.