Открытый урок в 9 классе на тему Развитие плода
№11
Күні: 9-сынып Биология
Cабақтың тақырыбы. &11 Органикалық заттардың тотығу есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз етілуі.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды клеткадағы АТФ синтезі , тыныс алу ж\е жану процесімен таныстыру.
2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгеру
қабілетін дамыту.
3.Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер
Сабақтың пәнаралық байланысы: химия.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру
VІ Бағалау.
І. Амандасу,сабаққа әзірлеу,сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалаушылар — М.В.Ломоносов (1757) және А.Л.Лавуазье (1777) болып саналады. Оттектің қатысында органикалық заттардың жануы табиғатта жүрсе, ал тірі организмдердегі тыныс алу процестері митохондрия органоидында жүзеге асады. Жану кезіндегі энергия жылу түрінде бөлінсе, ал тыныс алу кезіндегі бөлініп шыққан энергия организмдердің бүкіл тіршілік процестеріне және өзінің құрылымын белсенді күйде сақтауға жұмсалады. C6H12O6 + 6O2 = 6CO2 + 6H2O + 2881 кДж/моль
Бұл теңдеуден тыныс алу мен жану процестерінің ұқсастығын және тыныс алудың фотосинтезге қарама-қарсы процесс
Эукариоттар және көптеген прокариоттар (бактериялар) АТФ молекуласын синтездеуге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады. Бұл процесс үш сатыға бөлінеді: 1) гликолиз; 2) лимон қышқылының айналымы; 3) электрон тасымалдау тізбегі.Гликолиздің дайындық кезеңі. Гликолиздің дайындық кезеңі ол клетканың цитоплазмасында жүреді. Мұнда арнайы ферменттердің әсерімен энергиясы мол органикалық заттар, энергиясы аз қарапайым заттарға дейін ыдырайды. Мысалы, көмірсулар — моносахаридтерге, майлар — май қышқылы мен глицеринге, нуклеин қышқылдары — нуклеотидтерге, белок — аминқышқылдарына ыдырайды. Бұл заттар келесі жүретін реакциялардың бастамасы ретінде қолданылады.
Гликолиздің оттексіз (анаэробты) ыдырауы. Бұл процесс жануарлар клеткасындағы митохондрияның ішкі мембранасында жүреді. Ол ферменттердің әсерімен бірінен кейін бірі кезектесіп жүретін 13 реакцияның жиынтығынан тұрады. Реакцияға бастапқы зат ретінде 1 моль C6H12O6 (глюкоза) қатысады. Реакция нәтижесінде 2 моль C3H6O3 (сүт қышқылы) және 2 моль АТФ түзіледі. Бұл реакцияға оттек мүлде қатыспайды, C6H12O6 + 2H3PO4 + 2АДФ = 2C3H6O3 + 2АТФ + 2H2O
Спирттік ашу процесі глюкозаның ашуына өте ұқсас көп сатылы ферменттік ыдырау болып табылады. Оның жиынтық теңдеуі мынадай:
C6H12O6 + 2H3PO4 + 2АДФ = 2CO2 + 2C2H5OH + 2АТФ + 2H2O
бір молекула глюкоза ыдырағанда 2 молекула АТФ синтезделеді. Реакция нәтижесінде 200 кДж энергия немесе 40%-ы АДФ-тің АТФ-ке айналуына жұмсалса, ал 120 кДж энергия немесе 60%-ы клеткада АТФ түрінде сақталады.
Гликолиздің оттекті (аэробты) ыдырауы. оттектің қатысымен глюкоза толық ыдырап, соңғы өнім ретінде CO2 және H2O түзіледі. Реакцияның бастапқы заты ретінде 2 моль C3H6O3 (сүт қышқылы) қатысады. Нәтижесінде 36 моль АТФ синтезделеді.
2C3H6O3 + 6O2 + 36H3PO4 + 36АДФ = 6CO2 + 36АТФ + 42H2O
энергияның негізгі көзі — глюкозаның оттекті ыдырауы кезінде (2600 кДж) түзіледі.
Гликолиздің оттекті ыдырауы кезінде түзілген 2600 кДж энергияның 1440 кДж немесе 54%-ы АТФ-тің химиялық байланыс энергиясына айналады.
Глюкозаның оттекті және оттексіз ыдырауының жиынтық теңдеуі мынадай:
C6H12O6 + 6O2 + 38H3PO4 + 38АДФ = 6CO2 + 38АТФ + 44H2O
Глюкозаның оттексіз және оттекті ыдырауы кезінде бөлініп шыққан энергияның 80 кДж + 1440 кДж = 1520 кДж немесе 55%-ы потенциалды энергия түрінде сақталып, клетканың тіршілік процестеріне жұмсалады. Ал 45%-ы жылу энергиясы түрінде пайдаланылады. Қорыта айтқанда, клетканың тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі гликолиз процесі кезінде АТФ түрінде синтезделеді. Сондықтан бұл процесті энергетикалық алмасу дейді..АТФ-тің синтезі гликолиздің бұдан кейінгі сатыларында да үздіксіз жүреді
ІІІ.Сұрақтар мен тапсырмалар
Берілген кестені толтырыңдар.
Зат пен энергияның алмасуы Заттарда болатын өзгерістер Клеткадағы АТФ-ң биологиялық ролі
1.Дайындық кезеңі.
2.Оттексіз (анаэробты)
3.Оттекті (аэробты) 2. Гликолиз дегеніміз не? Гликолиздің қандай сатыларын білесіңдер? Әрбір сатыға тән белгілерді жазыңдар.
3. Тыныс алу мен жану процесінің арасында қандай ұқсастықтар мен
айырмашылықтар бар? Түсініктеме беріңдер.
Энергетикалық тиімділігі жағынан бірдей бола тұрса да органикалық заттардың жану процесі мен тыныс алудың арасында айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Олар төмендегідей:
1. Жану процесі жоғары температурада өтсе, клетканың тыныс алуы организмнің қалыпты температурасында (36,5—37˚С) өтеді.
2. Жану кезінде энергия жылу түрінде бөлініп шықса, биологиялық тотығуда макроэргиялық фосфорлы қосылыстар түрінде бөлініп, сол қосылыстарда жинақталады (АТФ және НАДФ-Н, ФАД-Н2 және т.б.).
3. Жану кезінде энергия бірден бөлініп шықса, ал биологиялық тотығуларда ол ұзын тізбекті бірізбен жүретін реакциялардың нәтижесінде біртіндеп (сатылап) аз мөлшерде бөлініп шығады.
4. Сулы ортада жану процесі жүрмейді, ал биологиялық тотығуға су өте қажет.
Сонымен, заттар оттекпен әрекеттескенде тыныс алу процесі жүріп, мол энергия бөлінеді. Ол энергия термодинамика заңына сәйкес бір түрден екінші түрге айналатынын физика пәнінен білесіңдер.
Клетканың тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергияның негізгі көзі — глюкозаның тотығуы кезінде АТФ түрінде жинақталады.
Гликолиз процесі. Ферменттердің қатысымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын — гликолиз процесі дейді. Ол гректің “glycys” — тәтті, “lysіs” — ажырау деген сөзінен шыққан.
Үйге тапсырма: &11оқу А.В.С. тапсырмалары
*■ 1. Ішкі қабатынық (плазмалық жарғақиіа) қандай қызметтерін байқадыңдар? 2. Химия және басқа пәкдерден алған білімге сүйене Отырып, цитоплазманың не себептен ерітіндіден суды жоғалтатынына түсінік беріңдер. 3. Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қорытындыланлар.
II. Tipi өсімдік жасушаларындағы плазмолиз бен деплазмолизді бақылау.
Максаты. Жасуша жарғақшасынын, өткізгіштік және плазмолиз бен деплазмолиздін, болатынына көз жеткізу.
Құрал-жабдыктар. Микроскоп, заттық шыны және жабын әйнек, натрий клоридінің (NaCl) 5% процентті ерітіндісі, айдалған су, сүзгі қағаз таспалары, гамызғыш, препараттық ине, тілгі, ақ қағаз парақтары, зат таситын тасыма табақ, жазуға арналған дәптер, пияз, элодея өсімдігінің бүтақшасы (жапырағы).
Жұмыстың барысы. Жұмысты бірнеше нұсқа бойынша жүргізуге болады.
Микропрепараттарды элодеяның жапырағы немесе пияздың эпидермисінен дайыкдап олармен танысу.
1. Заттык, шынынын үстіне бір тамшы боялған су тамызындар. Пияздыц жүмсақ қабатынан кесіп алынған жүқа, мөлдір эпидермис қабықшасын сыдырып алып, оны заттык, шыныньщ үстіндегі боялған суға орналастырыңдар. Элодея өсімдігініқ жапырағынан кесіп алып, оны да заттық шынынын үстіндегі боялған суға жазып салыңдар. 2. Дайындалған препараттарды жабын әйнекпен жабыңдар да, алдымен аздап, одан біртіндеп үлкейтіп, микроскоп арқьілы қараңдар. 3. Пияз эпидермисінің немесе элодея жапырағьшың 3—4 жасушасынын, суретін салыңдар.
Бақылаудың қорытындыларын мынадай кестеге жазып көрсетіңдер
Бақылайтын заттар Мына заттардың әсерінен не байқалады?
Боялған су 5%тік NaCl ерітіндісі Айдалған
су Бақылаудың нәтижесін қорытындылау
1. Пияз эпидермисі жасуша-ларының микропрепараты 2. Элодея жапырағы жасу-шаларының микропрепараты Мына сүрақтарға жауап беріңдер:
*■ 1. Плазмолиз және деплазмолиз қүбылыстарын байқау кезінде жасуша қабықшасының және онын Ішкі қабатынық (плазмалық жарғақиіа) қандай қызметтерін байқадыңдар? 2. Химия және басқа пәкдерден алған білімге сүйене Отырып, цитоплазманың не себептен ерітіндіден суды жоғалтатынына түсінік беріңдер. 3. Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қорытындыланлар.
; қүрамы жасушаның буферлік ерітіндінін кыш-