Презентация ашы? т?рбие са?аты Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? р?лі


«Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг жоспары
Мерзімі 07.02.2015 жыл
Сабақ тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі»
Жалпы мақсат: Оқушылардың тәрбиесіне байланысты ата-аналармен метеп арасындағы байланысты нығайту. Бала тәрбиесінде ата - аналардың атқаратын рөлінің маңызждылығын түсіндіру.
Сілтеме: Интернеттен алынған материалдар.
Оқу нәтижесі Ата-аналлардың мектеппен бірге бала өміріне араласуға қадам жасауы. Өз балаларын қаншалықты дәрежеде жақсы білетіндеріне көз жеткізеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: А-4 парақтары,стикер,интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, балалардың алынған интервьюдің бейнематериалы.
Оқыту әдістері: АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Әдеби материалдар, портал материалдары.
Тапсырмалар: Макет жасау , стикер арқылы формативті бағалау, сұрақ-жауап, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Сабақ бойынша коучпен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Топқа бөлу
(3 мин) Бала және ата - ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топтарға бөлу. Ата-аналар ортаға шығады да "қобдишадан" мақал – мәтелдер жазылған парақтарды алып тиісті орындарына барып жайғасады.
(3 мин)
«Жүректен - жүрекке» таныстыру тренингі.
Ата-аналар шеңбер болып тұрады және қолындағы «жүректі» бір – бірлеріне өз есімдерін айтып және есімдерінің бас әріпінен басталатын ізгі ниеттерін айтып келесі ата –анаға ұзатады. Шарты: басқа ата –ана айтқан сөзді қайталамау.
Тапсырма1
(5 мин) «Жағдаяттан шығу» тренингі.Мұғалім мектепке және олардың балаларына байланысты жағдаятты ұсынады.
-Балаңыздың қалтасында көп мөлшерде ақша пайда бола бастады..........
-Анықтай келе сіз балаңыздың төменгі сыныптарға әлімжеттік жасау арқылы ақша жинайтындығын білдіңіз.........
-Сіздің балаңызды мектептен шығарғалы жатыр сіздің реакцияңыз? Ата – аналар берілген жағдаяттан шығу үшін топ болып ақылдасып бір пікірге келеді.
Тапсырма 2 «Сіз балаңызды танисыз ба?»
Ата аналарға алдын ала дайындалған баларының жеке бастарына қатысты сұрақтар береді.
Оқушылардан алдын-ала алынған интервьюдің бейнетаспасын көрсетеді.
Ата –аналарға берілген тапсырманы орындалуы бойынша өз өздерін бағалауларын тапсырады. Ата –аналар өз балаларына қатысты сұрақтарға жауап береді.
Әр бір ата-ана өз перзентін қаншалықты жақсы білетінін бейнематерилды көру арқылы тексереді.
Ата –аналар өз өздерін бағалайды.Тапсырма 3 «Аяқталмаған сөйлем»
1. Егер баланы үнемі сынап отырса.... (оқуға құлқы болмайды.)
2. Балаға үнемі күлсе.... (бұйығы болып өседі)
3. Баланы қолдап отырса....(өз қадірі үшін оқиды)
4. Бала төзімділікте өссе....(адал болып жетіледі.)
5. Бала қауіпсіз жағдайда өссе... (ол адамға сеніммен қарайды)
6. Бала кекшілдікте өссе..."қатыгез болып өседі!
7. Бала адалтықта өссе ...... (адал болып жетіледі)
8. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе ..... (бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді) Рефлексия
(3 мин )
1.Бүгінгі өткен жиналыстан алған әсерлеріңіз. (қызыл түс)
2. Маған айтар ұсыныстарыңыз.(сары)
3. Өз балаларыңызға деген тілектеріңіз.
(жасыл) Стикерге өз көңіл-күйлерін бейнелейді және сабақтан алған әсері туралы пікірлерін стикерлерге шартты түстер бойынша жазып "Арман ағашы" на жапсырады.