Ашы? саба? Д?мді ?лтты? та?амдар
Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық қартасы.10.02.16.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала : Сурет салу , Мүсіндеу
Тақырыбы: Дәмді ұлттық тағамдар
Мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы мәлімет бере отырып , адам денсаулығына пайдасын түсіндіру . Сурет салу мен мүсіндеудің әдіс - тәсілдерін меңгерту. Ұжымдық жұмыс жасау жағдыларын қалыптастыру .
Билингвальдық компоненті: ет - мясо , нан – хлеб , сүт – молоко .
құрт – курт , май - масло .
Пайдаланатын технологиялар : Ақпараттық - ТСО пайдалану .
Ойын технологиясы . Проблемалық оқыту технологиясы .
Ертегі терапиясы . Денсаулық сақтау технологиясы .
Іс -әрекет кезеңі Тәрбиешінің ic - әрекеті Балалардың іc-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Тәрбиеші ортаға шығып Дара оның досы Ботиды балаларға таныстырады. –сәлем – неллоу менің атым Дара .Боти менің жақын досым танысып қойыңдар. Балалармен бірге саяхатқа шығуға шақырады. Танысады .
Саяхатқа қуана келіседі .
Ұйымдастырушылық
ізденіс -Балалар біз денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек ?
-қане жаттығудың бірнеше түрін жасап көрейікші .
-дұрыс айтасыңдар біз де тамақ ішкенді жақсы көреміз . Біздің сүйікті асымыз қазақтың ұлттық тағамдары .Дараның анасы бізге тамақ пісіріп дайындап кеткен еді Біз оған қалай тез және төте жолмен бара аламыз ? Оны білу үшін бізге не керек ?
-Әрине карта
-Ендеше карта , карта , карта деп үш реп дауыстап айтайық .
Карта :
-Мен картамын , мен картамын
Сендерге төте жолды тауып беремін , ол үшін алдымыздан сиқырлы экран кездеседі содан қазақтың ұлттық тағамдарын көресіңдер соны дұрыс атасаңдар, алдарыңнан ғажайып .....асу .....
шығады сол жердегі тапсырманы толық орындасаңдар Дараның анасының үйі шығады .
Бәрі сәл алға жүреді .
Дара : Балалар бізге екі жол көрінді біреуі тар біреуі кең жол енді қайсысымен жүреміз .
- О, о міне сиқырлы экранға да жақындадық мына суреттерді атап қалай жасалатынын бірге табайық . Сиқырлы сағатқа тоқталып жыл мезгілін атап өту.Егер ұлттық тағамдарды үнемі пайдалансақ жылдың әр мезгілінде денсаулығымыз жақсы болады .
слайдтан қазақтың ұлттық тағамдары көрсетіледі .
Билингвальдық компонент :
ет - мясо , сүт – молоко , нан – хлеб , құрт - курт, май – масло .
Бәрі алға қарай тағы жүреді .
Дара : - балалар тоқтаңдар бірдеңенің дыбысы шығады. Алдарынан алаяқ түлкі кездеседі.
Дара : -Балалар бұл алаяқ түлкі емеспе ? ол біздің ғажайып асудағы .... бізге керекті заттарды ұрлап жатыр тезірек тоқтатайық .
Түлкі : - қап қырсығын - ай жолым болмады ғой .
/қашып кетеді /
Дара : - Жарайсыңдар балалар алаяқ түлкіні тоқтаттық .Енді мына жердегі тапсырмаларды орындайық .
1.тапсырма
Дид / ойын «Кім жылдам ».
Мақсаты : берілген әртүрлі пішіндерден екі топ үй оның ішіндегі жиһаздарды үстел үстін жылдам құрастыру керек .
2.тапсырма Сурет салудың, мүсіндеудің дәстүрден тыс әдіс тәсілдері түсіндіріледі .
Бірақ мына жерде бізге керекті қолымызды сүртетін сүрткішіміз жоқ манағы алаяқ түлкі қағып кеткен ғой .Не істесек екен?
Дұрыс айтасыңдар балалар біздің қасымызда жолдорба бар екен ғой.
Жолдорба : -бәк , бәк жолдорба, бәк бәк жолдарба .Кезекті сапарға шыққанда , көп заттың қажетін ұққанда , аламын саламын киіміңді , басқа да саламын бұйымыңды иә , иә ./- сөмкесінен сүрткіш пен тақтайшаны алып береді . /
Балалардың өзіндік ұжымдық жұмыстары .
Кім бауырсақ жайлы тақпақ біледі .
Балалардың жасаған жұмыстарын қадағалып жақсы жасалғанын атап өтеді . Дара мен Боти алға қарай жүру үшін :
-командлезгоу - жүріңдер
Бірге барайық , қане жүріңдер
Мақсатымызға жетеміз , біз енді қайда барамыз - деп үш рет шапалақ ұрады .
Үйдің қасында ағаштың түбінде алаяқ түлкіге кездеседі .
-ұсталдың ба түлкі , не істеп жүрсің бұл жерде .
Түлкі – кешіріңдер балалар , Дара, Боти иә , мана мен сендерге қажетті заттарыңды ұрлап кеттім, бірақ бұл ісімнің дұрыс емес екенін енді білдім , мен де сендермен дос болғым келеді , және мына жерден дәмді тағамдардың иісі шығып тұр .Мен де сендермен тамақ ішкім келеді мені кешіріңдерші , енді ештеңе ұрламай тәртіпті болып жүремін .
Балалар кешіреміз бе ?
Үйге кіріп тәтті тағамдарды көрсетіп енді жеуге болатынын айтады .
Жаттығулар жасаумыз керек .Тамақты көп ішу қажет .
3 – 4 қимылдар жасайды .
Карта
Карта , карта , карта .
Мұқият тыңдайды
Кең жолмен
Ет , құрт , май , сүт , жент , ірімшік тб .
Қосылып қайталайды
Алаяқ түлкі ұрлама , алаяқ түлкі ұрлама , алаяқ түлкі ұрлама .
Түрлі түсті кубиктардан үй , дастархан , оның үстіне тағамдар орналастырады .
Біздің арамызда жолдорба бар .
Барлық құралдарды пайдаланып жұмыс жасайды .
Айлана : Анам маған пісірген, қызыл күрең бауырсақ шықпай қояр түсімнен , біраз жемей сағынсақ .
Достарына еріп , шапалақ ұрады
Неге отырғанын біледі .
Кешіреміз .
Қуанады .
Рефлекстік түзету Осы үйге жеткенге дейінгі оқиғаларды рет – ретімен сұрап шығады .
Саяхаттан алған әсерлерін әңгімелеулерін өтінеді .
Саяхатшы Дара мульфильмінен үзінді көруге шақырады .
Сиқырлы экранды көрдік .
Алаяқ түлкіні кездестірдік. Тапсырманы орындадық. Дарамен саяхатқа шыққан өте ұнады .
Қызыға көреді .
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді : Ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдасын түсіне білді .
Меңгереді:Ұлттық тағамдардың құрамын қалай дайындалатынын меңгерді .
Қолданады : ұжымдық жұмыс жасауда дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерін қолданды .
Тәрбиеші : Қайралапова Қ.Ш.