Саба? жоспары ?МЖ информатика п?нінен Есептеуіш техниканы? даму тарихы (6 сынып)
Сабақ
6 сабақ Сабақ өтілетін күні 14.10.2015 Сыныбы:
6 сынып Барлық оқушы саны:12
Қатысқаны: 12
Сілтеме Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар
Сабақ
тақырыбы Есептеу техникасының даму тарихы
Жалпы мақсаттар Компьютердің даму кезеңдерімен танысады. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады.
Түйінді идеялар Дербес компьютердің дамуы, олардың түрлері
Әдіс-
тәсілдер Топпен, жекелей, миға шабуыл, сұрақты қағып ал, ойлан жауап бер, өзін-өзі бағалау, кері байланыс
Көрнекілік-тер Үлестірмелі тапсырма мен конверттер,доп, проектілі тақта, постерлер
Дереккөз-
Дер Оқулық, дидактикалық материалдар
Оқыту нәтижелері Есептеу техникасының даму тарихымен танысады.
Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседі
Өз ойын қорғай алады
Шығармашылықпен жұмыс істей алады
Сабақ барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері
1-кезең
Қызығу-шылықты ояту 5 мин «Серпілісті сауал» ойыны. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Жауап бере алмаса, басқа балалар көмекке келеді.
Вирус дегеніміз не?
Қалай ойлайсың вирустар қайдан жұғады?
Зақымданудың алдын алу ережелері
Мұрағаттау дегеніміз не?
Қандай мұрағаттаушы программаларды білесің?
Оқушылар допты қағып алып, сұраққа шапшаң жауап береді. Жауап беруге қиналса, басқа топ мүшелеріне допты лақтырады.
2- кезең
Мағынаны ажырату 20 мин Жаңа сабақтың мақсаты.
Оқушыларға «Сендердің ата-әжелерің компьютерді пайдалана ала ма?»,
«Ерте кезде компьютер болды ма?»
«Есептеу техникасы туралы не білесің?»деген проблемалық сұрақтар қою арқылы мақсатын анықтау.
Жаңа тақырып туралы мағлұмат беру (слайд көрсету)
Сергіту сәт
Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақтың мақсатын өздері алып шығады.
Оқушылар тыңдайды, көреді. Мағлұмат алады.
Жаттығуды орындап көңілдері көтеріледі.
3- кезең
Ой толғаныс: 5 мин Практикалық тапсырмалар беру Тапсырмалар орындайды.
Сабақты бекіту. 5 мин Сұрақтар қойылады.
1)Есептеу құралы қалай аталады? (Арифмометр)
2) Есептеу құралы қалай аталады? (Абак)
3) 1642 жылы «Паскалин» деп аталатын
есептеуіш машинаны жасаған кім?(Блез Паскаль)
4) Есептеу құралы қалай аталады? (Паскалин)
5) Алдын ала берілген программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның авторы кім?
Сұрақтарға жауап береді.
Үй тапсырмасы 1 мин «Болашақтағы компьютер» тақырыбында эссе жазып келу. Бағалау 2 мин Бағалау парақтары бойынша қорытынды баға шығару. Бағалау парақтарын тапсырады
Рефлексия 3 мин Сабақ туралы оқушы ой- пікірімен, ұсынысымен бөліседі. Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі, өз ойларын айтады.