Есептеуіш техникасыны? даму тарихы 6 сынып


Күні: 12.10.2016ж
Сыныбы: 6 “Ә»
Мұғалімі: Далибаев Қ
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ буындары.
Сабақтың мақсаты: Есептеуіш техниканың тарихы мен буындары туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті: 1. Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы туралы түсінік беру;
2. Есептеуіш техникасының даму тарихымен таныстыру;
3. Өз ойын еркін жеткізуге ықпал жасау;
Күтілетін нәтиже:1. Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы туралы түсінік қалыптасады;
2. Есептеуіш техникасының даму тарихын оқып біледі;
3. Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады;
Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, Ақпараттық –коммуникациялық технологиясы.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Пән аралық байланыс: Тарих
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, проектор, плакат, дәптер, оқулық, кері
әсер парағы, слайдтар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеру;
2. Ойын картасы арқылы 2 топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үш қадамды сұхбат әдісі арқылы сұрау?
1. Ақпараттарды сығудың неше түрі бар?
2. Архив дегеніміз не?
3. Архиватор программасы дегеніміз не?
4. Архивтеу дегеніміз не?
5. Архивтен шығару дегеніміз не?
6. Қандай архиватор программасын білесіңдер?
ІІІ. Қызығушылықты ояту (5 мин)
Оқушылардан Алғашқы есептеуіш техниканы қалай түсінетінін сұрау? Есептеуіш техникаға түсінік беру.
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.
IV. Мағынаны тану. Джигсо әдісі
Тапсырма:
І топ: «Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы»
Есептеуіш техниканың даму тарихы
♦ Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында болған.
♦ Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған.
♦ 17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін қүрды.
♦ 1761 ж. Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.
♦ 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
♦ 1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды. Есептеуіш техниканың даму XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
♦1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматттың авторы Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
♦ Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
♦ XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлериат есепші- перфарациялық машинасын құрды. Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды.
ІІ топ: Компьютердің атасы деп кімді айтқан? Және қай жылы жасалған? (Ч.Бэббидж, 1833 жылы)
ІІ топ: «ЭЕМ буындары»
Холлериат есепші-перфорациялык маишнаны жасайтын фирманың негізін қалады. ІВМ фирмасына айналды.
♦ 1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.
Электронды есептеуіш машиналар.
♦ Бірінші электрондық машина 1946 жылы Пенсильван университетінде ЕNIАС деп аталды, 1949 жылы EDSАС машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында - бірінші электрондық машина ЕNIАС, EDSАС машиналары болды. 1940-1955 жылдар.
Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады.
Үшінші буынға - интегралдық негізде құрылған ЭЕМ-дер.
Қазіргі кезегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
І топ: Бірінші электронды машина қалай аталды? Және қай жылы жасалды? (ENIAC, 1946ж
2 – тапсырма: (5 мин)
Не? Қайда? Қашан? Кестені толтыру.
№ Не? Қайда? Қашан?
1 Қол саусақтары, тастар, белгілеулер, түйіншіктер 2 Абак 3 Паскаль машинасы 4 Арифмометр 5 Логарифмдік сызғыш 6 Аналитикалық машина 7 Бэббидждің машинасына арналған бағдарлама 8 Есепші –перфорациялық машина 9 «Марк-1»электро-механикалық машинасы Жауабы:
№ Не? Қайда? Қашан?
1 Қол саусақтары, тастар, белгілеулер,түйіншіктер Барлық жерде? Көне заманда
2 Абак Ежелгі қытай н/е Египетте 2000-5000 жыл бұрын
3 Паскаль машинасы Франция
Блез Паскаль 1642ж
4 Арифмометр Германия
Лейбниц 1694 ж
5 Логарифмдік сызғыш Англия
Робертсон 1761ж
6 Аналитикалық машина Англия
Чарльз Бәббидж 1833ж
7 Бәббидждің машинасына арналған бағдарлама Англия
Ада Лавлейс 1846ж
8 Есепші –перфорациялық машина Герман Холлерит Америка ХІХ ғасырдың аяғы
9 «Марк-1»электро-механикалық машинасы Америка
Говард Айкен 1944ж
3 – тапсырма: (2 мин)
Сәйкестендіру тапсырмасы(ЭЕМ –ның негізгі элементтік базасына қандай негізгі сипаттама сәйкес келетінін көрсет).
Өлшемі кішірек, элетроэнергиясын азырақ жұмсайды,жылдамдығы-секундына мыңдаған операция.
Электрондық шамдар
Үлкен жад, жоғары жылдамдық, өлшемі шағын, жоғары деңгейдегі бағдарлама тілдер.
Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20000
Микро-процессорлар
Интегралдық схемалар
Жартылай өткізгіштер,транзисторлар
Үлкен жад, жылдамдығы секундына мыңдаған операция,магниттік дискілер

Жауабы: Өлшемі кішірек, элетроэнергиясын азырақ жұмсайды,жылдамдығы-секундына мыңдаған операция.
Электрондық шамдар
Үлкен жад, жоғары жылдамдық, өлшемі шағын, жоғары деңгейдегі бағдарлама тілдер.
Жылдамдығы төмен, абажадай, енгізу үшін перфокарталар қолданылған бағдарламалар машина командаларының тілінде құрылған, санау жылдамдығы секундына 20000 операция.
Микро-процессорлар
Интегралдық схемалар
Жартылай өткізгіштер,транзисторлар
Үлкен жад, жылдамдығы секундына мыңдаған операция,магниттік дискілер

V. Сабақты бекіту: (2 мин)
Карточкалармен жұмыс
І топ:

ІІ топ:

VI. Үйге тапсырма:
1) ЕТ даму тарихына байланысты «Сөзжұмбақ» құрастыру.
VІI. Бағалау
Сабақ барысындағы көңіл-күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады.
Өз-өзін бағалау Топбасшы бағалау Мұғалім