Саба? жоспары математика п?нінен Жазы?ты?та?ы тік б?рышты координаталар ж?йесі 6 класс
Сынып: 6а, пән: математика, өткізу күні: 28.02.2011 жыл
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі
Сабақтың мақсаттары:
Біліктілік: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесіне нүктелерді орна-ластыру, графиктер, центрлік және осьтік симметрия тақырыптарынан алған білім деңгейін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық, қызығушылық іскерліктерін координаталық жазықтыққа байланысты тапсырмаларды орындау арқылы арттыру;
Тәрбиешілік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жинақтылыққа тәрбиелеу
Міндеттері: Координаттық жүйеде нүктелердің орның табу;
Координаталық жүйеде орналасқан нүктелерді ширектерге жіктеу;
Координаталық жүйеде берілген фигураның белгісіз нүктесінің координатасын табу;
Фигураның ауданың табу;
Графиктегі мәндерін оқу;
Фигураның координаталық жазықтықта осьтік және центрлік симметриясын табу.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бағалау парағы, арнай практикалық тапсырмалар парағы, Activote (тестілеу құралы)
Сабақтың типі: Білім-дағдыны қалыптастыру
Сабақтың формасы: Фронталды, даралау
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың жоспары;
І.
ІІ.
ІІІ.
ІV.
V.
VІ.
VІІ. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Сабақ мотивациясы (3 мин)
Практикалық тапсырмалар
Сергіту сәті
Тест
Рефлексия
Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақ мотивациясы
Интерактивті тақтамен жұмыс (оқушылар бір-бірден тақтаға шығады)
282892543180
№1. Мына нүктелердің координа-таларын тап:
А(2;4), В(0;-1), С(-3;0), D(4;1).
E(-2;-4), F(4;0), G(-5;5), H(-5;2). J(0;5), I(3;-4), K(5;4), L(-5;-5),
M(-4;3). N(0;2)
Интерактивті тақтамен жұмыс (оқушылар бір-бірден тақтаға шығады)
288607510795№2. Мына нүктелердің қайсысы қай ширекте орналасқаның тауып орындарына тасымалдау
ІІІ. Практикалық тапсырмалар
1-деңгей
1-нұсқа 2-нұсқа
Мына нүктелерді координаттық жазықтыққа орналастыр: A(-4;2), B(2;2), C(2,-3), D(х;у).
а) D(х;у) нүктесінің «х» пен «у»-ін мәндерін тап.
ә) А мен В-ні түзумен қос, В мен С-ні түзумен қос, С мен D-ні түзумен қос, А мен D-ні түзумен қос.
б) Пайда болған тіктөртбұрыштың ауданың тап Мына нүктелерді координаттық жазықтыққа орналастыр: A(-4;2), B(х;у), C(2,-3), D(-4;-3).
а) В(х;у) нүктесінің «х» пен «у»-ін мәндерін тап.
ә) А мен В-ні түзумен қос, В мен С-ні түзумен қос, С мен D-ні түзумен қос, А мен D-ні түзумен қос.
б) Пайда болған тіктөртбұрыштың ауданың тап
2-деңгей
1-нұсқа 2-нұсқа
а) жоғарыдағы график бойынша мына кестені толтыр
t 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 22 24
0С ә) ең жоғарғы температураны анықта;
б) қай уақытта ең жоғарғы температура көрсетілді;
в) ең төменгі температураны анықта;
г) қай уақытта ең төменгі температура көрсетілді а) жоғарыдағы график бойынша мына кестені толтыр
t 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 22 24
0С ә) ең жоғарғы температураны анықта;
б) қай уақытта ең жоғарғы температура көрсетілді;
в) ең төменгі температураны анықта;
г) қай уақытта ең төменгі температура көрсетілді
3-деңгей
1-нұсқа 2-нұсқа
Координаталық жүйесінде берілген фигураның:
а) координаталық басы (центрлік) арқылы;
ә) Ох (абцисса) арқылы симметрисын сал. Координаталық жүйесінде берілген фигураның:
а) координаталық басы (центрлік) арқылы;
ә) Ох (абцисса) арқылы симметрисын сал.
ІV. Сергіту сәті
V. Тест
Activote (тестілеу құралы) арқылы тест
№1. ҚАЙ ШИРЕКТЕРДЕ АБЦИССАСЫНЫҢ ОҢ МӘНДІ БОЛАДЫ?
A) І мен ІІ ширектерде
B) ІІ мен ІІІ ширектерде
C) ІІІ мен ІV ширектерде
D) ІV мен І ширектерде *
№2. ҚАЙ ШИРЕКТЕРДЕ ОРДИНАТАНЫҢ ТЕРІС МӘНДІ БОЛАДЫ?
A) І мен ІІ ширектерде
B) ІІ мен ІІІ ширектерде
C) ІІІ мен VІ ширектерде *
D) VІ мен І ширектерде
№3. ҚАЙ ШЕРЕКТЕРДЕ АБЦИССА МЕН ОРДИНАТАНЫҢ ТАҢБАЛАРЫ БІРДЕЙ БОЛАДЫ?
A) І мен ІІІ ширектерде *
B) ІІ мен VІ ширектерде
C) ІІІ мен VІ ширектерде
D) VІ мен І ширектерде
№4. ЕКІ ОСЬТІҢ ҚИЫЛЫСУ НҮКТЕСІН НЕ ДЕП АТАЛАДЫ?
A) абцисса
B) ордината
C) координаталар бас нүктесі *
D) координата
№5. ( - 1; - 6) НҮКТЕСІ ҚАЙ ШИРЕКТЕ ОРНАЛАСҚАН
A) І
B) ІІ
C) ІІІ *
D) VІ
№6. VІ ШИРЕКТЕГІ «Х» ПЕН «Y» МӘНІҢ ТАП
A) х < 0, у > 0
B) х < 0, у < 0
C) х > 0, у < 0 *
D) х > 0, у > 0
№7. (0,6) НҮКТЕСІ КООРДИНАТАЛАР БАС НҮКТЕСІНЕН НЕШЕ БІРЛІККЕ ТЕҢ?
A) 4
B) 5
C) 6 *
D) 7
№8. ТІК БҰРЫШТЫ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ НЕШЕ ШИРЕГІ БАР
A) 3
B) 4 *
C) 5
D) 6
VІ. Рефлексия
Не ұнады?
Не ұнамады?
Нені еске түсірдік?
VІІ. Үй тапсырмасы
№1131, 1183, 1200