Координаталы? жазы?ты?.Тік б?рышты координаталар ж?йесі


Пәні:Математика. Сыныбы:6.
Сабақтың тақырыбы:Координаталық жазықтық.Тік бұрышты координаталар жүйесі.
Сабақтың білімділік мақсаты: Координаталық жазықтық, координаталық осьтері туралы түсінік беру.Координаталық жазықтықта координаталары берілген нүктелерді сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Логикалық ой-өрісін,жазу, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін,дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Ұғымталдыққа,дәлдікке,ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, іскерлікке,нәтиже алуға баулу.
Пәнаралық байланыс:тарих,информатика,қазақ тілі,география.
Түрі:жаңа тақырыпты меңгеру. /слайд/
Әдісі:сұрақ-жауап,жеке,ұжымдық,топтық жұмыс.
Көрнекіліктер:проектор,слайдтар,карточкалар.
Күтілетін нәтиже:Білімдерін көтеру,дұрыс шешім қабылдау,ұқыпты болу.
Жоспар:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Қайталау сұрақтары «Білім шыңы».
4.Жаңа тақырыпты меңгерту.
5.Оқулықпен жұмыс.
7.Сергіту сәті.
8.Деңгейлік тапсырмалар.
9.Тестік тапсырмалар.
10.Үй тапсырмасы.
11.Бағалау.
І.Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.
ІІ.Үйтапсырмасы №1112 есеп.Топ жетекшілерінің есебі.
ІІІ. «Білім шыңы» ойыны.(Баспалдақтағы қайталау сұрақтары бойынша жазықтықтағы түзулерді топтастыру).
1.Екі түзу қалай қиылысады.
2.Вертикаль бұрыштар.
3.Жазыңқы бұрыштар.
4.Перпендикуляр түзулер.
5. Перпендикуляр түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі.
6.Тік бұрыш неше градус.
7.Паралель түзулер.
8.Қандай жағдайда түзулер тік бұрыш жасап қиылысады.
ІV.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сұрақ:1.Координаталық түзу.
2.Координаталық түзуде нүктені анықтау.
Екі нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір сан жеткіліксіз. Мысалы, оқушының отырған партасы 1-ші қатардағы 2-ші парта.Карта бойынша әр қаланың жер бетіндегі орнын анықтау. Мысалы,Астана қаласы 51градус солтүстік ендікте,72 градус шығыс бойлықта,сол сияқты облыс орталығы Өскемен қаласы 50 градус солтүстік ендікте,85 градус шығыс бойлықта орналасқан.Ендеше нүктенің жазықтықтағы орны екі санмен анықталады.
Тік бұрышты координаталар жүйесі француз философы, әрі математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталық жүйесі деп аталады.Рене Декарт 1937ж координаталық түзуді еңгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.
V. Оқулықпен жұмыс. №1124,1126,1128,1136
VІ.Сергіту сәті.Оқушылар берілген сұрақтарға жауабы дұрыс болса,қолдарын жоғары көтереді,дұрыс емес болса алға созады.
VІІ.Балдық жүйедегі деңгейлік тапсырмалар.(10 балл,20 балл, 30 балл)
VІІІ.Тест тапсырмаларын орындау.Топ жетекшілері тексереді.
Ұйге тапсырма. №1125 . Берілген нүктелер бойынша сурет салу.
Оқушы білімін бағалау.Қорытындылау.