Математика саба?ы Координаталы? жазы?ты?. Тікб?рышты координаталар ж?йе
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйе.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын таба білу, координаталары берілген нүктені координаталық жазықтықта сала білу дағдысын қалыптастыру. 2.Дамытушылық: 1)Суреттер бойынша нысананы көздей отырып, нүктелердің координатын табу және оны жаза білуге дағдыландыру. 2)Есептер шығарта отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау қасиеттерін дамыту. 3.Тәрбиелілігі: Әдемі суреттер сала отырып, эстетикалық тәрбие беру. Шыдамдылыққа, дәлдікке үйрету. Сабақтың көрнекілігі: Презентация, мультимедиялық тақта, компьютердегі слайдтар, үлестірмелі карточкалар. Сабақтың типі: кіріктірілген (интегрированный) сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Шеңберге тұрып бір-біріне тілек айту. Сабақ тақырыбын айтып, сабақтың мақсатын анықтау. 2. Негізгі кезеңі. І бөлім. Теориялық білімді тексеру:
- Параллель түзулер дегеніміз не?
- Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
- Қиылысатын екі түзудің ортақ неше нүктесі болады?
- Перпендикуляр түзулер дегеніміз не? II бөлім. Жаңа сабақ түсіндіруИнформатика сабағының мұғалімі. Компьютермен жұмыс.
Нүкте координаталық түзуде бір ғана санмен координатасымен анықталатынын білеміз. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренейік.
MS Word бағдарламасын ашыңыз. Кіреміз МЕНЮ жолындағы ВИД- сетка деген сөздің қасына ν белгішесін қөямыз, сонда парақта дәптер беті болып шығатын бейне пайда болады. Екі бағыты бар перпендикуляр түзулер саламыз.ВСТАВКА - ФИГУРЫ , таңдаймыз линии Оның қалындығын (толщина) 2,25 пт деп белгілейміз. Қиылысу нүктесін О деп белгілейміз.
Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тікбұрышты координаталар жүйесін құрайды.
Тікбұрышты координаталаржүйесі француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады. Тікбұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады. Горизонталь сызылған
Координаталық түзу абсциссалар (Ох) осі деп, вертикаль сызылған координаталық түзу ординаталар (Оу) осі деп аталады. Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп те атайды.
Координаталары бойынша нүктені белгілеу. (слайд бойынша түсіндіру) Осы шыққан тікбұрышты координаталар жүйесінде нүкте белгілейік. Мысалы: А(2;3) Х осінде 2 торкөз , У осінде 3 торкөз санап, олардың қиылысу нүктесін табамыз. Сол берілген А нүктесі болады.
Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.
Енді нүктелерді белгілейік. ( бірнеше координаталары бар нүктелерді компьютерде белгілейді)
Оқушылар орындарына отырады.
Математика сабағының мұғалімі:Координаталық жазықтықта А нүктесінің координаталарын табу үшін
1.А нүктесінен абсциссалар осіне перпендикуляр түсіріп, оның Ох осімен қиылысу нүктесінің координатасын табу керек. Сол А нүктесінің HYPERLINK "http://kz3.fatwords.org/safia/azirgi-kezdegi-nanotehnologiyani-mikrotehnologiyalarmen-salist/main.html"абсциссасы болады;
2.А нүктесінен ординаталар осіне перпендикуляр түсіріп, оның Оу осімен қиылысу нүктесінің координатасын табу керек. Сол А нүктесінің ординатасы болады.
Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширектер деп атайды.
Ширектердің рет саны сағат тілінің қозғалыс бағытына қарсы бағытта анықталады. Алдымен әрбір ширектегі абсциссалардың таңбалары , содан соң ординаталардың таңбалары жақшалардың ішінде көрсетіледі.
ІІІ бөлім. Сергіту сәті.ІV бөлім. Бекіту
№1125
Координаталық жазықтықтан:А(-2, 4). В(-1, -3), С(-1, 5), Д(1, -З), Е(-5, 2), К(0, -1) нүктелерін табыңдар.№1136
Ұштарының координаталары бойынша AB, CD және EF кесінділерін сызыңдар:
А(3, 1), В(-3, 3), С(-2, -3), Д(4, -1), Е(1, 3), F(3, -4).
№1137
Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша:
1)үшбұрышты салыңдар: A(-3, -1); B(2; 4) және C(6; -2);
2) тік төртбұрышты салыңдар: A(-2; -2), B(-2; 1), C(4; 1), D( 4; -2).
Дарынды оқушыларға тапсырма
V. Тест тапсырмалары 1.Координаталар жүйесі қалай құрылады? А) Параллель екі координаталық түзуден К) Перпендикуляр екі координаталық түзуден Н) Нүктелерден 2. Горизанталь сызылған координаталық түзу қалай аталады? Р) Ордината Т) Перпендикуляр О) Абсцисса 3. Вертикаль сызылған координаталық түзу қалай аталады? О) Ордината А) Абсцисса Р) Координата 4. (-4; 3 ) қай ширектегі нүкте? Ә) І ширек; Р) ІІ ширек; Р) ІV ширек 5. Өзара қиылыспайтын түзулер? Д) параллель; Р)перпендикуляр; І) сәуле 6. (0; -5) нүктесі қай оське тиісті? І) Абсцисса; И) Ордината; Р) Білмеймін 7. М(2; -3) К (-1; 2) қандай фигура шығады? Л) Түзу; Н) Кесінді; Р) Сәуле 8. Тікбұрышты координаталар жүйесін ашқан ғалым? Х) Карл Гаусс; Б) Әл-Фараби; А) Рене Декарт 9. Координаталар басы деп нені айтамыз? Ә) Абсциссалар осін; Р) Ординаталар осін; Т) абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесі10.Тік бұрыш неше градусқа тең?А) 90; В)180; С)360
- Кім дұрыс шағарды олардың жауабы: КООРДИНАТА деген сөз шығуға тиіс.
VI. Бағалау.Сабаққа қатысып отырған оқушылардың білімдерін бағалау. Бағалау парағы бойынша
VII. Үйге жұмыс: §49 №358, №359
VIII. Рефлексия. БЕС ЖОЛ ӨЛЕН