?зін-?зі тану .Та?ырыбы: К??іл к?йімізді бас?ара білейік


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық білім бөлімі» ММ
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Өзін - өзі тану.
Тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейік.2 «Ж»сынып

Сынып жетекшісі:Абылова Г.К
Семей қаласы
2 «Ж»сыныпқа арналған сабақ жоспары Пәні: Өзін-өзі тануСабақтың тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейікСабақтың мақсаты мен міндеттері:Білімділік: : «Махаббат», «бақыт», адамгершілік құндылықтары туралы түсінік терін кеңейту,жағымды қарым –қатынастар туралы түсінік беру.
Дамытушылық:өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік:ұстамдылыққа, сабырлылыққа, ризашылыққа. тәрбиелеу.
Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру: Басты құзіреттіліктер: құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдылық, тұлғалық өзін-өзі дамыту.
Негізгі құзіреттіліктер: табиғаттанушылық, денсаулық сақтау, жан-жақты мәдениеттілік.
Құрал-жабдықтар: Әр түрлі көңіл күйді білдіретін суреттер.Сабақ түрі: Жана сабақОқыту әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру,баяндау, әңгімелеу, талдау. Қолданылған жұмыс формалары: әңгіме, оқулықпен жұмыс.
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері

Әңгімелесу
Ойын
Мәтінмен жұмыс
Сергіту сәті
Жаңа ақпарат
Тапсырма
Қорытынды
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
Жүректен жүрекке Оқушылардың назарларын аудару.
«Шаттық шеңберін » құрып, сәлемдеседі. Өлең шумақтарын бәрі қосылып бірге айтады.
Кел, балалар, күлейік Ө.Тұрманжанов
Кел, балалар, күлейік ! Күлкі көңіл ашады,
Күлкіменнен түлейік! Күліп өмір сүрейік.
Қабақ түйген не керек? Кел, балалар, күлейік !
Күлкіменнен түлейік!
Көңілді болып жүрейік. Күлкімізді күн қылып,
Кел, балалар, күлейік ! Гүл өссін деп тілейік.
Күлкіменнен түлейік!
Әңгімелесудің мақсаты-оқушылардың жағымды көңіл күй, ұстамды болу және иәр түрлі жағдайларда өзін ұстай білу туралы ойларын тыңдап өміріндегі мәнін түсіндіру
-Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
-Адамдардың көңіл күйлері сендерге қалай әсер етеді?
«Бос қайық»әңгімесін оқушыларға оқыту
-Аңызда адамның қандай көңіл күйі сөз болады?
-Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?
Мұғалім мәтіндегі негізгі ойды білдіртетін: «Мен көзімді ашып, менің мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен.» «... өз ашуымен бетпе –бет қалдым» немесе «Бос қайық маған өмірлік сабақ болды.», деген сөздерге көңіл бөлдіртеді.
Оқулықта берілген «Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді» деген түйіндеу сөзбен танысады.
«Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап , қандай күйде тұрғанын әңгімелеп беру» тапсырылады.
-Балалар , біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге , айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.
Дәптерде мынадай тапсырма берілген:
Ребусты (орындық, сызғыш, айна, от, шаш суреттері берілген) шешу.
Дұрыс шешсендер мақал шығады. Мақалды оқыңдар жазыңдар. (Шешуі: «Орынсыз ашу- от шашу»).
Балалар шеңберге тұрып , бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып, өз көңіл күйі қандай екекнін сыныптастары алдында жария етеді. Мысалы. «Менің көңіл күйім көтеріңкі, өйткені жақсы көңіл күй әкеледі». Қажетті құрал-жабдықтарын дайындау.Шеңберге тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.Өлең шумақтарын бірге айтады..
Сұрақтарға жауап береді.
Балалардың жауаптары тыңдалады
Әңгімені іштей, тізбектей оқиды..
Балалардың жауаптары тыңдалады,
Қимыл қозғалыс жасайды.
Суреттерге қарап балалардың көңіл күйін ажыратып айтады..
Мұғалімнің түсіндірмесі
Ребусты шешіп ,дәптерге жазады.
Шеңбер құрып көңіл күйлері қандай екенін айтады.