?аза? ?лтты? мемлекетіні? ??рылуыны? ал?ышарттары. ?аза?стан тарихы (7 сынып)
822960-314961Тарих пәнінің мұғалімі: Қарабалаұлы Қайрат
Пәні: Қазақстан тарихы
Астана қаласы № 10 мектеп-гимназия
Педагогикалық өтілі: 9 жыл
Байланыс телефон: 87018311849., 87078025702.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары
Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 7 сынып
Сабақ реті: 46 сабақ
Күні: Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары
Сабақтың оқыту мақсаты: - Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және этникалық жағдайымен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
- Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен тарихи факторларды салыстыра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;
- Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отаның сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сілтеме, пайдаланған әдебиеттер: 7 сынып Қазақстан тарихы оқулығы
Оқыту нәтижелері: Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен тарихи факторларды салыстыра отырып, оқушылар өз бетінше қорытынды жасауға дағдыланады.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтастыру, «Кім жылдам?», «Деңгейлік тапсырмалар», «ИНСЕРТ» стратегиясы, ОүБ.
Сабақтың ресурстары Сабақ жоспары, интерактивті тақта, жетондар, стикер, бағалау парақтары.
Модульді кіріктіру СТО, ОүБ, диалогтік оқыту, АКТ.
Күтілетін нәтиже: А Ерекшелігі өзімен-өзі жеке жұмыс істегенді жақсы көреді. Мен бұл оқушыны білімімен бөлісуі үшін топта басқалармен бірлесіп жұмыс істеу деңгейіне жеткізгім келеді және тарих сабағында бағалау процесіне көбірек араластыру.
В Оқушы белсенділігі орташа, сабақ сұрасаң ғана жауап береді, көп сөйлемейді, сумативті бағалануда ғана үлес қосады, осыған орай формативті бағалану туралы ойды қалыптастыру.
С Оқушы сабаққа немқұрайлы қарайды, түрлі сылтаулар айтады. Бағалау процесінде қызығушылығы төмен. Сол себепті қызығушылығын арттырып, әділ баға алуына көмек беру.
Блум таксономиясы, кезеңдер: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті: Сабақтың әдіс-тәсілі:
Ұйымдастыру
(2 минут) Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындық барысын қадағалау. «Қарлы кесек» ойынындағы бағыттаушы парақтары арқылы топқа бөлуді ұйымдастыру.
Сергіту сәті арқылы психологиялық жағымды ахуал тудыру. Берілген жетондар арқылы топқа бөлінеді.
Сергіту сәтін мұғаліммен бірге жасайды. Топқа бөлу
Білу
(5 минут) «Қызығушылықты ояту» үй тапсырмасы ретінде: «Кім жылдам?» әдісі, қисын және сыни сұрақтар қою (25 сұрақ). Жаңа сабақтың тақырыбың айқындап алу. Жауап берген оқушыларды тақтаға бір балдан беріп жазып қоямыз. Оқушылар 1 сұраққа 10 секундта жауап беру керек. Жұмсалатын уақыт 4 минут. «Кім жылдам?»
Түсіну
(10 минут) Жаңа сабақ
«Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары» бейнефильм, (2 минут).
«Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары» атты жоспарларды сандық ретпен топта бөліп оқиды. Кейін әр топтың мүшелері бір – біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бейнежазбаны көріп тамашалайды, жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды. Жаңа тақырыптың мазмұнымен таңысады. Бір – біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. АКТ- бейнефильм
«ҚАРЛЫ КЕСЕК» әдісі, түсіндіру жұмыстары
Қолдану-Талдау
( 18 минут) Деңгейлік тапсырмаларға жауап беру, орындау. Жинақтау
(3 минут) Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздерді «ИНСЕРТ» стратегиясына өз түсініктері бойынша жазып шығады. Тақырып мазмұнын есіне түсіріп, жаттап алады. «ИНСЕРТ» стратегиясы
Бағалау
(2 минут) Екі жұлдыз, бір тілек бойынша сабақты бағалайды. Стикер парақшалары
Рефлексия
(2 минут) Оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін ескеріп, жаңа сабаққа арналған 2 минуттық түсіндіру презентацияларын таңыстырып шығу. ОүБ
(2 минут) Топ жетекшілерінің бағалау парақтарына зер салу. ОүБ
Келесі сабаққа тапсырма
(1 минут) Екі жұлдыз, бір тілек ұсыныстарын ескеріп, топтағы оқушылар «Әссе» жазып келу, келесі параграф пен таңысу. Әссе жазу
Сабақтың соңы