Тарих п?нінен ашы? саба? ?аза? ханды?ыны? ??рылуы


510540-127000
Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл
«Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды»
Н.Ә. Назарбаев
Сабақтың тақырыбы:Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;2. Берілген тарихи құжаттарды оқу арқылы өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау ;3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер
Түрі: Топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І.Сәлемдесу. «Шаттық шеңберін» құру. Оқушылар бір-біріне ізгі тілектер айтады. Тілек «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толу мейрамына орай .........тілеймін» сөзімен басталуы керек деген шарт қойылады.
ІІ.Топқа оқушыларды бөлу.
-Биылғы жылғы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.
«Тәуелсіздік», «Ерлік», «Бірлік» топтарына бөлу. Әр топ өз тобының топ ережесін құрады.Топтар өз топтарының басшысын сайлап, бағалау парағы беріледі, мұғалім топбасшыларының міндетін түсіндіріп өтеді.
ІІІ. Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады.
1.Бейнеролик көрсету «Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ хандығы туралы сөзі».
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.Биылғы жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.
3. Әрбір топ өздері дайындап келген баяндамаларымен және презентацияларымен таныстырылады.
4.Топ мүшелері бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Бағалау «Бес саусақ» әдісімен бағалайды.
5.Мұғалімнің сөзі:- Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқы негізінде бірігуі арқылы 15-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендегсн қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешушi рөл атқарды.
6. Сұрақ – жауап. «Кубик лақтыру» ойыны ойналады. Әр топ кубиктің жағын таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа топ мүшелеріне стикерлер беріледі. Стикер саны бойынша ең көп сұраққа жауап берген топ анықталады.
1)Аңыз бойынша қазақ хандығының арғы атасы болып кім саналады? (Алаш)
2)Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім? (Жошы)
3)Қазақ хандығының іргесін қалаған алғашқы хандар (Керей мен Жәнібек)
4)Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды? (Батыс Жетісу жерінде)
5)Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? (Мұхаммед Хайдар Дулати)
6)Қасым ханның заңдары (Қасым ханның Қасқа жолы)
7)Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар (Есім ханның Ескі жолы)
8)Қазақ сөзінің мағынасы (бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді)
9)«Дарабоз» атанған батыр (Қабанбай)
4. Постер жасау. Тапсырма:
Тәуелсіздік тобына: Тәуелсіздіктің жұлдызды жылдары
Ерлік тобына: Ерлік сабақтастығы
Бірлік тобына: Қазақ
Топ мүшелері постерлерін қорғайды.
ІV. Бекіту.
«ББҮ» кестесі толтыру сұралады. «Білдім», «Білгім келеді», «Үйрендім»
Бағандары толтырылады.
V.Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек».