Мемлекетті? негізін салушылар — Керей мен Ж?нібек
Күні:
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің негізін салушылар - Керей мен Жәнібек.
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;
Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекеттерін негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: : баяндау, сұрақ – жауап, интерактивті, түсіндіру, әңгімелеу, пікір алысу, ойын элеметтерін пайдалану
Көрнекілігі: карта, үлестірмелі тапсырма, слайд, электронды оқлық, оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Мазмұның сұрау, үй тапсырмасын бекіту мақсатында сұрақтар қою.
Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?
Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?
Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?
Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?
Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.
Алғашқы қазақ хандығының аумағы
Халқының этникалық құрамы
Көрші елдермен қарым-қатынасы.
Жоспарға сүйене отырып ауызша түсіндіру.
Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді. Жәнібек пен Керей сұлтандарының билік жүргізу үшін Шыңғысханның ұрпақтарымен күресуі ру ақсақалдарымен бірге, қатардағы малшылар мен егіншілердің әр түрлі әлеуметтік топтарының да мүддесімен сай келді. Бұл жағдай тайпалардың дербес өз мемлекетін, қазақ хандығын құруға деген ұмтылысын айқын бейнелеп берді.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде, өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын басып, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек сұлтандардың басшылығымен Жетісу жерінде құрылмақ қазақ хандығының Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. хандықтарының мемлекеттік құрылымынан негізгі айырмашылығы – Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этикалық негіздерде шықты.
ХV ғасырдың орта шенінде қалыптасқан саяси – экономикалық, тарихи жағдайлар Батыс Жетісу жерінде феодалдық негіздегі Қазақ хандығының құрылуына алғышарт жасады.
Керей мен Жәнібек сұлтандар саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.
Моғолстан ханы Жәнібек Есен – бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен – бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын ттігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
Сабақты бекіту:
Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?
Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?
Қазақ хандығы қашан құрылды?
Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?
Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?
Қорытынды:
Білем Білдім Білгім келеді
Бағалау:
Үйге тапсырма: