Коучинг Саба? ?дерісінде о?ыту ?шін ба?алауды ?олдану жолдары


№42 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Балабекова Канзат Исаққызы
Коучинг тақырыбы: "Сабақ үдерісінде оқыту үшін бағалауды қолдану»
Жалпы мақсаты: "Мұғалімдерді білім беру процесіне оқыту үшін бағалауды енгізу арқылы қарым-қатынасты нығайту, "Оқуды бағалау"(суммативті бағалау) және "оқыту үшін бағалау" (формативті бағалау)туралы түсініктерін қалыптастыру, бағалаудың түрлерін үйрету ,тиімді жолдарына бағыттау
Оқу нәтижесі: Коуч сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарта алады, қалыптастырушы бағалар арқылы оқушыларды оқытуға жетелейді.Оқыту үшін бағалау құралдарын сабақта тиімді қолдана алады. Оқушыларға өзін-өзі бағалауды және бірін-бірі бағалауды үйретеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Түрлі-түсті маркерлер, Флипчарт,А-4 ақ түрлі -түсті қағаздар,стикерлер ,бейнероликтер мен презентациялар, бағалау парақшасы
Оқыту әдістері: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, пікірталас, миға шабуыл, "Ой бөлісу"«Ішкі,сыртқы шеңбер» «Дейін - кейін» стратегиясы,»Ой қозғау»
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
р/с Жұмыс кезеңдері Коучтың іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекетіУақыты
1 Психологиялық дайындық Көтеріңкі көңіл орнату үшін тренинг (бір-бірін бір затқа теңейді) Жағымды ахуал «Комплимент» ойынын ойнатады Коучингке қатысушылар қол ұстасып, шеңбер болып тұрады. Содан кейін көршісіне қарап, жағымды, мақтау сөздер айтады. Көршісі ризашылығын білдіріп, өзінің мақтауын келесі көршісіне айтады,осылайша шеңбер бойынша жалғаса береді. Шеңбер болып тұрып, Содан кейін көршісіне қарап, жағымды, мақтау сөздер айтады 3 мин
2 Топқа бөлу "Үй және тұрғындар» әдісі бойынша топқа бөлінеді. Араласып жүріп екі адам үй дегенде екі адам қолдарын жоғары көтеріп тұрады,Үй ішінде 2тұрғын дегенде үйдің астына кіреді. 3 мин
3 «Дейін - кейін» стратегиясы. «Дейін - кейін» стратегиясы. Қатысушылардың тақырып бойынша білім деңгейін формативті бағалау мақсатында, тақырып бойынша не білетінін жазуды сұрайды Қатысушылар А4 форматты қағаздың «дейін» бағанына формативті бағалаужәне сумативті бағалау туралы не білетінін жазады
3 мин
4 Сұрақ-жауап Мұғалімдерге сұрақ
Кімді бағалаймыз?
2. Нені бағалаймыз?
3.Қашан бағалаймыз?
4.Неліктен бағалаймыз?
5.Қайда бағалаймыз? Сұрақтарына жауапты «Ойлан жұптас,бөліс» әдісі бойынша жеке, жұппен, топпен талқыға салады.
5-ке оқитын оқушы мүмкін 4-ке оқитын шығар, сіз 4-ке оқитынын қайдан білдіңіз?
Сұрақтарға жауап береді 10 мин
5 Видиоролик көру,түсіндіру «Бағалау» туралы видиоролик көреді«оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау) туралы түсінік беру.«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс метафорасына тоқталу. Мұғалімдер видиорликті көреді, тыңдайды,пікірлеседі 12мин
6 Ой қозғау Мұғалімдер өз тобындағы әріптесіне түрлі-түсті қағаздан киім кигізеді. Бірнеше рет әріптесіне түрлі-түсті қағаздан киім кигізеді 20 мин
7 Сергіту сәті "Мен қазақпын" Әуенмен билеу Қимылды қайталайды. 2 мин
8 Постер қорғау «Жиынтық баға» дегенді
қалай түсінесіздер?
«Қалыптастырушы баға» дегенді қалай түсінесіздер?
"Қалыптастырушы баға" мен "жиынтық бағаның" айырмашылығы неде? флипчартқа түсіріп, талдап , постер арқылы қорғайды 15 мин
9
Пікірталас
«Опять двойка» туралы видиоролик көреді. Сұрақ «Мектептегі бес балдық бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу керек пе?» Өз ойларын дәлелдейді,пікірлерін айтады
7 мин
10 «Дейін - кейін» стратегиясы. «Дейін - кейін» стратегиясы. Коучингтің қаншалықты сәтті болғанын білу мақсатында А4 форматты қағаздың «кейін» бағанына формативті және сумативті бағалау туралы не білгенін жазуды сұрайды Қатысушылар А4 форматты қағаздың «кейін» бағанына формативті бағалау сумативті бағалау туралы не білгендерін жазады
5мин
11 "Ой бөлісу."«Ішкі,сыртқы шеңбер» «Ішкі,сыртқы шеңбер»әдісі арқылы бір-біріне бүгінгі сабақтан не үйренді ,сол бойынша өз ойларын айтады. Сағат тілімен айналып, бір-біріне бүгінгі сабақтан не үйренді сол бойынша, өз ойларын айтады. 5 мин
12 Кері байланыс "Екі жұлдыз бір тілек" Рефлексиялық парақша таратылады 3 мин