Та?ырыбы: Дыбыс ж?не ?ріп


Тақырыбы: Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 11-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Тақырыпқа сай ертегі айту. Дыбыс және әріп.
Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, керемет ғажап әлемде үлкен «Қазақ тілі» деген ел болыпты. Бұл елдегі барлық тұрғындар тату тәтті тұрыпты. Күндердің күнінде дыбыстар орманнан әртүрлі дыбыстар шығады екен.
- А-а, о-о, у-у, ы-ы – деп әртүрлі дыбыстар шығарады. Сөйтсе, Жалмауыз кемпір дыбыстар мен әріптердің барлығын ұстап алып жібермей жатыр екен.
Әріптер өздері дыбыс шығара алмайтындықтан, дыбыстардан өтініпті сендер бізге көмектесіп жазылған сөздерді дыбыстап беріңдерші өтінеміз: «Көмектесіңдер».
Бұл сөзді естіген дыбыстардың қайратты ұлдары екен. Дыбыстардың екі ұлы болыпты, бірі дауысты, бірі дауыссыз. Дауысты дыбыстан тараған балалары: жуан және жіңішке. Дауыссыз дыбыстың үш ұлы бар екен, олар: қатаң, ұян, үнді. Осы ұл балаларына аталарының қауіп қатерге түскендігін естіп көмекке барады:
- Сонда жуан дауысты даусын жуан шығарып:
- Ой, Жалмауыз біздің аталарымызды шығар деп, - дауысын жуан қылып шығарып айтады.
Жіңішке дауысты:
- Иә, тезірек шығар, - деп үлкен ағасын қоштап отырады екен.Қатаң өте қатаңдықпен:
- Қазір сен оларды босатпасаң мына жердегі барлық заттарынды алып кетеміз. Солай ғой ұяң.
Ұяң дауыссыз үндемей тұрып қалды. Үнді дауыссыз ең кенже болғандықтан шыдамай үн шығарып жылап жібереді.Жуан дауысты дыбыс шыдамай:
- Ой, кемпіржан сен де бізден құраласың ғой. Кемпір деп жазсақ сен әріптерден, ал егер оқысақ дыбыстардан құралғансың.Ал егер дыбыстық талдау жасасақ, онда алдыңдағы тұрған біздер де шыға келеміз.
- Жалмауыз кемпір ойланып тұрып:
- Жарайды, мен сендердің аталарыңды жіберемін бірақ сендер мені қандай дыбыстардан тұратынымды, мен қалай жазылатындығымды жазып беріңдер. Әйтпесе мен әріптерді танымаймын ғой. Ал аталарынды үйретсін деп алсам, біз үйрете алмаймыз деп айтты. Енді мен түсіндім, үйрету үшін сендердің барлықтарын қажет екен ғой.
- Ал, дыбыстар барлығымыз кемпірге көмектесейіп, жарайды ма?
- Алақай! - деп қуанды кемпір.
- Балалар, бізде көмегімізді аямайық. Кемпір сөзін талдап көрсетейік.
Кемпір сөздіне дыбыстық талдау жасату.
- Ал, балалар енді ой түйіп, қорытынды жасайық.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығуды оқу, талдау. Сөздерді дыбыс санына қарай топтап жазу.
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: ң ң ң аң. 2-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, соңғы екі жолындағы сөздерге дыбыстық талдау жасау. 3-жаттығу «Адасқан буындар» ойынын өткізу. Оқулықта берілген буындардан ең көп сөз құраған топ жеңеді. 4-жаттығудағы ат әбзелдерін әліпби бойынша тізіп жазу. 5-жаттығу.Сөздерді оқу, мағынасын ашу, кестеге орналастыру. 6-жаттығу Әріптерді топтап жазу.
8-жаттығу Берілген әріптердің ішінен артық әріпті таңдап алу. Неліктен сол топқа жатпайтындығын дәлелдеу.
в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 9-жаттығу Дыбыстық талдау бойынша сөздерді тауып жазу, олармен сөйлем құрастыру. Қоян, аю, қалам. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 39-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
№20. Тақырыбы: Э дыбысы
Сабақтың мақсаты: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу, талдау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-жаттығу Этаж, экран, электр, экипаж, эстафета, экскаватор. 2-жаттығу. Өлеңді оқу, мазмұнын ашу. Жатқа жазу, э және е дыбысы бар сөздердің астын сыз. 3-жаттығу. Көшеде электр шамы жарқырайды. Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Бәрінен де эстафета ойнау қызық болды. 4-жаттығу. Сөздердің мағынасын ашу, жазу. 5-жаттығу Жұмбақтың шешуі: Электр. 7-жаттығу. Жұмбақ құрастыру. 8-жаттығу «Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкентай күн көзін. (Электр шамы)
Электр шамы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 41-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау