«?айталау саба?ы» (дыбыс пен ?ріп) (2 сынып) 
Сабақтың  тақырыбы : «Қайталау сабағы» (дыбыс пен әріп)
Сабақтың мақсаты : 
Білімдік :  Сабақ  үстіндегі  алған  білімдерін  грамматикалық  ойын  арқылы  қайталап   бекіте  түсу .
Дамытушылық, :Ой-өрісін кеңейтіп ,  логикалық ойлауды тапқырлықты , шығармашылықты дамыту. Қабілетті   балаларды  көрсете білу . 
Тәрбиелік :Ақыл – ой тәрбиесін беру , ұйымшылдыққа ,озық  болуға  тәрбиелеу .
Технология :  Дамыта  оқу .
Көрнекілігі:   интерактивтік  тақта , электронды оқулық,  тест , т.б.
Сабақтың барысы:  
                              1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар  назарын  сабаққа аудару . Қонақтармен  сәлемдесу . 
Үлкендерге де « сіз »,
Кішіге де « сіз » ,
Сәлем  бердік   сіздерге ,
Құрметпенен біз.
А)  Психологиялық   дайындық .
б)  Топтарды  таныстыру .
-Дыбыс  туралы  не  білеміз?
(Кезекпен  айту ,  бірін -  бірі  толықтыру )
- Оқушы  атының  бірінші дыбысына   сәйкес  топтарға  бөлу .
1-сайыс:   Сиқырлы   дыбыс
-Қай  дыбыс  екі  топқа   да  ортақ ?
- Оны   қандай   дыбыс  дейміз ?
-Ендеше сиқырлы  дыбысы  бар  сөздерді  құрастырамыз .
1- топ «  У » дауысты  дыбыс болу  керек .
2- топ «  У » дауыссыз  дыбыс  болу         керек .
2-сайыс  :      « Қызық  сөздер » бәйгесі .
Сөз  бөліктерінің  ортасына  а    дыбысын  қойып , мағыналы  сөйлем құрастырып   жаз .  
      Жыл      қан          уық          бал          шақ
           ал            қар                              бол                  шық  (жылауық, алақан, балақан т.б)
Сергіту   сәті  :  «Чунга – чанга» 
 3-  сайыс :  «  Баспалдақ  ойыны »
Қай  топ  сүрінбей,  жылдам  баспалдақтан түседі ?
1 – топ 2 – топ 
                                                           О                                       Б
4- сайыс  : « Бақытты  сәт  »
Не   бірінші ?
1. Құлын    ,  бие ,  тай .
2. Тақтай  ,  ағаш ,  жиһаз .
3.Жыл , апта , ай , тәулік .
4 .Түн , күн , ұйқы .
5 . Шаш , бантик , бас .
6 .Ауру , микроб , дәрігер .
7 . Күнделік , жалқаулық , екілік , мұғалім .
8.  Ағаш  ,   топырақ , тұқым .
9. Сабақ  ,  қоңырау ,  мұғалім .
10 . Кітап , жазушы , баспа .
 5 – сайыс : «Қызық  сөйлем » бәйгесі 
Әрбір  сөзі    бірдей  дыбыстардан басталатын      сөйлем  құрастыру .
1—топ                     2 - топ
                                                 А ..а..а....а.        Ж....ж...ж..
Көзге  жаттығу                       О....о...о..о.        С....с.....с....с .
Тест   сұрақтары :  ( Тостермен жұмыс)
1.Әріп  дегеніміз  не ?
а )    дыбыстардың      таңбасы
в)     дыбыс
с)      әріптер    тізбегі
2. Жуан  дауысты  дыбыстар  қайсы ?
а)    Я , е , ы , о .
в )  Ә , і , ө , ү .
с)   Ф , о , ы , ұ .
3 . Дыбыстар  нешеге  бөлінеді ?
а )  4
в )  3
с )   2
4 . Дұрыс  буынға  бөлінген  сөзді  тап .
а )   ба –ла - қан
в )  ба – лақ –ан
с)  бал – ақан
5. Тасымалданбайтын  сөзді  тап .
а )   ерін
в )  саба
с )   торғай
6 . Сөзді  тап .
а)   а ,у, о .
в)  жарық
с)   жа , ба
7 . У  қай  кезде  дауысты  ?
а )  Дауыссыздан  кейін келсе
в ) Дауысты  дыбыстан  кейін  келсе
с )  Сөз  басында  келсе
8 .Көп  нүктенің  орнына  тиісті  әріпті  қой .
Қо..., о....., кү....
а)    йу
в)    ю
с)    йю
9 .  Әліпбиде  бірінші  қандай  әріп    тұрады ?
а )   Ә
в )   А
с )   Б
10.  Дұрыс  жазылған   сөзді  тап ?
а )    тайақ
в)   таяқ
с)    тайяқ
6- сайыс : «Сөз  тапқанға »  ойыны
Жеңімпаз  атанған  балалар  қатысады .
БСО
                АҚР
Сұрақтар :
- Болашақта  кім   боласың ?
- Ауа  райы  қандай ?
- Сайысқа  қайдан  келдің ?
- Қандай  жаман әдетіңіз  бар ?
- Жолда  қалай  жүру  керек ?
- Қай  пәнді  ұнатасыз  ?
-Бос  уақытыңда не істейсіз ?
-Отан  үшін  не істейсің ?
-Осы  отырған  көпшілікке не тілейміз ?
Сабақты  қорытындылау : - Ендеше ,  осындай  жақсы  тілектермен  сабағымызды  аяқтаймыз .
- Сабақтан  алған  үш  жақсы  әсерін
айтқызу .
Бағалау :
Үйге тапсырма :  Қызық  әңгіме  құрастыру ;