Саба?. №1-10 саба?тар жоспары


1-сыныпқа «Музыка» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №1 Өзіңді таны
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1 тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Музыка, музыкалық дыбыстар туралы білімді түсінеді.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік СӘЛЕМ ПРИВЕТ HELLO!
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.
Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)
Бірінші күн- дүйсенбі
Екінші күн – сейсенбі
Үшінші күн – сәрсенбі
Төртінші күн — бейсенбі
Бесінші күн — жұма
Алтыншы күн- сенбі
Жетінші күн- жексенбі.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
1 минут
5 минут
3 минут
16 минут
Жаңа сабақты түсіндіру
Әр елде әртүрлі сәлемдеседі.
Топта түсіндіру
Музыка дегеніміз-ән,әуен,ырғақ. Әдемі әуені бар сазды дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейміз.
Дыбыстарды қол қимылы арқылы орындау жүйесін ағылшын ұстазы, музыка маманы Дж. Кервен енгізді.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Бәрі оянады
Күн, күн, күн.
Бәрі ұйықтайды
Түн, түн, түн.
Сызбаны оқушыларға түсіндіру
Енді біз төмендегі сәлемдесу сөздерін соль және ми дыбыстарымен айтып көрейік.
СӘЛЕМ ПРИВЕТ HELLO!
Музыканың әр сабағын осындай амандасумен бастаймыз. Сергіту сәті
Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Сызба парақшалары.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Сөйлеу-речи-speeches
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №2 Менің есімім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.1Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (I-, р), қысқа, ұзақ дыбыстар, солъ жэне ми ноталарының биіктігін естіп, анықтау
1.2.2.1Дауысты жэне музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
1.1.2.1Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.2.2Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық жэне қазақ халық аспаптарында ойнау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Ән айтады және жұмбақ шешеді (жеке және топ құрамында). Музыкалық сауаттылықты дамытады.
Кейбір оқушылар:
Ән үйрену барысында санауды үйренеді. Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік ЖҰМБАҚ САУСАҚ МУЗЫКА MUSIC Оқушылар:
Өздерінің есімдерін айтып, таныстыра алады.
«Музыка» сөзін қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренеді.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Көтеріңкі әуен, музыкалық дыбыс, қаттырақ, жайырақ, ырғақ, буынға бөліп айту, дыбыс биіктігі, жоғары дыбыс, төмен дыбыс Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
«Жұмбақ саусақ» әніне жаңа фраза ойластыруға дайынсың ба? Талқылауга арналган сұрақтар:
Сен өз есіміңді әуендетіп, дыбыс биіктігін қолмен көрсете орындай аласың ба?
Музыка тыңдағанда қандай сезімде боласың?
Өз есіміңді қол шапалақпен буынға бөліп орындай аласың ба?
Сенің есімің неше буыннан тұрады?
Алдыңғы сабақтарда алған білім Оқушылар үйде, теледидардан, балабақшадан үйренген әндерін орындайды.
Өз шығармашылықтарын көрсетеді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут (МК, Ж) Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Здравствуйте, дети! - Неllо, сһіldrеп!
Алдыңғы сабақта өткен «Сәлемдесу» әнін қайталаңыздар. «Сәлем! Привет! Неllо!» әніне балалардың өз есімдерін қосып айтқызыңыз.. Музыкалық аспап -
Сurwen қолдың жүйелік белгілерінің кестесі
Сабақтың ортасы
7-11 минут
12-14минут
15-20 минут
21-35 минут
(ОТ) Екі нотадағы әнді айтып тұрған кезде оқушылар ұрмалы аспапты (бубен, маракас) бір- біріне жалғастырып ұсынады. Ән аяқталған кезде қолында аспап қалған оқушы мұғалім тапсырған қарапайым ырғақты қайталауы тиіс, ал сыныптың барлығы қол шапалақтап қосылады.
(МК, Ж) Аспаптарды қолдана отырып ырғақтарға өз есімдерін буындап қосып айтуын сұраңыз. Жұптасып отырған балалар бір-біріне есімдерін соль, ми биіктігімен айтып беріп үйренсін.
Мысалы: Ер-бол (2 буын), Да-ни-яр (3 буын), Дәу-лет-қа-ли (4 буын).
Сurwen қолдық жүйені көрсетіңіз.
(¥) Үштілділік: музыка - музыка - musіс - барлығы
бірге айтып үйренеді.
(Т, ОТ) Дыбыстар мен символдар арасындағы
байланысты анықтай бастайды. Жұмбақ шеше отырып балалар затты сипаттайды.
Оларды қай жерде қолданатынын әңгімелейді,
түсіндіреді.
(¥, МК) Дауыс жаттыгуы: Дауысты дыбыстың дұрыс айтылуын қалыптастыруға әуезді, созылып айтылатын «а, о, у, и» дауысты дыбыстарының немесе «ла-ла», «ле-ле» буындарының, сөз соңындағы дауыссыз дыбыстарды дәл де анық орындауға «ба-ла-пан-пан-пан», «ба-ра-бан-бан-бан» сияқты сөздерді буынға бөліп айтудың тигізер көмегі көп екенін ескеріңіз.
(¥, Қ) Ән үйрену: «Он саусақ» (С. Мұхамеджанов).
Ән мәтінінің мазмұнын суреттерімен байланыстыра
отырып түсіндіріңіз. Саусақтардың қызметі туралы
балалар өз ойларын ортаға салсын.
Мысалы: «Ине не үшін керек? Қаламды не үшін
қолданамыз? Он саусақпен не істей аламыз?»
(Т, МК) Ән үйрену: «Жұмбақ саусақ» (қазақтың халық әні).
Суретке қарай отырып санауды және әндетуді
үйретіңіз.
Балалардан дауыспен шағын музыкалық фраза
ойластыруын сұраңыз. Ол үшін оқулықтағы суреттердің орнына өзі басқа заттардың атауын атасын. Сөз атауы мен сан атауының бірінші дыбыстары сәйкес келуіне назар аудару керек. Мысалы: «Бір дегенім - бала, екі дегенім - етік, үш дегенім - үйрек т.б.»
Ұрмалы
аспаптар
Сurwen қолдың жүйелік
белгілерінің
кестесі
Музыкалық
аспап
«Он саусақ»
(С.Мұхамед-
жанов)
Музыкалық
аспап
Түрлі түсті
суреттер
«Жұмбақ
саусақ»
(қазақтың
халық әні)
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау. Оқушы жүргізуші бола алады. Корытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар. Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар:
Ән мазмұны мен суреттің байланысын байқадың ба?
Балалар өз есімдерін дұрыс буындай алды ма? «Сауат ашу», «Дүниетану» пәндерімен байланыс.
Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №3 Менің дауысым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.1Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, р), қысқа, ұзақ дыбыстар, солъ жэне ми ноталарының биіктігін естіп, анықтау
1.1.2.1Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Музыкалық және шулы дыбысты ажыратады. Музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен ән орындауға дағдыланады.
Оқушылардың көпшілігі:
Музыкалық түсінігін дамытады.
Шулы дыбыстар туралы түсінік алады.
«Музыкалық аспап» сөзін үш тілде айтып үйренеді.
Кейбір оқушылар:
Естіген қарапайым музыкалық материалды шулы аспаптарда ойнап, ән айтады. Тиісті жағдайда басқаларды қадағалайды
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Оқушылар:
Тыңдаған музыка туралы өз ойларын айта алады.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Әуен, музыкалық дыбыс, дирижер, мимика, В.А. Моцарт ... секілді естіледі ... секілді айтылады
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауга арналган сұрақтар:
Жұлдызша туралы не білдің?
Музыка саған қандай ой салды?
Музыка нені еске түсіреді?
Әннің ырғағына қандай қимыл жасауға болады?
Алдыңғы сабақтарда алған білім Оқушылар өткен сабақта үйренген «Он саусақ» әнін жатқа орындауға тырысады. Жұптасып отырған балалар өз есімдерін солъ, ми нота биіктігінде айтып береді. Дыбыс биіктігін сезінеді.
Өз шығармашылықтарын көрсетеді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут Окушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! -
Здравствуйте, дети! - Неllо, сһіldrеп!
Алдыңғы сабақтағы «Он саусақ» (С. Мұхамеджанов)
әнін орындау.
Әнді асықпай, сөздерді анық айтуға баулыңыз. Музыкалық
аспап
Сабақтың ортасы
7-11 минут
12-14 минут
Жаңа сабақты түсіндіру
(¥) Жұмбақ жасыру.
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
(¥, ОТ) Жұмбақ шешу арқылы Жұлдызшамен
таныстырыңыз, баланың қызығушылығын оятыңыз.
Жұлдызша туралы ойларын тыңдаңыз.
- Балалар, бізге қонаққа Жұлдызша келді! Оның
сендермен достасқысы келеді.
Жұлдызшаның макетін дайындаңыз, ол кейінгі сабақтарда үнемі оқушылармен бірге болғаны дұрыс.
Дауыс жаттыгуын тақырыпқа байланысты ойластырып, түрлендіріп айтуға болады.
«Аспанға қараймын,
Жұлдызды санаймын».
Дауысты жұмсартып, әуендетіп орындауға баулу.
(МК, ¥) Ән үйрену: В.А. Моцарттың « Тwinк1е,
twinklе, littlе stаг» әні (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде).
Әнді айғайламай, өз дауысын сезіне, қасындағы
баланың дауысын тыңдап орындауға баулыңыз.
Әнді Сurwen қол белгілерімен көрсетіп орындауға
үйрету.
(¥, Ө, Қ) Мұғалім әннің жаңа нұсқасын жазып, тыңдауға береді. Оқушылар талдайды және музыка туралы өздерінің қарапайым пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салады. Һttр://раgеs.
bloomsbuгу.
соm/
musicexpress/
bоок-1
Сurwen
қолдың жүйелік
белгілерінің
кестесі
Суретті
карточкалар
Сандық жазу кұрылысы
Аудио немесе
бейнежазбадан
тыңдау:
(В.А. Моцарт.
Тwinк1е,
twinklе, littlе
stаг)
Балаларға
арналған
қазақ, орыс
және ағылшын
тілдеріндегі
әндер
15-20 минут
21-35 минут Шулы дыбыс туралы түсінік беріңіз. Оқулықтағы суреттерден шулы дыбысты қай жерлерде еститінін балалар айтады, өз жорамалдарын дәлелдейді. Осындай іс-әрекеттен соң шулы дыбыстардан әуен шықпайды деген ережені пысықтаңыз. Оқулықта берілген суреттерден музыкалық және шулы дыбыстарды ажырату.
Ойлан, тап! Қандай дыбыс?
- Балалар, бір сәт тыныш отырып, қоршаган ортадағы дыбыстарды тыңдайықшы!
Мәшиненің гүрілі, қаламсап еденге құлады, судың сыбдыры, адамның аяқ басқан дыбысы, кітапты парақтап ашу т.б. Шулы дыбыстардан әуен шықпайтынын дәлелдеңіз.
(¥) Үштілділік: музыкалық аспап - музыкалъный инструмент – musical instrument - барлығы бірге айтып үйренеді.
(Т, ОТ) Шағын топтарда жұмыс жасау арқылы оқушылар қимылдар ойластырады (қол шапалақтау, қолды жоғары көтеру, қолдың басын иіріп айналдыру т.б.).
Сurwen қол белгілерімен көрсетіп, әнді үйрету (оқулықтағы суретке қарай отырып).
(¥, Ө, Қ) Мұғалім әнді аудио немесе бейнежазбаға жазып, оқушыларға дауыстарын өзгертіп әндетуді ұсынады.
(¥, Ө, Қ) «Дирижер» ойыны - мұғалім мимикалық емес белгіні қолданады, ал оқушылар мұғалімнің іс-әрекетіне сәйкес дыбыс шығарады (мұғалім жөтеледі, оқушылар қайталайды). Алты түрлі пантомима көрсету арқылы ойынды жүргізіп, оқушылар ұсынысын қабылдаңыз. Сандық жазу құрылғысы
Сабақтың соңы
35-45 минут
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.
-Мен бүгін музыка сабағынан ...
-Маған топта жұмыс істеген ...
-Мен ... есіме сақтаймын.
Оқушылар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды - солға адымдау, оңға адымдау, 3 рет қол шапалақтау, кідіріс (пауза) (төртке дейін санау) және басынан қайталау. Мұны 3 рет жасаңыздар. Әрі қарай осы қимыл-қозғалыстарды қайталай отырып, оқушылар кідіріс кезінде өз есімін қосады. Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Сөйлеу-речи-speeches
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Бақылау, тындау, оқушыларга ойлануға берілген сұрақтар:
Тыңдаған музыка саған қалай әсер етті?
Оқулықтағы суретпен Сurwen қолдың жүйелік белгісін көрсете аласың ма? Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №4 Менің көңіл күйім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1Тыңдалған музыкалық шыгарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2.1Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды Оқушылардың көпшілігі:
Музыкалық түсінігін дамытады. Ән айтады және аспапта ойнайды (жеке және топ құрамында). Негізгі дыбыстарды шулы аспаптардың сүйемелдеуімен басқарады. Кейбір оқушылар:
Қарапайым музыкалық материалды шулы аспаптарда ойнап ән айтады. Тиісті жағдайда басқаларды қадағалайды.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандырыңыз. Оқушылар:
Тыңдаған музыка туралы өз ойларын айта алады.
Төменгі және жоғарғы дыбыстарды естіп, түсініп, анықтайды. Дыбыстарды жасауға қатысты шығармашылық жөнінде таңдау жасай алады.
Бояу түстерін дыбыстардың көмегімен сипаттайды және таныстырады.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Музыкалық дыбыс, көңілді музыка, мұңды музыка, шулы аспаптарды соғу, сілку, біркелкі соғу ... секілді естіледі ... секілді айтылады
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауга арналған сұрақтар:
Музыка саған қандай көңіл күй сыйлайды?
Суреттегі көңіл күйлерді сипаттай аласың ба?
Шулы аспаптың көмегімен музыка қалай өзгерді?
Шығарылған дыбысты сипаттай аласың ба?
- Осы көңіл күйге қандай түсті таңдар едің?
Алдыңғы сабақтарда алған білім Оқушылар өткен сабақта үйренген В.А. Моцарттың « Тwinк1е,
twinklе, littlе stаг» әнін үш тілде орындайды. Шулы және музыкалық дыбыстарды ажырата алады. Өз шыгармашылықтарын көрсетеді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут Оқушылармен әуендете амандасу.
(Т, ОТ) В.А. Моцарттың « Тwinк1е, twinklе, littlе stаг»
әнін топқа бөлініп орындау:
1-топ - қазақша;
2-топ - орысша;
3-топ - ағылшынша.
Әр топтың өнеріне қол шапалақтау арқылы қошемет
көрсету.. Сандық жазу
құрылысы
(аудио немесе
бейне-
дыбыспен)
В.А. Моцарт.
« Тwinк1е, twinklе, littlе stаг»
Сабақтың ортасы
7-11 минут
12-14 минут
15-20 минут
21-35 минут (¥, Ө, Қ) Музыка тыңдау: «Науқас қуыршақ»
(П.И. Чайковский).
Музыка қандай аспапта орындалды?
Музыка әуеніне сен қандай қимыл-қозғалыс жасар едің?
(¥, Т, Қ) Ән үйрену:«Көбелек» әні (К. Қуатбаев)
үйренуге жеңіл.
Әнді шулы аспаптардың (асатаяқ пен даңғыра, т.б.) көмегімен орындауға болады.
- «Көбелек» әнінде ненің дыбысы естілгендей болды?
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы балалар екі шығарманың айырмашылығын салыстырмалы түрде талдайды, көңілді, мұңды музыка туралы ойларын айтады. Оқушыны өз ойын еркін айтуға, сөйлеуге жетелеңіз. Оқулықта берілген суреттерді негізге алып, екі музыкаға сай мимиканы жасатыңыз. Дұрыс таңдауларын қадағалаңыз.
Мұғалім музыка тыңдата отырып көңілді музыка адамға күш-қуат беретінін, ал мұңды музыканы тыңдағанда адам жабырқайтынын түсіндіреді.
Есіңде сақта! Музыкада да көңілді, көңілсіз әуендер болады.
Шулы аспаптар деп сілкіп, соғып, ұрып ойнайтын аспаптарды айтады.
(¥) Үштілділік: көңіл күй - настроение - mооd.
Қазақ, орыс, ағылшын тілінде таза айтқызып үйрету. Үйренген әнге бояу түстерін таңдатыңыз (қызыл, қара, сары, күлгін).
(МК, ¥, Ө, Қ) Оқушыларға тек қана бір түсті абстрактілі суретті көрсетіңіз, мысалы, көк түстің түрлі реңктері (гризайль). Оқушылардан дауысымен немесе аспаптармен (асатаяқ, дабыл немесе қоңырау) суретте салынған қанық түске лайықты дыбыс жасауын сұраңыз.
«Науқас
қуыршақ»
(П.И. Чайковский)
«Көбелек»
(К. Қуатбаев)
Түрлі түсті суреттер
Кандинский картиналары Асатаяқ, дабыл, қоңырау, тай- тұяқ, даңғыра суреттері
Сабақтың соңы
2 минут
(¥) Оқушылардан бұрынғы үйренген әндерінің ішінен өздеріне ұнаған біреуін бірлесе таңдауын сұраңыз және оны қайталап, сабақ соңында таспаға жазып алыңыз.
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтап, көтермелеп отырыңыз.
Тақырыпты қорытындылау.
«Бүгінгі сабақта менің көңіл күйім қандай болды?
Маған қызықты не болды? Нені есіме сақтаймын?»
Өзін-өзі бағалау. Бағдаршамның қызыл түсін
көрсеткен окушылардан себебін сұрап, оқушыға келесі сабақтарда ерекше көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Бағдаршам түстері
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар
-Көңілді әуен мен көңілсіз әуенді қалай ажыратасың?
-Музыкалық дыбыс сурет мазмұнына сәйкес келе ме?
-Сілкіп ойнайтын аспапты меңгере алдың ба? «Дүниетану», «Жаратылыстану», «Көркем еңбек» пэндерімен байланыс. Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу.
Ұжымда жұмыс істей білу.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №5 Менің сүйікті әндерім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ,екпінін, динамикасын анықтау
1.1.2.1Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.3.1.1Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
1.2.2.1Дауысты жэне музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды. Ән айту ережелерімен танысады.
Мұғалімнің қол қимылына қарап ән орындауды меңгереді
Оқушылардың көпшілігі: Музыкалық түсінігін дамытады.
Ән айтады (жеке және топ құрамында).
Кейбір оқушылар:
Қарапайым музыкалық материалды меңгереді.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандырыңыз. Оқушылар:
Сүйікті әндері туралы өз ойларын айта алады.
Ән қандай көңіл күй сыйлайтынын жеткізеді.
Өз сезімін бет-әлпетімен білдіре алады.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Композитор музыка шығарады. Әннің сөзін ақын жазады.
Әнді дұрыс орындау ережесін сақта!
Ән айтар алдында кеудеңмен терең тыныс ал.
Музыкалық дыбыс.
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Үйренген әндерді бізге кім сыйлады екен?
-Композитор деген кім?
-Ақын не жазады?
-Егер әнді қосылып бірге айтсақ, ол қалай естіледі?
-Музыканы басқаша қалай өзгерте аламыз?
Алдыңғы сабақтарда алған білім Оқушылар ән айтуға дағдыланды. Көңілді, көңілсіз әуендерді ажыратады. Шулы аспаптардан асатаяқ, даңғыра, тұяқты таниды. Өз көңіл күйін музыкаға сәйкес қадағалай алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Сабақ басталар алдында мұғалімнің қалауы бойынша
көңілді ән ойналып тұрады.
Оқушылармен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме,
балалар! - Здравствуйте, дети! - Неllо, сһіldrеп!
«Көбелек» әнін (К. Қуатбаев) қайталау.
Әнді көтеріңкі көңіл күймен, сезімталдықпен орындауға баулыңыз. Сандық жазу
құрылысы
Аудио немесе
бейнежазба
Сабақтың ортасы
7-11 минут
1 минут
12-14 минут
15-20 минут
Жаңа сабақты түсіндіру
Әр елде әртүрлі сәлемдеседі.
(Қ) Біз қай сабақта отырмыз? Музыка сабағы саған
несімен ұнайды? Біз тыңдап, орындап жүрген музыканы кім жазатынын білесің бе? Оқулықтан ережені оқып беріп таныстыру.
(¥) Ән тыңдау: «Ән сабағы» (К. Қуатбаев).
К. Қуатбаев - «Музыка сауаты», «Музыкалық
ойындар, әндер, билер», «Қоңырау», «Моншақтар»
атты балалар мен жасөспірімдерге арналған оқу құралдарының, әндер жинағының авторы.
Ән көңілді, сергек, жайдары орындалады (оқушылармен талдау).
(МК) Балалардың қызығушылығын арттыру үшін оларға Шәрипа, Күлипаның орнына сыныптағы өнерлі қыздардың атын қосып айтуды сұраңыз. Бірге орындаңыздар.
(¥, Қ) Ақын әннің сөзін жазатынын, ал композитор
әнін жазатынын оқушыларға түсіндіру.
(¥, Қ) Үштілділік: композитор - композитор - соmposetег. Қазақша, орысша, ағылшынша дұрыс айтқызып үйрету.
Ән айту алдында, музыкалық сөздердің аралығында
иықты көтермей, демді ішке алу. Сөздерді анық айту.
Әнді мұғалімнің қол қимылына қарап бір мезгілде
бастап, бір мезгілде аяқтау, қарқынды, баяу орындау, ән сазын дұрыс бере білу сияқты ережелерді түсіндіріңіз.
(МК, Қ) Оқушылардан тыныс алу ережелерін мұғаліммен бірге қайталауын сұраңыз және ән айтқанда дұрыс орындауын қадағалаңыз.
Ән айту кезінде ауызды қалай ашу керектігін айту.
Мысалы, «А» дыбысын айтқанда ауызды кең ашамыз, «0» дыбысын айтқанда ерінді алдыға қарай дөңгелектейміз. Хорда ән айтқанда түзу тұру керек. Сахнада немесе концертте ән айтқанда ән әуеніне сәйкес қимыл жасап әсемдеуге болады.
Ән айтып болған соң тыңдаушыларға басыңды иіп, ықыласыңды білдіруді ұмытпа. «Ән сабағы»
(К. Қуатбаев)
Түрлі түсті
суреттер
Суретті
карточкалар
Ән айту ережелері
21-35минут
(Т) Ән үйрену: «Әнші бала» (Ж. Тезекбаев). Оқушылардың есту, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында төрт жолды тез жаттауға үйретіңіз.
Сергіту сәті: «Жұлдызша достарын қызықты ойынға шақырады», - деп, сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. Ойынның шарты: Бір баланың көзі байланады. Мұғалімнің белгісімен оқушылар кезекпен «Әнші бала» әнін айтады. Көзі байланған оқушы кім екенін табуы керек. Дауысты тыңдай отырып ажырата білуге баулыңыз, есту, есте сақтау қабілетін дамытыңыз. «Әнші бала» (Ж. Тезекбаев)
Сабақтың соңы
35-45 минут (¥, Ө, Қ) Оқушылар шеңберге тұрып, қимыл- қозғалыс жасайды - солға адымдау, оңға адымдау,
3 рет қол шапалақтау, пауза (төртке дейін санау) және басынан қайталау. Мұны 3 рет жасаңыздар.
Әрі қарай осы қимыл-қозғалыстарды қайталай отырып, оқушылар кідіріс кезінде өз есімін қосады. СБ, музыкалық жазба
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Сөйлеу-речи-speeches
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар:
Ән айтып тұрғанда қандай ережені сақтау керек?
Сыртта ән айтып тұрған досыңның дауысын қалай таныр едің?
Сүйікті әнің саған қандай әсер қалдырды? Өнермен байланыс, қоршаған ортамен байланыс.
Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №6 Мен және менің мектебім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.2 Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау
1.1.3.1Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, р), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау
1.1.2.1Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Мектептің айналасындағы дыбыстарды зерттеп, қарапайым аудиожазба құралдарын пайдаланып жазба жасай алады. Оқушылардың көпшілігі: Шулы аспаптарда ойнай отырып ән айтады. Ортақ импровизацияға қосылады.
Қарапайым шулы аспаптардың көмегі арқылы түрлі дыбыстық композицияларды шығармашылықпен ұсына және зерттей бастайды. Кейбір окушылар: Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандырыңыз. Оқушылар:
Қоршаған ортадағы дыбыстарды сипаттау үшін сын есімдерді қолданады және олардың мәнін түсінетіндігін музыка тілі арқылы көрсетеді.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Қатты, ақырын, қаттырақ, ақырынырақ ұру, ырғақ, сілку, дыбыс биіктігі
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауга арналган сүрақтар:
Бұл дыбыс неге ұқсайды, оны қай жерде естисің?
Бұл дыбыс нені еске түсіреді, сипаттап бере аласың ба?
Алдыңғы сабақтарда алған білім Оқушылар тыңдаған музыка жайлы өздерінің пікірлерін айтады. Сurwen жүйесі бойынша қол белгілерін қолдана отырып солъ, ми ноталарына негізделген әндермен танысады, шулы аспаптарда ойнай алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут (МК,¥) Шулы аспап - қоңырауды соғыңыз. Оқушылар өз орындарына жайғасады.
Солъ, ми ноталарының биіктігінде құрылған әуенмен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Здравствуйте, дети! - Неllо, сһіldrеп! Оқушыларға да дэл сол биіктікте амандасуды үйретіп, таза орындалуын қадағалаңыз. Оқулықтағы жұмбақты шешу арқылы ән тақырыбын ашу.
-Балалар, бұл қандай құрал? Қоңыраудың үнін естігенде неге өз орындарыңа асықтыңдар?
-Қоңырау үні балаларды мектепке шақырады, сабақ басталатынын білдіреді.
Дауыс жаттығуы:
«Сылдыр, сылдыр қоңырау,
Сыңғырлаған көңіл-ау».
Дауыс жаттығуын солъ, ми ноталарында жасатыңыз.
(Т) «Әнші бала» (Ж. Тезекбаев) әнін қайталап, еске түсіру. Қоңырау аспабы
Аудиожазба
Сабақтың ортасы
7-11 минут

12-14 минут

15-20 минут
21-35 минут (Т, МК) Оқушылар оқулықтағы сурет бойынша өзі
білім алып жатқан мектебі туралы әңгімелейді.
(¥) Ән үйрену: «Біз мектепке барамыз»
(А. Меңжанова).
(Т, МК) Әннің соңғы «барамыз, боламыз, сабақты,
аламыз» сөздерін қол қимылына қарап созып
орындауларын қадағалаңыз.
«Әнді қалай (қатты, жұмсақ) орындаған дұрыс?»
деген сұрақ қойып, оқушы пікірін тыңдаңыз.
Қорытынды: Ән жұмсақ, әуенді, сазды орындалады.
Содан кейін эннің ырғағына сәйкес қол шапалақтай
отырып орындауларын сұраңыз. Үзіндіні
оқушылармен бірге орындаңыз.
(¥) Үштілділік: мектеп - школа - sсһооl - қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренеді.
«Біз мектепке барамыз» әнінің көңіл күйіне сай келетін смайликті таңдайды, неге оны таңдағанын түсіндіреді. Осындай жұмыс түрлері арқылы әннің көңіл күйін дұрыс ажырата білу дағдыларын жетілдіріңіз.
(Т) Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріңіз. Топ мүшелері өз тобына атау таңдайды.
Топ атауы мектеппен байланысты болу керек.
1-топ. Әннің мазмұны не туралы?
2-топ. Сен мектепке не үшін келесің?
3-топ. Үлгілі оқушы қандай болуы керек деп ойлайсың?
4-топ. Музыка сабағында не үйренесің?
Оқушылар өзінің мектепке не үшін келетінін, өздерінің алға қойған мақсатын орындау үшін қандай
оқу құралдарын пайдаланатынын айтады. Оны қалай
күтіп ұстайтынын қорытындылап айтады. Оқулықта
берілген сурет бойынша сыныпта болатын заттардың
бірін таңдап, оның не үшін қажет екенін айтады. Сынып бөлмесіне қажет емес артық затты табады. Оның не үшін артық екенін дәлелдейді.
(Т, МК) Дыбыс, әуен және ырғақпен танысу үшін өз дауысы мен шулы аспаптарды пайдалана бастау.
Оқушылардан қайталанатын үлгілер құру үшін әнге
өз есімдерін қойып айтуды сұраңыз. Олармен топта
жұмыс жасаңыз, содан кейін топтарды біріктіріп,
сыныптың бірге орындауын тыңдаңыз.
Қарапайым шулы аспаптардың көмегі арқылы түрлі
дыбыстық композицияларды шығармашылықпен
ұсынуды жэне зерттеуді бастау.
Музыкалық сауаттылық: Қоңырау - шулы аспап. Оны сілкіп ойнайды.
(¥) Музыка тыңдау: «Қоңырау» (А. Меңжанова)
қайырмасының әуені қоңырау аспабымен сілкіп ойналып, ән қайырмасында дыбыс биіктігіне көңіл аударылады. «Біз мектепке
барамыз»
(А. Меңжанова)
Ырғақтық
карточкалар
Карточкалар,
смайликтер,
түрлі түсті
суреттер
Ырғақтық
карталар
Белгілі бір
биіктіктегі
жэне нақты
биіктігі жоқ
шулы аспаптар
«Қоңырау»
(А. Меңжанова)
Сабақтың соңы
35-45 минут
(¥, Т, Қ) Мұғалімнің таңдауы бойынша жағымды музыка ойналып тұрады. «Жақсы аудитория болу» туралы әңгімелесу. Әр топ кезекпен атауларының өз бөлігін орындауы керек. Әр топ өз атауларының бөлігін екі рет орындайды, үшінші ретте бүкіл сынып қолдарын шапалақтап және қатты дауыстап (аттарын атап) оларға қосылуы керек.
Топ көшбасшылары өз тобындағы окушыларды бағалайды. Соңында мұғалім топ жұмысын бағалап, алғысын білдіреді. Флеш-карталар
Аудиожазба
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қорытынды бағамдау
Бағалауды - оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар:
-Дыбыс картинаға сәйкес келе ме?
-Төрттік нота мен сегіздік нота ұзақтығында қандай айырмашылық бар?
-Оқушылар шулы аспапты меңгере алды ма?
-Олар дыбыс биіктігін - қол қимылымен көрсете ала ма? Қоршаған ортамен байланыс. Басқалармен ынтымақтастықта жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу
Оқу ісінің меңгерушісі:
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: №7 Мен мектеппен танысамын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.2 Таныс дыбыстар мен музыканы тыңдау барысында анықтау жэне сипаттау
1.1.2.1Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
1.1.2.2Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық жэне қазақ халық аспаптарында ойнау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
Дыбыс пен символдар арасындағы байланысты үйрене бастайды. Музыкалық сауатын дамытады.
Сurwen қолдың жүйелік белгілерін пысықтайды. Оқушылардың көпшілігі: Ән әуенінің ырғағын домбыра қағысымен көрсетуге тырысады. Музыкалық сауатын дамытады. Кейбір оқушылар:
Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандырыңыз. Оқушылар:
Қоршаған ортадағы дыбыстарды сипаттау үшін сын есімдерді қолданады және олардың мәнін түсінетіндігін музыка тілі арқылы көрсетеді.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Биік, төмен, домбыра қағысы, сілку, дыбыс биіктігі.
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауга арналған сұрақтар:
-Биік, төмен дыбыстарды салыстыр.
-«Сәлем, мектеп!» пен «Қоңырау» әндерінің мазмұны мен әуені ұқсас па? Әңгімеле.
Алдыңғы сабақтарда алған білім Оқушылар тыңдаған музыка жайлы өздерінің пікірлерін айтады. «Біз мектепке барамыз» (А. Меңжанова) әнін жатқа орындауға тырысады. Сurwen жүйесі бойынша қол белгілерін қолдана отырып соль, ми ноталарына негізделген әндермен танысады, шулы аспаптарда ойнауды меңгереді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут (¥, МК) Оқушылармен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Здравствуйте, дети! - Неllо, сһіldrеп! Алдыңғы сабақтағы балалар есімдерін қосып айтқан әндерден бастаңыз. Оқушылардан нақты ырғақты сақтай отырып қосылуын сұраңыз. Басқа тәсілді қолданыңыз. Мысалы, жүру, секіру немесе қол шапалақтау жэне аяқпен жерді тарсылдату, допты жерге соғу, т.б. Аудиожазба
Сабақтың ортасы
7-11 минут
12-14 минут
15-20 минут
21-35 минут
(¥, Қ, МК) Ән үйрену: «Сәлем, мектеп!» (Л. Хамиди).
Соль, ми ноталары аралығындағы жаңа әнді қол
белгілерін қолдана отырып үйретіңіз. Мысалы,
«Сәлем, мектеп!» әнінің бірінші фразасы Сurwen
жүйелік белгілерімен оқулықтағы сурет бойынша
көрсетіп үйретіледі.
Музыкалық сауаттылықты дамыту. Оқулықтағы
суретпен жұмыс жүргізе отырып, салыстырмалы
түрде биік, төмен дыбыстар туралы түсінік беріледі.
Әнді орындау кезінде оқушыларға белгілі бір
биіктіктегі және нақты биіктігі жоқ ұрмалы
аспаптарда дәлдікпен ойнауды ұсыныңыз.
(МК, ¥) Дыбыс биіктігінің айырмашылығы дауыс ырғағы арқылы анықталып, пысықталады.
(¥) Үштілділік: оқушы - ученик - рuріl - қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренеді.
(¥, МК) «Сәлем, мектеп!» пен «Қоңырау» әндерін
орындай отырып салыстыруларына мүмкіндік
беріңіз. Әуені мен мазмұны туралы оқушылар өз
ойларын айтады.
Әннен жеңіл ырғақты алып, флеш-картада көрсетіңіз (мысалы, сә-лем - екі сегіздік, са-ган - екі сегіздік нота, мек - екі сегіздік, те - бір төрттік, бім – бір жартылық нота).
(Т, МК) Оқушылар тобына екі сегіздік және бөлек
төрттік ноталарымен бірнеше карточка беріңіз.
Сондай-ақ оларға жеңіл сөздердің бірнеше үлгісін
беріңіз және олардың сөздер мен ырғақты дұрыс
іріктеуін бақылаңыз.
Шығармашылық тапсырма. Дыбыстар, әуендер
және ырғақтармен танысу үшін «Сәлем, мектеп!»
әнінің әуенін домбыра қағысымен көрсетіңіз (төмен, жоғары, төмен, жоғары).
(Т, Қ) Ойлан, тап! Мектепке баратын оқушы қандай оқу кұралдарын ұмытты? Оқулықтағы суреттерге қарай отырып оқушының ой зеректігі, есте сақтау қабілеті дамытылады.
Сurwen қолдың жүйелік
белгілерінің
кестесі
«Сәлем,
мектеп!»
(Л. Хамиди)
Белгілі бір
биіктіктегі
және нақты
биіктігі жоқ
шулы аспаптар
Карточкалар
Флеш-карталар
Ырғақтық
карточкалар
Сабақтың соңы
35-45 минут
Оқушылар тобына флеш-картаға жазылған ырғақтар
тобын іріктеуді сұраңыз. Оларды бір қатарға қойып,
ырғақ бойынша қол шапалақтатып байқап көріңіз.
Содан кейін әр топқа ұрмалы аспаптар жинағын
беріңіз, олар бірлесіп шағын топ ретінде және жеке өз
ырғақтарын ойнауы керек. Біркелкі
ырғақпен
сөздер
жазылған
әртүрлі
карточкалар
Ұрмалы
аспаптар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Сөйлеу-речи-speeches
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Бақылау, тындау, оқушыларга ойлануға берілген сұрақтар:
-Тыңдаған музыка саған қалай әсер етті?
Оқулықтағы суретпен Сurwen қолдың жүйелік белгісін көрсете аласың ма? Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.