Н?мірленген ж?не маркерленген тізімдер. Ба?андар, беттерді? параметрлері. Жиек
«Бірлік орта мектебі» мкм
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Өткізген: информатика пәні мұғалімі Ансабекова А
Сабақ жоспары
Күні: 24.01.2016
Сыныбы: 7«А»
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар, беттердің
параметрлері. Жиек
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға беттерді бағандарға бөлуді, бетке жиек қоюды, мәтінді
маркерленген және нөмірленген тізімдермен жазуды, беттерді
бояуды, жақтаулармен жазуды үйрету
Дамытушылық:оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдылан-
дыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ДК, бейнепроектор, үлестірмелі карточкалар, жауап парағы,
презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)
IV. «Өзіңді тексер» аялдамасы(жаңа сабақты бекіту)
V. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)
VІ. Сабақты қорындылау
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу
ІІ. «Білгенге маржан» аялдамасы (үй тапсырмасын тексеру)
Сәйкестендіру тесті:
1. MS Word редакторын іске қосу жолы А. Мәтінді курсивпен жазады
2. Құжатты сақтау командасы В. Файл – Создать (Құру)
3. Мәтінді пішімдеу деген не? С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
4. Жаңа құжат құру командасы D. <Enter> пернесі
5. Мәтінді редакциялау деген не? E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады? F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою
7. - батырмасының қызметі қандай? G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету
Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.
Жауабы:
1 – С
2 – Е
3 – Ғ
4 – В
5 – G
6 – D
7 –А
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)
Нөмірленген және маркерленген тізімдер,
бағандар, беттердің параметрлері. Жиек
Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.
43999156057902190115605790Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.
-229235582295
Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.
Мәтінді бағандарға бөлу – сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан 18415608330
Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.
Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.
Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.
IV. «Өзіңді тексер» аялдамасы(жаңа сабақты бекіту)
1-тапсырма Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:
Ақпараттың сенімділігі;
Ақпараттың толықтылығы;
Ақпараттың құндылығы;
Ақпарттың дер кезінде берілуі;
Ақпараттың түсініктілігі;
Ақпараттың қолжетімділігі;
Ақпараттың қысқалығы;
Ақпараттың нақтылығы;
2-тапсырма
-534035111760
3-тапсырма
Электрондық оқулықпен жұмыс
V. «Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)
Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.
VІ. Сабақты қорындылау
Үйге тапсырма беру
Оқушыларды бағалау