саба? жоспары информатика 6 сынып н?мірленген, маркерленген тізімдер.Ба?андар


Пән Информатика Сынып 6 а Күні: 03.2.2015 ж.

Тақырып: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар
Мақсат: Мәтіндік редакторда нөмірленген және таңбаланған тізімдер құра алуға, мәтінді бағанаға бөліп жаза алуға үйрету.
Білімділік – оқушыларға мәтіндік редактордың мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері Бағалау
І.Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Психологиялық ахуал орнату.Топ ережесін қайталату. . Сыныпты 3 топқа бөлу. Сабақтың мақсатымен таныстыру Орындарынан тұрып, амандасып, көңіл-күй сергіту гимнастикасын орындайды. Топқа бөлінеді, топ мүшелерінің қызметін бөлісіп алады Шығарма
шылық жұмыс 2 мин Үйге берілген тапсырманы Асылнұр слайдпен көрсетіп, естеріне түсіреді ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Сәйкестендіру тесті 4 мин 1. MS Word редакторын іске қосу жолы А. Мәтінді курсивпен жазады
2. Құжатты сақтау командасы В. Файл – Создать (Құру)
3. Мәтінді пішімдеу деген не? С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
4. Жаңа құжат құру командасы D. <Enter> пернесі
5. Мәтінді редакциялау деген не? E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады? F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою
7. - батырмасының қызметі қандай? G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету
Дәптерлерін сағат тілінің бағытымен ауыстырып, тексереді.
Жауабы:
1 – С
2 – Е
3 – Ғ
4 – В
5 – G
6 – D
7 – А
Бірін-бірі бағалау.
Бағалау шкаласы:
«5»-ке
6-7 дұрыс,
«4»-ке 5 дұрыс, «3»-ке 4 дұрыс, «2»-3 және одан төмен
ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту
Дарынды және талантты баламен жұмыс
12 мин Оқулықпен жұмыс. ЖИКСО әдісі бойынша топ ішінде талқылау.
І топ нөмірленген және таңбаланған тізімдер
ІІ топ Бағандар
ІІІ топ Мәтіндік редактор туралы қысқаша мәлімет Топ жетекшілері үйден орындап келген шығармашылық жұмыстарын қорғайды Өз бетінше оқиды, түсінеді, топ ішінде талқылайды Топ жетекшілерін бағалау
IV.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар 15 мин А деңгейі:Берілген мәтінді теріп жазып, көшіріп, маркерленген, нөмірленген тізімдер құр.
Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:
Ақпараттың сенімділігі;
Ақпараттың толықтылығы;
Ақпараттың құндылығы;
Ақпарттың дер кезінде берілуі;
Ақпараттың түсініктілігі;
Ақпараттың қолжетімділігі;
Ақпараттың қысқалығы;
Ақпараттың нақтылығы;
В деңгей:Өлеңді көшіріп жазып, екі бағанға бөл. Әр бағанға нөмірленген, маркерленген тізім жаса.
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанатты көбелек,
Бақшамызға келе кет.
Гүлдер, гүлдер көктесін,
Көбелектер көп келсін.
Ақ қанатты көбелек
Бақшамыздан кетпесін.
Көбелек-ау, көбелек,
Бақшамызға келе кет.
С деңгей: Үлгі бойынша мәтін құр, бағанға бөл.
Заманауи компьютердің құрылғылары.
Процессор
Жады
Жедел жады
Ұзақ уақыт сақтайтын жады
І.Қатты магниттік диск
ІІ. Дискета
ІІІ. Флеш-жады
ІV. Оптикалық диск
V. СD
VI. DVD
Енгізу құрылғылары:
Пернетақта
Тінтуір
Сканер
Графикалық планшет
Сандық камера
Микрофон
Шығару құрылғылары:
Монитор
Сұйықкристалды монитор
Электронды-сәулелі түтікке негізделген монитор
Принтер
Матрицалық принтер
Бүріккіш принтер
Лазерлік принтер Оқушылар өздері таңдаған деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындайды Мұғалім компьютер арқылы әрбір баланы бағалайды
Сергіту сәті 1 мин Дайын физминутка V. Бекіту. 5 мин. Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік?
VI. Үй жұмысы 1 мин §19, §20 өзіңді тексер тапсырмасын орындау, мектеп, сынып туралы мәтін дайындап келу. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Жиынтық бағаны топ жетекшілері бағалау парағына қояды.
VII. Оқушыларды бағалау. 3 мин. Сабаққа рефлексия жасалады Бағалау ағашына іледі