Сыныптан тыс шара Тап?ыр достар


«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету; оқушылардың қызығушылықтарын арттыру; топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: презентация-слайд.
Түрі: интелектуалды ойын-сайыс.
Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таңым да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын – толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! 5 және 9-сынып оқушылары арасында өткелі тұрған «Тапқыр достар» атты интелектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл – ойымен ерекшеленген әр топтың оқушылары.
«Шаңырақ» тобы
«Жалын» тобы
«Тұлпар» тобы
«Барыс» тобы
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-дей отырып бүгінгі сайысымыздың әділ-қазыларымен таныстырып өтейін.
-----------------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------------
Көңілді тапқыштар мен білгіштер,
Бар өнерін салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-дей келе, сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1-айналым. «Ұшқыр ой»
2-айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!»
3-айналым. «Сиқырлы ұяшық»
4-айналым. «Айшықты сөздер»
5-айналым. «Шешендік өнер»
Сайыскерлеріміз дайын болса, бастаймыз!
1-айналым. «Ұшқыр ой» деп аталады. Ойын шарты бойынша бұл айналымда әр топқа қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәнінен 6 сұрақ қойылады. Егер де берілген топта жауап болмаған жағдайда «келесі топ» деген сөзімнен кейін басқа топтар жауап бере алады. Жауап беру үшін алдарымыздағы смайликтерді көтеру арқылы белгі беріледі. Ойын шарты түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз.
«Шаңырақ» тобының сұрақтары:
«Әдемі» сөзіне жуық, мәндес сөздерді ата. (сұлу, көрікті)
Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады? (сұрақ белгісі)
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. (етістік)
Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
«Жалын» тобының сұрақтары:
Дауысты дыбыс түрлерін ата. (жуан, жіңішке, ашық, қысаң,еріндік, езулік)
«Батыр» сөзіне жуық, мәндес сөздерді ата. (ер, қаһарман)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін білдіретін сөз табы. (Сын есім)
Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Тұлпар» тобының сұрақтары:
Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. (у)
«Аласа» сөзінің антонимиі (биік)
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша (жалғау)
Жай сөйлем түрлерін ата. (жақты, жақсы, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы)
«Барыс» тобының сұрақтары:
«Қабағынан қар жауды» тұрақты тіркесінің мағынасы. (ашуланды)
Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, себебін,амалын білдіретін сөз табы. (үстеу)
Етіс түрлерін ата. (өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ)
Құрмалас сөйлем түрлерін ата. (салалас, сабақтас, аралас)
Әділ-қазылардан 1-айналымның бағасын сұраймыз.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білем елдің,-дей отырып, 2-айналымды бастаймыз.
2-айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!» деп аталады. Бұл айналымда 4 топқа 4 тапсрыма беріледі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен сөйлемдер берілген. Сол сөйлемдерді ыңғайына қарай құрастыру. Яғни мозайка құрастыру. Дайын топ смайликтерді көтеру арқылы белгі береді. Ойын шарты түсінікті болса, 2-айналымды бастаймыз.
«Шаңырақ» тобының тапсырмалары:
Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.
«Жалын» тобының тапсырмалары:
Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды.
«Тұлпар» тобының тапсырмалары:
Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты.
«Барыс» тобының тапсырмалары:
Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді.
Әділ-қазылардан 2-айналымның бағасын сұраймыз.
Ойынымыздың келесі айналымы «Сиқырлы ұяшық» деп аталады. Бұл айналымда оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілі мен әдебиеттерінен тапсырмалар беріледі. Әр ұяшықта ұпайына сәйкес тапсырмалар күрделеніп отырады. Осы ұяшықтар арасында сиқырлы ұяшық бар. Сол ұяшықты таңдаған топ тапсырмасыз ұпайды қанжығасына байлайды. Таңдау кезегін ұпайы аз топтардан бастаймыз. Дұрыс жауап болмаған жағдайда келесі топ қолдарыңыздағы смайликтерді көтеру арқылы жауап бересіздер. Дайын болсақ, 3-айналымды бастаймыз.
10 – Ақ киімді, денелі , ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үзінді қай шығармадан алынған, авторы кім?
10 – Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.үзінді қай шығармадан алынған, авторы кім?
10 – Өнер білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды. Үзінді қай шығарамадан алынған, авторы кім?
10 – Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сені анда, мені мұнда аман сақтап
Көруге жазғай еді хақ тағалам. Үзінді қай шығармадан алынған, авторы кім?
20 – 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданында дүниеге келген жазушы. (С. Мұқанов)
20 – Сөздердің байланысу түрлерін ата. (қиысу, матасу, қабысу, жанасу, меңгеру)
20 –
20 –
30 – Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата. (ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, түсіндірмелі, талғаулы, кезектес)
30 – Шәкәрім «Еңлік-Кебек» пьесасын кімнің тапсырмасымен жазды? (А Құнанбаев)
30 –
30 –
Осымен 3-айналымымыз аяқталды. Әділ-қазылардан осы айналымның бағасын сұраймыз.
Ойынымыздың келесі айналымы «Айшықты сөздер» деп аталады. Бұл айналымда оқушыларға 4 тапсырма беріледі. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек. Дайын топ өз жауаптарын оқиды.
«Шаңырақ» тобына:
.............өріп тараған,
.............қараған.
Құрт пен майын жинаған
...........сыйлаған.
«Жалын» тобына:
.............қошақан,
................қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан
...................аумайды.
«Тұлпар» тобына:
..............бала әрқашан,
Қуантады....................
Құлыным деп анасы,
...................баласын.
«Барыс» тобына:
......................туған жер,
Айналайын ...................
....................көрінер
Тау мен тасың...................
Осымен 4-айналымымыз аяқталды. Осы айналымнан кейін ұпайы аз екі топпен қоштасамыз.
Әділ-қазылардан осы айналымның бағасын сұраймыз.
Әділ-қазылар бағасын есептеп болғанша 7-сынып оқушысы Үсенова Айымның биін тамашалайық.
5-айналым. «Шешендік өнер».
Сайыскерлер 3 минут ішінде тақырып бойынша пікірлерін дайындап, ортаға салады. Екі топ басшысы даттаушы және жақтаушы екенін таңдап алады.
Тақырып.
«Мемлекеттік тіліміз өз дәрежесінде ме?» ой толғау.
Әділ-қазылардан екі топтың бағасын сұраймыз. Әділ-қазылар жалпы ұпайын анықтағанша 9-сынып оқушысы Жанықұлова Ботагөздің әніне кезек берейік.
Сөз әділ-қазыларда.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Жеңіске жеткен топты шын жүректен құттықтаймыз. Қатысқан оқушыларға тек мойымай алға қадам баса беріңіздер демекпін. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Алабас негізгі мектебі
Тапқыр достар
(интелектуалдық ойын)
Ұйымдастырған: Куптлеуова А.Ж.
Ақбас Ж.С.

2015-2016 оқу жылы