Саба?тан тыс іс-шара Тап?ыр достар сайысы


Қазақ тілі пәнінен сабақтан тыс іс-шара 2016-2017 оқу жылы5 сынып
Мұғалім: Кенкенова Салтанат Жамбылқызы.
«Тапқыр достар» сайысы
Сабақтың мақсаты: білімділігі: Өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру, пысықтау. дамытушылығы: оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. тәрбиелігі: оқушыларды қазақ тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Түрі: сайыс сабақ. Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ – жауап. сөзжұмбақ, ойындар.Көрнекілігі: жоспары, үлестірме қағаздар, тапсырмалар, презентация.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! 5 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқыр достар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!Жер бетінде адам өмір өткізіп,Бар нәрсеге білімімен қол жеткізер,Бар ізгілік тек білім алынар,Білімменен аспанға жол салынар-деген екен Жүсіп Баласағұн. Қазір біз балар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғандығын көрсетейік.
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,Сөзбен қарап, кейде шешер шиеніЖақсы сөзге жан семірер қашандаЖолданады сайыскерлер сәлемі.Сонымен сайысқа қатысатын «Қыран» және «Тұлпар» тобымыз өз сәлемдерін жолдайды.1.топ «Қыран» Біздің топ «Қыран» Қайтпас қайсар ерлігі.Ұлан болғым келедіСамғам ұшар биіккеҚыран болғым келеді.2.топ «Тұлпар» Біздің топ «Тұлпар» Асау тұлпар желдей ескен арыңды,Оқу менен еңбекке сал барыңдыБолашақтың ұрпағымыз сенімдіКөрсетпекпіз мектепте алған білімді.
Мұғалім:Біреу өзса сайыста, біреу артта қалады.Ренжімей тараса, өзбағандар жарады.Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау,Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау-дей келе кезеңдерімен таныстырып өтейік.1. Меннің есімім
2. Шешуін тап
3. Сөзжұмбақты шеш
4. Кім тапқыр?
5. Кім не істейді?
6.Сөздерді тап
7.Моншақ ойыны
8. Сұрақ жауап
9.Адасқан әріптер
10. Постер құрастыру
1-кезең Ойын: «Менің есімім»
Шеңберге тұрып есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып, өздерін таныстырасыңдар. 2-кезең «Шешуін тап».
Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 1.Тұзда бар,суда жоқ. Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 2.Гауһарда бар,Гүлнарда жоқ. Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 3.Үйде бар,шиде жоқ. Күйде бар,биде жоқ. (ү) 4.Қазда бар,үйректе жоқ. Құрда бар,шілде жоқ. (қ) 5.Дәнде бар,елде жоқ. Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 6.Бірде бар,үште жоқ. Екіде бар,бесте жоқ. (і)
7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 8.Шөлде бар,далада жоқ. Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 9.Қайсы әріп қасарып, Көнбейтін болуға бас әріп? (ң) 3-кезең «Сөзжұмбақты шеш » 4-кезең «Кім тапқыр?»
1.Асанда 5 шар, Үсенде 2 шар, Арманда 2 шар, Барлығы неше шар? (9) 2. Айдоста 8 асық, Елдоста 5 асық, Жандоста 2 асық Барлығы неше асық? (15) 3.Әжей немересіне 8 қолғап тоқыды. Неше немересі бар? (4) 4.Бір үйдің үш ұлы бар.Олардың әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар.Бұл үйде неше бала бар? (5) 5-кезең «Кім не істейді?»
Мақсаты: етістіктердің түрлерін ауызекі тілде қолдана білу. Ойын барысы: жүргізуші затты немесе адамды атайды , ойыншылар кезекпен ол қандай қимыл жасағанын айтады Мысалы, жүргізуші: «ұшақ». Ойыншы: «ұшады», «суретші». «сурет салады», «қалам». Ойыншы: «жазады», «мұғалім»
Ұшақ, суретші, мұғалім, оқушы, қалам, дәрігер, өшіргіш, биші.6-кезең. «Сөздерді тап» ойыны.

7-кезең «Моншақ» ойыны Ойынның мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау және ажырата білуін тексеру. Ойынның шарты: Қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді араластырып тарату. Уақыт аяқталған соң әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері тиіс. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңімпаз атанады. Мысалы: қалам, мектеп, ойыншық, кезекші, үзіліс, сынып, оқушы, күнделік, тақта, орындық, өшіргіш, көйлек, терезе, есік, парта, бор. 8-кезең «Сұрақ - жауап» ойыны Сұрақтар: 1. Қолда неше саусақ бар? 2. Қыста ауа райы қандай? 3. Бір аптада неше күн бар? 4. Неше жыл мезгілі бар? 5. Сөмкеде не жатыр? 6. Күзде не жауады? 7. Асханада кім бар? 8. Сыныпта неше терезе бар? 9-кезең «Адасқан әріптер» ойыны
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Т, к, і, п, а -........... К, е, м, е, п, т -............ У, о, қ, ы, ш -............... Р, п,, ә, д, е, т -..................
10-кезең. Қорытынды кезең
Постер құрастыру
Мұғалім: Болашақтың іргесін қалайтын. Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Әр бір адам бойнда отанға деген сүйіспеншіліктерің арта берсін. Соңғы кезеңнің ұпай саны және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.Мұғалім: Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік. Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз.Марапаттау.