Соз м?дениеті. Адам карым катынасындагы соз мадениетнын ролы


Сабақтың тақырыбы : Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі.
Сабақтың мақсаты : а) Адам өміріндегі сөз мәденитінің рөлі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;
б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;
Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіруСабақтың көрнекілігі : слайдтар, тірек сызбаларПәнаралық байланыс : әдебиет,тарихСабақтың барысы :а) Ұйымдастыру кезеңі :Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямынб) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөз мәдениеті дегеніміз ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар, өзіне тән нормаларды сақтау болып табылады. Бұл нормаларға сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібі жатады.
Мәдениет сөзінің өзі тәртіпке бағыну, заңдылықты сақтау деген ұғымға саяды.
Сөз мәдениеті орфоэпиялық, грамматикалық, стильдік әдеби норманы сақтауға баулып, қазақ тілінің әдеби нормасынан орынды ауытқушылықтықты қабылдайды, сөздік қордағы сөздердің санын көбейтеді, синонимдік алуантүрлілікті туғызады, қанатты, дәл, тапқыр сөздерді, фразеологияны орынды қолдануға, сөйлемді дұрыс құру заңдылығын игеруге, сөз сапасын тануға үйретеді.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениетіболып екіге бөлінеді.Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез-құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, ол – мәдениеттіліктің белгісі.
Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын – жазба тіл. Соның ішінде, жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары стильдік-жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану және сөзді бедерлі жұмсау деген екі сатыдан тұрады.
Жаттығумен жұмыс: 9-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнына көңіл аудару, өз пікірлерін білдіру.
10-жаттығу. Мақал-мәтелдердің мәнін түсіну, тіл, сөз өнері жайлы өздері білетін мақал-мәтелдерді еске түсіру.
11- жаттығу мәтіндерді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің қай мағынада екенін айтыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 12-жаттығу.