Урок на тему Ішк?йлек ?лгілері. Ішк?йлек тігуге ?ажетті ?лшемдер
Сабақтың тақырыбы: Ішкөйлек үлгілері. Ішкөйлек тігуге қажетті өлшемдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жалпы киімдердің топталуы туралы толық мағлұмат беру, киімнің түрлері, олардың қолданылуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың киімдер туралы дүниетанымын, киімге қалай өлшем алу керек екенін үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, еңбексүйгіштікке, киімді күтіп кие білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:сызба суреттер, кестелер, сәнмүсін, сантиметрлік таспа
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу, түгелдеу
Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты қайталау
А)Сұрақтар:
1.Иық бұйымдарына не жатады?
2. Көйлек қандай бөліктерден тұрады ?
3. Қамзолды қандай маталардан дайындайды?
4.Табиғи маталар қандай болады?
5. Синтетикалық бұйымдар адам ағзасына қалай әсер етеді?
6.Сәнді кім шығарады?
7.Сәннің сырт көрінісін қалай сипаттайды?
Б)Суретке қарап сәннің сыртқы көрінісін сипаттау
3. Жаңа сабақ
939165145415Киімдер қолданылуына қарай үш түрге бөлінеді
00Киімдер қолданылуына қарай үш түрге бөлінеді
52006536830002671445368300022440903683000
224790283845Сырт киімдер
00Сырт киімдер
16764002540 Іш киімдер Іш киімдер Іш киімдер Іш киімдер Іш киімдер
00 Іш киімдер Іш киімдер Іш киімдер Іш киімдер Іш киімдер
2095502540Жеңіл киімдер
00Жеңіл киімдер
Ішкиімдер ұйықтаған кезде киетін киімнің бірі. Ішкиімдер мақта матадан, шыт, сәтен, бөз , бәтістен тігеді. Бұл маталар жұмсақ, әрі жеңіл, мықты болады, ылғалды жақсы тартады және ауаны жақсы өткізеді. Қыстық түнгі көйлек тігу үшін фланель және бумази маталары қолданылады. Түсіне қарай ақ түсті, ашық түсті, тегіс бояулы, майда суреттері бар маталар таңдалып алынады.
Түнгі көйлектердің пішімі әр түрлі болады. Олар қысқа және ұзын, жеңсіз және жеңдері бар, жағалы және жағасыз иыққа түскен тігісі бар және тігісі жоқ болып келуі мүмкін. Жағалары да әртүрлі болып келеді. Түнгі көйлектерді сәндеу үшін шілтерлер, кестелер, меражка, аппликация қолданады.
Киімді конструкциялауда негізгі және жауаптыәрі күрделі процестердің бірі-адам денебітімінен алынған өлшем белгілері, яғниөлшем алу болып табылады. Дайындалатын бұйым бөлшектерінің қонымдылық сапасы,оның сымбаттылығы өлшемнің дұрыс алынуына байланысты.
Өлшем алу үшін сақталатын талаптар:
өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіру
белін алдын ала жіппен буып қою
өлшемін алынатын адам тік тұруы керек
таспаны қатты немесе босатуға болмайды.
ұзындық өлшем толық, ен өлшемдері жартылай жазылады.
1882140128270Тұлға өлшемдері
00Тұлға өлшемдері
254889024130000292036524130000145351524130000
901065250825Орамдары
00Орамдары
3091815250825Ұзындықтары
00Ұзындықтары
2063115250825Ендері
00Ендері
Адамның денебітімінің бастапқы өлшемдері үш санмен таңбаланады. Мысалы: 158-80-86. Мұндағы бірінші сан – см-мен өлшенген бойы, екіншісі – кеуде орамы, үшіншісі – мықын орамы болып табылады.
Түнгі көйлектерді тігу үшін мынадай өлшемдер қажет.
ЖМойо-жартылай мойын орамы .
ЖКо – жартылай кеуде орамы.
ЖБо – жартылай бел орамы.
ЖМо – жартылай мықын орамы.
Арбұ – артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы.
Ие – иық ені.
Бұ – бұйым ұзындығы.
Қосымша – киімнің берілген үлгісін алу үшін тұлға өлшемін үлкейтуге , қозғалыс еркіндігіне керекті шама.
Сарамандық жұмыс
Техникалық қауіпсіздік ережесін және өлшем алу кезінде қойылатын талаптарды еске түсіру.
Өз өлшемдерін алып үйрену және түрлі-түсті қағаздан түнгі көйлектің үлгісін құрастыру
Нұсқау карта
№ Өлшем атаулары Өлшем белгілері Өз өлшемің
1 Жартылай мойын орамы ЖМойо 2 Жартылай кеуде орамы ЖКо 3 Жартылай бел орамы ЖБо 4 Жартылай мықын орамы ЖМо 5 Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы Арбұ 6 Иық ені Ие 7 Бұйым ұзындығы Бұ Сабақты бекіту
1.«Сиквейн» әдісі бойынша :
Кім? Не? -1 сөз
Қандай ? – 2 сөз
Не істеді ?- 2 сөз
Сөйлем – 4 сөз
2072640158115002.«Негізгі идеяны суреттеу»
2701290361950010344153619500
167259094615Түнгі көйлек
00Түнгі көйлек
13569953746500
967740914400028251159144000
3.«Кім жылдам» ойыны
1.Киімді конструкциялауда негізгі операцияның бірі ?
2.Ішкөйлектің сызбасын тұрғызу үшін дене бітімнен қандай өлшемдер алу керек ?
3.Өлшемді немен алады?
4.Іш көйлек қандай бөлшектерден тұрады?
5. Өлшем белгілерін қалай таңбалайды?
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма
§11.38-бет Алынған өлшемге сызба тұрғызу.