Дене т?рбиесі ж?не спорт тарихы


Дене тәрбиесі және спорт тарихы
Дене тәрбиесі дамуының тарихи тәжірибесі және адамның дене дамуын зерттеудің эксперименталды әдістері, дене қызметінің ой қызиетіне қатысын айқындау дене тәрбиесінен білім берудің өскелең ұрпаққа қатысты мақсаты мен мәнін айқындауда көптеген ғасырлар бойы жол берілген қараңғылық пен негіздікті жоюға көмектесті.
Дене тәрбиесінен білім берудің даму тарихындағы ғылыми кезең өзге тарихи кезеңдерден басқаша. Ең басты айырмашылықтары: 1) ақиқатты тексеріп, айқындау үшін сан алуан әдістерді қолдану; 2) тәрбиелеу мен үйретуде тұлғаның құқықтарын мойындау.
XVI жүзжылдықта дене тәрбиесі педагогика мен спортқа қатысты ғылыми ақиқатты жасау кезіңінде, осы шыңдықты іздеп табуға бел байлаған батыл ойшылдар, данышпан тұлғалар пайда болды. Бүгінгі білім биігінен қарағанда, олардың тәжірибелері оймен тану дәрежесінде болғанымен, адамға «жоғарыдан» берілетін терең, «жұмбақ сырлы» даналығы да жоқ емес.
Бұл ойшылдар мен ғалымдардың өзара тек олардың ішкі көңіл-күйлеріне ғана бағынған. Олар бір елден бір елге өз білімін, пәлсапалық ойларын, ғылыми ізденіс тәжірибелерін арақалап өте берген. Өмірі табиғи өліммен аяқталғандары сирек. Көптеген данышпан тұлғалардың есімдері, көрген азаптары мен еңбектері Помпонацийден Джордано бруноға дейін философия тарихынан, медицинадан және әдебиеттерде жазылған шығармаларда қалған.
Үш ойшыл Бэкон, Декарт және Спиноза ақиқаттармен зерттеулердің объективті әдістері жинағынан тұратын ғылым құрған. Бұл ғылымның әсері Исаак Ньютон мен Джон Локктың дүние тануында айқын із қалдырған. Тәрбие және дене тәрбиесінен білім беру саласында Джон Локк есімі ерекше маңызды.
Джон Локк 1632 жылдың Урингтон қаласында туылған. 14 жасқа дейін әкесінің тәрбиесінде болады. Классиккалық білімді Вестминстерская коллегиясында алды. Бұл жерде ол өз дене дамуына көп уақыт бөлді: доп, крокет ойнап, жұгірумен, ескек есумен айналысты. 1652 жылы Локк Оксфорд университетіне оқуға түсті. Бірақ 1683 жылы саяси себептер салдарынан университетті бітірмей, ол өз елінен кетіп, Голландияға қоныс аударуға мәжбүр болады.
1690 жылы ол «Балаларды тәрбиелеу жөнінідегі ойлар» деген педагогикалық шығармаласын басып шығарды. Мұнда ол тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін зерттеп, білім беруді баланың қабілеттері және бейімділіктеріне орай бағыштау қажет деген негізгі ойын білдірді. Локктың пікірінше, жеке беімділіктер ойын кезінде айқынырақ ашылады және оны не мазалайтынын білу үшін, локк тәрбие процесінде кездойсоқтық пн өзімбілермендіктің болмауы тиіс, тәрбиенің барлық шаралары негізделуі керек деген пікір білдіреді.
Тәжірибе және бақылау кезінде Локк өте пайдалы кеңестер берді: балалр қыста да өте жылы киінбеуі керек, бас киімсіз, жаяу көп жүру, күнделікті мұздай сумен жуыну пайдалы.
Жан-Жак Руссо айтқан педаггикалық ойлар өз нәтижесін берді: Германияда «филанторпиндер» мектептері ашылды, онда тәрбиелеу жүйесі еі алдымен тәрбиеленушіге мейіріммен қарауға негізделген. Мұнда алғашқы мектеп Дессау қаласында 1774 жылдың 24 желтоқсанында ашылған.
Дене жаттығуларын оқыту Г. У. Фитқа тапсырылған еді. Ал ол Гутс- Мутспен бірге неміс гимнастикасының негізін қалаған.
Г. У. Фит 1763 жылдың 8 қаңтарында Гооксилде, Евердің Ангальт-Церь қожалығында туылған. Ол княздік жоғары мектебіне ұстаз болып 1786 жылы ьтағайындалған. 1799 жылы Дессаудағы барлық мектептердің директоры болды.
Өзінің гимнастикалық еңбектерінде Фит оқушылардың дене тәрбиесінен білім алуына зор мән беріп, жаттығулардың пайдасы мен әсерін негіздеген. «Дене жатттығулардың мақсаты,- дейді Фит, -барлық қимылдарды жасау және адам ағзасындағы оның жетілуіне қызмет ететін күштерді іске қосу, сөйтіп өз денесін қалыптастыруға жұмылдыру».
Гутс-Мутс Фитпен тығыз бірлесе отырып, Шнепфенталь мектебі жағдайында неміс гимнастикасының негізін қалады.
«Бәрінен бұрын- деп жазады Гутс-Мутс,- дене жаттығуларымен жоғары білім мекемелерінде, әсіресе біздің университеттерде танысыу тиіс. Себебі, оларды бітірген дінбасылары қала мен ауылдарға оқытушы ретінде жіберіледі. Басқа барлық қоғамдық топтарға гимнастика аса қажет, өйткені олардың денесі ең алдымен мемлекетке қызмет етуі керек. Бұл әсіресе жауынгерлерге қатысты. Жасөспірімдердің ептілігі мен шынығуын дамыту менің ұлттық тәрбие жоспарымның ең маңызды бөлігін құрайды».
Өз жүесінде Гутс-Мутс дене жаттығуларының білім берудегі мәнін арттыру үшін оларды топтаудың тектік әдісіне сүйенген. Бұл топтау мынадай ретте келеді:
Секірулер: бір орыннан (екпінсіз), жүгіріп келіп (10қадам).
Жүру мен жүгіру: гимнастикалық алым (минутына 50 адым); еселенген адым (10 адым); жүгіру жылдам адым (минутына 150 адым); жүгіру – жылдам, созылмалы, жыландап, тізбектеп, ұлулап, бұрыстылармен, өрге қарай (тауға).
Лақтыру: тастарды және тас шарларды лақтыру, тастарды төменнен құлаштап лақтыру; дискі, найза лақтыру.
Күрес: қарсыласты күрес орнынан ығыстыру; оны жерден көтеру; құлаштап жерге тастау ( осыған сәйкес, күрестің үш түрі ерекшеленген: жартылай шайқас, жеңіл шайқас, толық шайқас). Күрделі шайқас барлық үлгілерді біртұтас жиынтыққа біріктіру.
Өрмелеу: кедір-бұдыр сырықта, ағашта, жұмыр бөренеде, жіп сатыда, қанатта.
Тепе-теңдіктегі жаттығулар: бір аяқта және аяқ ұштарында тұру; жатқан ағашпен, жіңішке тақтай және қанат бойымен жылжу; ағаш аяқта жүру; конькиде жүгіру; параллель брустарда және әткеншекте жаттығу.
Бұған қоса жүру және жүзу жаттығулары.
П. Г. Клиас өзінің гимнастикасы бойынша- «Гимнастиканың бастапқы негіздері немесе «турнен өнері» атты тұңғыш шығармасы басып шығарды. Кейінірек Клиасс гимнастикасы бойынша бірнеше кітап жазған, олар Франция, Англия, Швейцария елдерінде басып шығарылған.
Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, күресу, жүзу жаттығуларынан басқа, Клиасс өзінің сабақ беру жүйесіне жаңа: үшбұрышты трапеция үстіндегі жаттығулар; қиғаш тартылған параллель қанаттардағы, жіп сатыдағы сияқты жаттығулар енгізді.
Клиас қолданылатын дене жаттығуларының шеңберін кеңейтті де, соның арқасында гимнастикалық білім тарату саласындағы оқытушы қызметінің аясын кеңейтті. 1807 жылдан бастап дене жаттығулары барлық корольдік кадет корпустарына, теңіз және артиллерия оқу орындарына, азаматтық мектептерге енгізілді. Ал 1827жылдың басынан бастап дене жаттығуларымен 7 ден 15жасқа дейінгі ұлдардың барлығы айналысуы міндеттелді. 1813 жылы Нахтегаль дат үкіметінің алдында 1799 жылы-1830 жылдары аралығында гимнастиканың даму жағлайы жөнінде есеп берді. Есеп беру «Даниядағы гимнастиканың 1799-1830 ж.ж. енгізілу сәтінен ілгерілуі» деген тақырыппен жарық көрді. Нахтегаль мынандай еңбектерін басып шығарды: «Гимнастика әдістемесі мен лекцияларға алғыссөз», «Халықтық және қалалық мектептерге арналған гимнастика оқулығы».
Германияда дене жаттығулары насихаттауд, осы жаттығулардың ұлттық ерекшеліктерін көрсетуде үлкен ықпал жасаған Фридрих Людвиг Ян болды. Гимнастика дамуындағы Л. Янның ұлтшылдық ойлары осы нәннін теориялық негіздерін жасаудағы оның еңбегін еш кемітпейді. Ян әдісі бойынша жаттығулар бүкіл германияда таралды. Неміс университетінде олар кенінен таралды. 1817 жылы көктемінде Ян дене жаттығуларының ұлттық рөлі жөнінде өзінің 21лекциясын оқыды. Дәл осы жылы Киль және Иен неміс университеттері дирекциялары оған құрметті доктор атағын берді.
Ян параллель брустарда жасалатын жаттығуларды мынадай жолмен жүйелейді: а) тіреуіштегі жаттығулар; б) «сермеу» жаттығулары; в) ілініп тұрудағы жаттығулар; г) өз денесін брустардан асыра тастау жаттығулары; көлденен сырықта жасалаиын жаттығуларды ол 6 топқа бөлді; 1) ілініп тұрудағы жаттығулар, 2) тіреуіштегі жаттығулар, 3) «сырыққа сермеу»; 4) сырықта «отырған және жатқан қалыпта» жасалатын жаттығулар; 5) күрделі жаттығулар; 6) сырықта айнала асыра тастаумен немесе аударылып түсумен орындалатын жаттығулар. Көлденең сырық үшін Ян 335-тей жаттығу ойлап тапқан. Немістік мектеп гимнастикасының негізін қалаушылардың бірі- Адольф Шписс. Шписс жасөспірім шағында Оффенбах қаласындағы жекеменшік тәрбие мекемесінде оқыған. Сол кезде ол Гутс-Мутс және Янның дене жаттығулары жүйелерімен алғаш танысты. Шписс енгізген негізгі жаңалықтар оның «Гимнастика жөніндегі ілім. Еркін жаттығулардағы гимнастика»; «Жалпы жаттығулардағы гимнастика»; «Мектептерге арналған гимнастиканы үйрету құралы ретіндегі гимнастика бойынша кітап» деген іргелі еңбектерінде сипатталған. Оларда ол өзінің негізгі ойын көрсеткен: мектептерде қолданылатын дене жаттығулары балалар денесінің дамуы ерекшеліктерін, жынысын және жасын ескеруі қажет. Аталмыш еңбектерде баяндалған оқытушы Шпис әдісі ұлдар үшін де , қыздар үшін де жаттығуларды олардың жасына қарай білуді қарастырады. Бұл жерде Шписс дене жаттығуларын топтастырғанда барынша қарапайым етіп, мектеп талабына бейімдеген: алтыдан он жасқа дейін және оннан он алты жасқа дейінгілерге арналған жаттығуларды сипаттаған. Алтыдан он жасқа дейінгі балаларға төмендегідей оқу материалдары ұсынылған: реттік (саптық) және еркін жаттығулар; тепе теңдіктегі жаттығулар; тереңге секіру, сырықпен және «текеден» секірулер; тіреуіште және ілініп тұрып жасалатын жаттығулар; «ауыр салмақты жылжыту, көтеру және тасу» түріндегі жаттығулар: күрес, лақтырулар, жүзу және ойындар.
Оннан он алты жасқа дейінгі балаларға қиынырақ жаттығулар ұсынылған: саптық және еркін жаттығулардың күрделілеу формалары: билер, тепе-теңдіктегі жаттығулар, гантельдермен секіру, паралель брустарда, бөренеде және перекладинада орындалатын жаттығулар, «ат» және «текеден» секіру, сырықпен секірулер, нысанаға лақтыру, т.б. Шписс нағыз эмпирик еді. Ол балалардың ойы мен денелерінің жетілуіне әсер ету үшін неғұрлым көп дағдыларды, тәжірибелерді жан-жақты игеру қажет деп есептеді. Сондықтан жалпылама түсініктерді ө бетімен игеруге, жаттығуларды таңдаудың жалпы прициптерін, игеру әдістерін, орындау тәсілдерін тануға аз көңіл бөлді. Дене тәрбиесін оқыту тарихының ғылыми кезеңінде орын алған тағы бір құбылыс-дене жаттығуларының «швед әдісі» немесе «швед гимнастикасы» еді. Оның негізін қалаушы-Генрих Линг(1776-1839ж. ж ). Тәуелсіз, өткір мінезді бозбала Генрих Линг Вексода гимназияны тәмамдаған соң, бүкіл елді аралап Еуропаның көптеген қалаларында болды: Упсада, Стокгольмде бір көрініп, Берлин немесе Копенгагеннен бір шығып, 1797 жылдың 21 желтоқсанында Линг дін ілімі кандидаты дәрежесіне емтихан тапсырып, Стокгольмде үй оқытушысы болғаны белгілі; көп ұзамай ұстаздықты қойып Германия және Данияда саяхаттады; Франция мен Англияға да барды. Осы дүние кезу арасында ол әскери қызмет те атқарды.
Линг құрастырған швед гимнастикасы былай ерекшеленеді:
педагогикалық гимнастика (субъективті-белсенді);
әскери гимнастика (субъективті-пассив);
дәрігерлік (объективті-пассив);
дәрігерлік (объективті-белсенді).
Линг жүйесі бойынша дене жаттығулары сабақтары құрылымының қазіргі заманғыларға өте жақын екені П. Ф. Лесгафтың шығармасының мәтінінен көрінеді. «Мысал үшін өзім қатысқан бір сабақты суреттеп берейін. Бұл сабақты Яков әулиенің халақ мектебіне Зманн ханым жүргізді. 32 оқушы қыз болды. Сабақ 45 минутқа созылды. Тек еркін қимылдарда және жүруде олар бірге жаттықты, ал барлық басқа жаттығуларда олар 6-9 оқушыдан 4 топқа бөлінді»,-деп жазады Лесгафт.
1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің «Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі білімін беру бойынша құрал» атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімін, 1901 жылы екінші бөлімін жарыққа шығарды. Лесгафт құрған бүкіл дене жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі, денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша бөлінеді:
қарапайым жаттығулар;
күрделі жаттығулар;
үйлесімді жаттығулар;
жүйелі, кешенді жаттығулар.
П. Ф. Лесгафтың «мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесінен білім беру бойынша құрал» атты классикалық еңбегі – ғасырдың 60-жылдарындағы дене тәрбиесі мен білім беру ғылымының дамуында негізін қалаушы болып табылады.