Саба?ты? та?ырыбы: К?згі балл


М.Әбдіхалықов атындағы
мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Темирханова Жанар
Күзгі бал – 2016сайысы
Жүргізуші.1:
Құрметті достар және қадірменді қонақтар!Сіздерді «Күзгі бал» мерекелік кеште көргенімізге қуаныштымыз. Осы мереке жылдың тамаша мезгіліне – Күз мезгіліне арналған!
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші.2:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
Жүргізуші.1:
Күз мейрам құтты болсын баршаға
Күздің сәні келіп қапты ортаға
Әділғазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,
-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы арқаларымен таныстырып өтейік.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші.2:
Қош келдіңіз, көрермен,
«Күзгі бал» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді тойлаймыз»
-дей отырып бүгін даярлық топ оқушыларының «Күзгі бал» мерекелік кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші.1: Құрметті қауым! «Алтын күз» мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
Бүгінгі кеш сайыс түрінде ұйымдастырылмақ
Сайысымыздың
1 – тур: «Күз ханшайымы мен Күз ханзадасының өз жұптарымен және киім үлгісімен таныстыру»
2 – тур: «Жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар сайысы»
3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»
4 – тур: «Ата-аналарымен флэшмоб»
5 – тур: Қорытынды. Марапаттау.
Жүргізуші.2
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз,
Ендеше ортаға даярлық топтың сайысқа қатысушы Күз ханшайымы мен Күз ханхадасын шақырайық.
Бірінші жұп - / даярлық «а» тобының оқушылары: Жолдасқали Мерей, Зейнулла Сабина.
Екінші жұп - / даярлық «ә» тобының оқушылары: Жанибекқызы Арайлым, Курал Бекслан.
Үшінші жұп - / даярлық «в» тобының оқушылары: Мәнеш Айбар, Бақыт Айда.
Төртінші жұп -/ даярлық «г» тобының оқушылары: Ақболатқызы Аружан, Оңдаған Нұртілек.
Бесінші жұп - / даярлық «д» тобының оқушылары: Исабай Ақансері, Құрбанкали Ақниет.
Жүргізуші.1:
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер, Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік. Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші жұп!
Жүргізуші.2:
Ендеше келесі сайысымыз «Жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар сайысы». Жемістер мен көкөністерді сахна төріне шақырайық. Бірінші кезекте даярлық «а,ә,в,г,д» тобының оқушыларын сахна төріне шақырамыз.(Әділқазылар алқасына есрету, тақпақ айтқан балалардың киіміне баға беру.)
Жүргізуші.1:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.
Жүргізуші.2:
Анасыздар,әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар Сәтті басса ұрпағың,-мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар Анасыздар – Ақ Еділ, Жайықсыздар- Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын Әр үйдің Күні десе,-лайықсыздар.
Соңғы бөліміміз флэшмоб кезек береміз бірінші кезекте даярлық «а,ә,в,г,д» тобының оқушылары мен ата-аналары
Жүргізуші.1:
Әділқазылар қорытындылауға дайын болғанша Ән
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
«Күз ханзадасы»:
«Күз ханшайымы»:
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!