Саба?ты? та?ырыбы:Демалыс к?ні 2-сынып


Күні:15,01,15
Сынып 2Тақырыбы: Демалыс күні
Грамматикалық тақырып: Кімнің?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақтарда алған білімін бекіту;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Демалыс туралы тәрбиелі әңгімелер айту. Табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: суреттер
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойландыру, сұрақ – жауап, аударма.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, назарларын пәнге аудару. Үй тапсырмасын кезекшіден сұрау. Мына сұрақтарға жауап алу:
Ой қозғау.
- Бүгін кім кезекші?
- Балалар, бүгін қандай күн?
- Ауа – райы қандай?
- Қандай жыл мезгілі?
- Үйге не тапсырма берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
75 бет 5- тап оқу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы : : Демалыс күні, Грамматикалық тақырып: Кімнің? Ең алдымен балалар жаңа сөздермен танысамыз ең бірінші мен айтамын содан кейін сөздік дәптерге жазып аламыз.
Кітаппен жұмыс.
1- тапсырма. Суретке қара. Тыңда, оқы.
Сен қайда барасың?
-Мен тауға барамын.
Сен не істейсің?
-Мен шаңғымен сырғанаймын .
-Мен де барамын
Жоқ, сен шаршайсың , жылайсың.
Жоқ, мен шаршамаймын, жыламаймын.
Жүр кеттік!
Алақай!
2- тапсырма.Оқы.
Мен тауға барамын. Мен шаңғымен сырғанаймын. Мен шаршамаймын.
Мен жыламаймын.
Сергіту сәті.
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Сөздік- жұмысы
Шаңғы- лыжи
Шана- сани
Сырғанайды- катается
Сұрақ- жауап
1 Сен демалыс күндерін не істейсің?
2 Неше күн демаласың?
3 Неше күн оқисың?
Үйге тапсырма.
4- тапсырма.77 бет жаттау
ІV. Қорытынды.
-Сабақ аяқталды
- Сау болыңыздар!