«К?згі бал» танымды? кешіні? сценариі


Кеш тақырыбы: «Күзгі бал» танымдық кешіМақсаты:1.    Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.2.    Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.3.    Ұқыптылыққа,  шымыр да шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар.Кеш барысы: (Кеш жұптардың биімен ашылады).1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жадыраған жас достар!Бірге: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!1-жүргізуші:     
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,Көңілді серіппелі күйін ашсын.Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,Береке бірлікпенен ортақтассын.1- жүргізуші:  Өнерпаздар жарысып сан-салалы,                   Жиын десе, той десе жан салады.                   Кешіміздің ашылу құрметіне,                   Әуелеген әсем би жолданады.
2-жүргізуші:
И снова осени портрет
Природа вешает в гостиной,
Под звуки песни журавлиной,
Под листьев золотистый свет.Ән: «Күзгі вальс». Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:Біздерде ойын сауық басталады,Тамаша күй тартылып ән салады.Қошеметтеп қол соғып отыралық,Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Добрый день, дорогие друзья! Сегодня в этот зал нас пригласила романтическая, загадочная, чарующая, непредсказуемая, степенная госпожа осень.Что делает человека красивым? Ювелиры скажут – украшения, парикмахеры – прическа, а портные уверены – костюм. Недаром искусство модельера сравнивают с работой художника. Мы предлагаем вашему вниманию конкурс – «И в пир и в мир».Наши участницы сейчас попытаются сделать новые наряды с помощью осенней листвы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.Жүргізуші: Жомарт көңіл жарқын күз,        Сары алтынға малынған.        Жетті міне Алтын күз,        Сары алтыннан бұрын да.        Сары пүліш көйлегі,        Алтын күзді шынында,        Ару дерсің бейнелі.        Келістіріп бар сәнін,        Берген өзі табиғат.        Күз ханзада – ханшасын,        Қарсы алайық, жамағат! - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!
8 «А»•   Иманкулов Али 
•   Қуандық Алмагул 8 «Б»•    Зайнатдунов Азимжан
•    Касимова Адалят
9 «А»•     Абрахимов Қуаныш•    Абжалилова Алинур
9 «Б»•    Авашев Эльмурат
•     Иминова Регина
Жүргізуші:Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.Әділдікке бас иеді күллі әлемЖүйрік озар сайыстарда неше бірСарапқа сал әділдікпен шеше біл, – дей келе әділқазы алқасымен таныстырып өтейік.Әділқазы мүшелері:
Мектеп директоры Кошаханова Ш.Ш.
Мектеп кітапханашысы Тұрсынбаева Ұ.
Музыкант: Ахметова С. Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік.1 – кезең: Таныстыру 2 – кезең: «Күзгі жарнама»
3-кезең: «Күзгі вальс»4 – кезең: «Сән үлгісі»5 – кезең: «Үй бикесі»6 – кезең: «Миға шабуыл»
7-кезең: «Күзгі фантазия».Жүргізуші:
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз.Бір басына өнері жетер дейміз.Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіпӨздерін таныстырып өтер дейміз.Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз. «Таныстыру» сайысы!
Жүргізуші: Екінші кезең: «Күзгі жарнама».
Шалқып, тасып әніміз,Жадырасын жанымыз.Бүгінгі күз кешіндеБи билейік бәріміз, - дей келе келесі «Күзгі вальс» кезеңін тамашалайық.Ортаға жұптарды билеуге шақырамыз.
Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.Жүргізуші:Модельер болу оңай ма?Қиналып жатсаң мұңайма.Әр мамандық өзгеше,Өз мәнінде, шырай да, - дей отырып, «Сән үлгісі» сайысын бастаймыз. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.Әр жұп дайындаған киімдерін киіп сән үлгісін көрсетеді.
Жүргізуші:Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,Жұптарға сөз берелік біз жекелеп,- дей келе «Үй бикесі» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.Ал, әділқазылар алқасы әр өнерпаздың өнеріне әділ бағасын бере отырайық.
Жүргізуші:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.Жауаптарын табар ма екен үміткерлерСол себептен қоятын сұрақтар бар.Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық.
№1. билет1. Қыркүйек айының ескі аталуы қалай? (мизам)2. Күзеу тозған оты жоқ елдің маңы.Тұман болар, жел соқса, шаң – тозаңыОт жақпаған үйінің сұры қашып,Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы. Кімнің өлеңі? (Абай)3. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа.№ 2. Билет1. Қазан айының ескі аталуы? (ақырап)2. Жатпалық жастар жатпалықЖасқанба жолын ашылсынБақшасында халықтыңБұлбұл боп тілің сайрасын атты - шумақ жолдар қай ақындікі? ( )3. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз? (Адыраспан, дермене, қараша.)№3. билет1. Қараша айының ескі атауы? (қауыс)2. Жастықтың оты қайдасыңЖүректі түртіп қозғамайҒылымның білмей пайдасынДүниенің көркін қозғамай, - деп жырлаған қай ақын?3. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?(Қауынқұрт, қақ, кепкен өрік, мейіз, жиде)№4 билет1. Тамыз айының ескі атауы ( тамызық )2. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.- өлең жолдарын жазған ақынымызды атаңыз? (Мұқағали)3. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)Жүргізуші:Тапсырма мынадай: менің қолымда жеміс – жидектердің аты жазылған жапырақтар бар, соның біреуін таңдап алып, өз балаңызға ыммен түсіндіру керексіз. Түсіндіріп, баласы дұрыс жауап бергендер ойыннан шыға береді.Жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,Бар хандықты қазаққа дала берген секілді.Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.Ендеше «Күзгі фантазия» кезеңіне кезек берейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!Жүргізуші:Жеңістер мен жеңілістен тұратын,Өмір күрес, жеткізе мұратын.Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін ,Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділқазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділқазыларда!---------------------------------Жүргізуші:Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал - 2016» байқауының жеңімпаздары -- Бас жүлде: қошеметпен ортаға шақырамыз. Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.«Күз ханзадасы»: «Күз ханшайымы»: Мектеп қой еліміздің қаны-жаны,Мектептен басталады бәрі-бәрі.Бүгінгі «Алтын күз» салтанатындаШырқалсын «Алтын күздің» әнұраны. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!
Алматы облысы «Бекітемін»
Еңбекшіқазақ ауданы Мектеп директоры_______
№ 1 Азат орта мектебі Кошаханова Ш.Ш.
Танымдық кеш
«Күзгі бал»
Педагог-ұйымдастырушы Н.Т. Жетибаева
2016-2017 оқу жылы