?аза? тілі п?нінен Банк тарихынан атты та?ырыпта саба? жоспары (6-сынып)


Айы, күні, жылы.
Сыныбы. 6
Сабақтың тақырыбы. Банк тарихынан.
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән
дыбыстарының айтылуы мен жазылуын
қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын
молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
ІV Жаңа сөздер.
қосылған- присоеденилось
мағына - значение
тексеру - прверять
несие - кредит
айырбас- обмен
атқару- выполнять
V Дәптермен жұмыс
2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Алғашқы банктер қашан және қайда пайда болған?
2. Мемлекеттік банктер қашан ашылған?
3. Олар қандай жұмыс атқарған?
4. Орталық банк не істейді?
5. Орталық банктің басқармасында кімдер кірді?
VІ Тақтамен жұмыс
Берілген сөздерді септеу, фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңдар.
Банк тарихы
Банктер ертеден пайда болған. «Банк» деген сөз неміс тілінен шыққан. Оның мағынасы – «тақ» дегенді білдіреді. Итальян тілінде де «Банко» деген сөз бар, оның мағынасы да «тақ». Басында банктер айырбас жұмыстарын атқарған, кейіннен оған несие беру жұмысы қосылған. Ертеде банктер Вавилонда дамыған. Біздің заманымызға дейінгі дәуірде Элладада, Эффеск, Делосск, Дельфийск деген храмдарда банктер болған. Египет пен Римде де банктер болған. Бірінші қоғамдық банктер Гандейск қаласында ашылған. 1694 жылы Петерсон деген ағылшын Ұлыбританияда банк ашқан, кейіннен ол орталық мемлекеттік банкке айналған. Ол сауда, несие, ломбард, қарыз жұмыстарын атқарған. Мемлекеттік банктер Францияда 1800 жылы, Австралияда 1816 жылы, Бельгияда 1825 жылы, Ресейде 1860 жылы ашылған.
Банктер экономикада басты роль атқарады. Олардың ішінде орталық банк бірінші деңгейдегі банк саналады. Ресейде орталық банк – мемлекеттік, Швецарияда, Қазақстанда – коммерциялық. Орталық банк коммерциялық банктердің жұмысын тексереді және басқарады. Ол ақша және басқа банкноттарды шығарады.
Қазақстанның ең ірі банктері – Казкоммерцбанк, Халық банк. 1993 жылы Қазақстанда 200-дей банк болса, қазір олардың саны 60 дейін азайды.
3-тапсырма. Естеріңде болсын.
UZD- америкалық доллар
DEM-неміс маркасы
JPY-жапон иені
GBP-ұлыбритан фунтстерлингі
FRF-француз франкі
ATS-австрия шиллингі
KZT- қазақстан теңгесіITL-итальян лирасы
UAK- украйн карбованцы нидерланд гульдені NLQ- нидерланд гульдені
RUR- орыс рудлі
4-тапсырма Оқыңдар, қызық.
Әлемде ең қымбат сауда «Кока -кола» маркасы. 1997 жылы оның бағасы 48 млрд-қа тең болған. «Кока-кола» компаниясының акциялары 48 млрд-тан 150 млрд. долларға жетті.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
Сөйлемдерді суретпен сәйкестендіру..