Repeat untial операторы 8 класс


Сыныбы: 8 а
Мерзімі: 10.01.2017
Тақырыбы: Repeat..untial..операторы
Мақсаты: Оқушыларға Циклдік алгоритмдерге программа құруды үйрету. Оның қызметші сөздерімен таныстыру.
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
минут
Кіріспе.
2.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Қызыл өрік» би - жаттығуыТопқа бөлу . «Мозайка». 4 топқа топтастыру Мұғаліммен сәлемдесу.
«Қызыл өрік» би – жаттығуын жасайды.
«Монитор, пернетақта» сурет қиындыларын құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді.
монитор
сурет қиындылары13 минут
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сұрақтар беремін.
Паскаль тілінде операторлар қанша бөліктен тұрады?
2. Қарапайым оператор дегеніміз не?
3. Күрделі оператор дегеніміз не?
4. Меншіктеу операторы дегеніміз не?
5. Goto операторының міндеті қандай?
6. Қарапайым операторларға қандай операторлар жатады?
Топты бағалауға нұсқау беру.
Ламинатталған парақ арқылы топтар жауап бередіОқушылар берілген тапсырмаларды алдымен жұпта, содан соң топта талқылайды, баяндамашы жауап береді;
Топты бағалайды смайликтер арқылы. ламинатталған парақ, маркер
смайликтер
5минут
17 минут
2 минут
Негізгі бөлім.
Паскаль тілінде қайталау процесін үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:
- алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру;
- келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру;
- параметрдің мәні бойынша қайталауды ұйымдастыру.
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру:
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталау көп жағдайларда қайталану саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады.
Қайталану саны белгісіз циклдер.
Кейде циклді неше рет қайталау керек екені алдын ала белгісіз, бірақ ол қандай да бір шарт сақталғанша орындалуы керек екені белгілі болады.
Циклді дұрыс ұйымдастыру үшін:
1. параметрдің бастапқы мәнін беру керек;
2. циклдің аяқталу шартын тексеру керек;
3. циклдің жаңадан қайталануының алдында параметрді өзгерту керек;
цб (цикл басы) және цс (цикл соңы) қызметші сөздерінің арасында көрсетілген командалар сериясы (цикл денесі) берілген шарттың сақталуы бұзылғанша неше рет керек болса, сонша рет орындалады. Егер шарт басынан бастап сақталмаса, онда серия бір де бір рет орындалмайды.
Жүзеге асыру түрлері.
Блок-схема Алгоритмдік тіл Паскаль тілі
«Топтық зерттеу» әдісін қолдана отырып, оқушылардың жаңа тақырыпқа қатысты көрсетілген слайдтан түйгендерін және ресурстан пайдалана отырып, сұрақтарды флипчартқа түсірулеріне нұсқау беремін.
Топты бағалауға нұсқау беру.
Сергіту сәті. «Қара жорға» биі Қайталану командасы:
Әзір шарт
Цб
Цикл денесі
Цс Алғы шартты цикл операторы:
While шарт do
Begin
Цикл денесі (серия)
End
Егер серия бір командадан тұратын болса, операторлық жақшаларды қоймауға болады.
Соңғы шартты цикл операторы:
Repeat
Цикл денесі (серия);
Until шарт;
Цикл шарт әзірше ақиқат (while) немесе әзірше жалған (repeat ... until) болғанда орындала береді.
Егер қайталанудың денесі бірнеше оператордан құралса, онда олар Begin - End қызмет сөздерінің арасына алынып жазылады.
Мысалы,
While шарт do
Begin
1-оператор;
2-оператор;
. . . . . . . . . . .
n-1 - оператор;
n - оператор;
End
Ал егер қайталанудың денесі бір ғана оператордан тұрса, онда оны операторлық жақшасыз жазуға да болады. Мысалы:
While логикалық өрнек /шарт/ Do операторы.
Егер шарт жалған болса, онда цикл денесі бірде-бір рет орындалмайды.
Келесі шарт бойынша қайталау операторы
Бұл оператор көп жағдайларда қайталаудың саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады. Оның жазылу түрі:
Repeat
қайталану денесі (серия)
Until
Әр топ тақырыпты талқылап, түйінді идеяларын маркер арқылы флипчартқа түсіреді. Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Топтар бір-біріне сұрақ қояды.

Топты бағалайды бағдаршам арқылы.
Монитордан көрген «Қара жорға» биіне билейді слайд
флипчарт, маркер
бағдаршам түстері
бейнеролик
Практикалық жұмыс. Оқушылардың қызығушылғын арттыру. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.
І деңгей
1. Берілген Y = функциясы үшін:
А) Х – ті 1 – ге тең қадаммен 1 – ден 10 – ға дейін өзгерте отырып, мәндер кестесін басып шығару керек,
Ә) алынған мәндердің көбейтіндісін есептеп шығару керек.
2. 4, 8, 12, ..., 56 сандарының қосындысын есептеу үшін алгоритм құру керек.
ІІ деңгей
1. Х – ті Y = sinx функциясы үшін:
А) Х – ті 10 – ға тең қадаммен 00 – тан 900 – қа дейін өзгерте отырып мәндер кестесін басып шығару керек.
Ә) алынған мәндердің қосындысын есептеу керек.
2. 5, 10, 15, ... , 55 сандарының көбейтіндісін есептеу үшін алгоритм құру керек.
ІІІ деңгей
1. Х – ті Y = cosx функциясы үшін:
А) Х – ті 5 – ке тең қадаммен 00 – дан 900 – ға дейін өзгерте отырып, мәндер кестесін басып шығару керек.
Ә) алынған мәндердің қосындысын есептеу керек.
2. 2, 4, 6, ..., 12 сандарының көбейтіндісін есептеу үшін алгоритм құру керек.
3 минут2 минут
Қорытынды.
Алған білімдерін тексеру үшінбір-біріне Миға шабуыл сұрақтары арқылы диалогтік қарым-қатынас жасауына нұсқау беремін.
Бір-бірін бағалауға нұсқау беру.
БББ стратегиясы бойынша алған білімін бағалау үшін ,стикерге жаздырып тақтаға ілуіне нұсқау беру.
Үйге тапсырма: Техникалық қауіпсіздік ережесі.
Жиынтық бағаны өзім қоямын. Сұрақ,қайта сұрақ арқылы бір-бірімен диалогтік қарым-қатынас жасайды.
Өзара бірін-бірі бағалау.
Білемін, Білдім,Білгім келеді деген сұрақтарға өз ойларын жазады.
Үй тапсырмасын белгілеп алады.
Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді. стикер
Стикер.
Бағалау парағы
Сабғымызды қорытындылау үшін 5 сұрақтан тұратын тест әзірледім. Соған жауап береміз.
1. Паскаль тілінде циклге жатпайтын операторды атаңдар?
А) for
Ә) while
Б) loop
В) repeat … until
С) fo … to … do
2. Параметрлердің алғашқы, соңғы мәндерін және қадам мәнін белгілейтін оператор.
А) for
Ә) repeat
Б) while
В) do
С) then
3. for I:=2 downto 0 do writeln (j);
Берілген бағдарлама бөлігі қандай қызмет атақарады?
А) экранға 0 – ден 2 – ге дейінгі сандарды шығарады
Ә) экранға 2 – ден бастап барлық сандарды шығарады
Б) экранға 2 – ден 0 – ге дейінгі сандарды шығарады
В) экранға 1 – ден 3 – ке дейінгі сандарды шығарады
С) экранға 3 – тен 1 – ге дейінгі сандарды шығарады
4. Бағдарлама бөлігіндегі m – нің мәнін анықтаңдар.
m:=0;
While m<3 dom:=m+1;
А) 3
Ә) 4
Б) 2
В) 12
С) 123
5. Паскаль тілінде алдын ала тексеру шартын белгілеңдер.
А) for
Ә) while
Б) do … while В) loop
С) repeat … until