Информатика 5 сынып Саба?ты? та?ырыбы: ?арапайым графикалы? редакторы. Суретті са?тау ж?не ашу.
Қазақстан Республикасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
«Шұбарсу» жалпы орта мектебі
Бірінші (ілгері) деңгей информатика пәнінің мұғалімі
Сагымбекова Эльмира Агабековна
Пәні: Информатика
Күні: 3.12.2014 ж
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау және ашу.
Сыныптар: 5 «Ә»
Сабақ мақсаттары:
1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру.Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты ұсыну.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Power Point презентациялары, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: венн диаграммасы, интервью алу, көрнекілік стратегиялары
Сабақтың әдіс-тәсілі: Диалогтық сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс,эссе жазу, РАФТ әдісі.
Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады.
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
Редакторды іске қоса алады.
Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
Салынған суретті сақтап,ашып,қағазға басып шығара алады.
САБАҚ БАРЫСЫ
Уақыты
(мин) Кезеңдер: Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті Қолданы- латын модуль
2 мин I.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, бір-бірімізге хормен СӘТТІЛІК тілеу.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;
Оқушыларды топқа қарындаш пен өшіргіш арқылы топқа бөлу. Мұғаліммен амандасып, бір-біріне хормен СӘТТІЛІК тілейді
Сынып старостасы сабақта жоқ оқушылардың себептерін айтады;
Оқушылар топқа қарындаш пен өшіргішті таңдау арқылы топқа бөлінеді. 2 мин ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасы
Файл деген не?
Бума деген не?
Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?
Жарлық деген не?
5.Ақпаратты қалай сақтаймыз?
6. Ақпаратты тасымалдау-шыларға нені жатқызамыз? Әр топ өзіне қойылған сұрақтарға жауап береді. Диалогтық оқыту
3 мин ІІІ.Қызығушы-лықты ояту Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға бірінші сұрақтар қойылады. (Интервью және көрнекілік стратегиясы бойынша)
Пероглифтер дегеніміз не?
Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?
Қандай суреттер салған?
Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды:
Тасқа салынған суреттер
Сурет салу арқылы
Таңбалар
қағазға, папирусқа
компьютерге ОЖТ
СТО
10 мин IV. Мағынаны тану
1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
ДК – дің мәтіндік те, графикалық та ақпараттарды өңдеудің мүмкіндігі бар. PAINT графикалық редакторы растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пиксельдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі. (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Бұл редактор графикалық бейнелерді жасауға және оларды редакциялауға мүмкіндік береді. Яғни, редактор құрал саймандар мен бояуларды қолдана отырып, суретттерді салуға, суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға, суретке мәтіндер енгізуге, бар графикалық объектілерді түзетуге, схемаларды сызуға мүмкіндік береді.
2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск Барлық бағдарламалар PAINT Стандартты PAINT
Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.
67945-8890
PAINT терезесімен таныстыру. ОЖТ
(диалогтық оқыту)
СТО
9 мин V.Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындаймызҚарындаш тобына:
тапсырма: Бір көзіңмен «кідір» дейді,Бір көзім «жүгір» дейді.Бір көзім «абайла» дейді«Қарап ал маңайға» дейдіӨшіргіш тобына:
2- тапсырма:Ұзынды-қысқа қос тіл,Он екі цифрмен дос бұл. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды
Жұмбақтың жауабын бағдаршам екенін шешу арқылы суретті салады.
Жұмбақтың жауабын сағат екенін шешу арқылы суретті салады. АКТ
ОЖТ
9 мин VІ.Бiлiмдерін бекiту. Топтың аты бойынша рольге енеді.
Карындаш
Өшіргіш
Р-роль Қарындаш өшіргішА-аудитория пеналға БалағаФ-форма хат өтінішТ-тақырып Құрметті пеналь мені өзіңнен ажыратып жібергелі сені таппай қалдым ғой. Көрінген жерде шашылып жатырмын. Сені сағындым. Сәлемнен Қарындаш.
Менің өтініш жазу себебім, мені тістелеп, шимайлап, лақтырып тастамашы. Мен саған әлі керекпін. Өтініш иесі өшіргіш РАФТ әдісі
СТО
6 мин VІI. Бағалау. Оқушылардың барлығын бағалау Оқушылар бағаланады ОүБ,ОБ
ОБжК
1 мин VIIІ. Үй тапсырмасы туралы мәлімет. Үйге: Paint графиктік редакторы тақырыптарын оқып, мазмұндау
Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды. 3 мин IХ.
Қорытынды Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы рефлексия жазу Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы рефлексия жазу ОүБ,ОБ
СТО