Ашы? саба? ?арапайым м?тіндік редактор. Редактор интерфейсі 5 класс


Информатика 5- сынып
Өткізілген күні: 5 «а» ________
Сабақ №18
Сабақтың тақырыбы:
§19(153-бет)
«Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі».
Мақсаты:
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.Білімділік: Өткен тақырыпты еске түсіру. Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Информатика 5 сынып, оқулық;

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. 2. Өткен тарауды қайталау. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру4. Полиглот5. Тапсырмаларды орындау 6. Сергіту кезеңі 7. Ауызша тапсырма 8. Сабақты бекіту. 9. Бағалау 10. Үйге тапсырма беру.
Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылар тізімі;ә) кабинет жағдайы;б) сабақ барысымен таныстыру.
Өткен тарауды қайталау.
«Миға шабуыл» . Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары
Қандай графикалық редакторды білеміз?
«Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
«Paint» графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
Палитраның неше түсі бар?
Суреттің ең кішкентай элементі қалай аталады?
Х батырмасы қандай қызмет атқарады?
«Paint» графикалық редакторында қандай сурет салу құралдары бар?
«Paint» графикалық редакторында қандай геометриялық фигуралады қолдануға болады?
«Paint» редакторында мәтін кірістіру үшін қандай құралды қолданамыз?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:● Мәтіндік құжаттарды құруға;● Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;● Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;● Құжатты басып шығаруға.WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad.Редактор іске қосылғаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз - жол – абзац - бет - мәтін.Абзацтар бір - бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.Абзацтың ең негізгі қасиеттері: Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері; Мәтінді түзеу тәсілдері; Шегіністер мен интервалдар.
Полиглот
Сөз – слово - word
Символ – символ – symbol
Мәтін – текст – text
Құжат – документ – document
Бет – страница – page
Тапсырмаларды орындау
Оқулықтағы 157 беттегі 1-тәжірибелік тапсырманы орындаймыз.
Берілген сурет бойынша үш төрт сөйлемне тұратын мәтін құрастырып, соны мәтіндік редакторда теру
17335518796000
Сергіту кезеңі
Бәріміз орнымыздан тұрамыз, партаның жанына шығамыз, тақтаға қарап, қайталаймыз.
Ауызша тапсырма
9969511036300302403211041030287464551879500318372821590Word
Pad
00Word
Pad
13543815193121631788723904588219050Paint
00Paint


Сабақты бекіту
Cәйкестендіру кестесі
Батырма Қызметі
Сақталған құжатты ашу Көшіру Қиыпалу Қаріп өлшемі Құжатты сақтау Жартылай қалың Жаңа құжат құруБағалау
Оқушыларды сабаққа қатысқандығына байланысты бағалау
Үйге тапсырма беру
§19(153-бет), «Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі».
«Менің отбасым» деген тақырыпта мәтін құрып келу