Ашы? саба?. Та?ырыбы: ?арапайым м?тіндік редактор. Редактор интерфейсі


Невский орта мектебі

Тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі
Информатика пәнінің мұғалімі: Самалхан Жансұлу
2015-2016 оқу жылы
Пәні: Информатика Сыныбы: 5 «А» Күні: 29.01.2016 №14
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Word мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, слайд, Word бағдарламасы, кеспе қағаздар, бағалау парағы, үлестірмелі материалдар, электронды оқулық, электронды тест.
Сабақтың әдісі: Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, тест жұмысы, ойын элементтері.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Практикалық жұмыс
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау
ҮІІ. Үй тапсырмасы
ҮІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
4. Қауіпсіздік ережесі дәптерін толтырту.
5. Сабақ барысында дұрыс жауап берген, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест тапсырмасын орындату.
{Test=3}
«Paint» сөзі ағылшын тілінен қалау аударылады?
1. Жобалау 2. Оқу, кітап     3. Сурет, сурет салу     4. Музыка, ән салу
{Test=1}
Палитраның неше түсі бар?
1. 256      2. 2
3. 30        4. Қанша керек болса да
{Test=2}
Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
1. HYPERLINK "http://baza-referat.ru/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%8B" \\o"Принтеры" Өшіргіш   2. Мәтін     3. Қарындаш     4. Қылқалам
{Test=2}
Жай күй жолында не беріледі
1. Инструменттер            2. Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
3. Файлдың аты  4. Файлдың көлемі
{Test=1}
Өшіргіштің қандай режимі болады.
1. Қарапайым және түрлі түсті    2. Қарапайым және күрделі
3. Стандарттық және стандарттық емес              4. Жұмсақ және қатты
{Test=3}
Дұрыс фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек
1. Alt     2. Ctrl     3. Shift     4. Delete   
{Test=1}
Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек
1. 2 2. 1
3. 0                           4. 4                                   
{Test=4}
Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?
1. Сары, сұр, қан қызыл     2. Көгілдір, қызыл, қара
3. Ақ, қызғылт сары, ақшыл көк       4. Жасыл, қызыл, сары
{Test=2}
Барлық растрлық кескіндер неден тұрады
1. Кішкене тіктөртбұрыштардан     2. Нүктелерден
3. Сызықтардан                             4. Символдардан
{Test=3}
Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?
1.  .bmp               2.  .jpg                3.  .png                 4.  .gif
Электрондық оқулықтың 1,5 тапсырмасын орындау.
Оқушыларға үйге берілген шығармашылық тапсырмаларын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты математикалық тапсырма арқылы ашу.
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.
Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программаларды-мәтіндік редактор деп атаймыз.
Ашылған редактор терезесінен терезе элементтері көрсетемін.
Терезе элементтері:
Тақырып жолағы;
Мәзір жолағы;
Стандартты үстелі;
Пішімдеу үстелі;
Сызғыш;
Күй жолағы;
Тапсырмалар аймағы.
Айналдыру сызығы
Құрылған құжатты сақтау үшін WordPad Сохранить как... Сохранить – командасы орын-далады. WordPad Сохранить как... командасынан кейін ашылған диалогтік терезеде құжатты қай жерге және қандай атпен сақтайтынымызды көрсетіп Сохранить батырмасын басу арқылы сақтаймыз.
Word мәтіндік редакторында жұмысты аяқтаған соң редактордан шығу жолы: Пуск Выход командасы орындалады.
Ізденіс тапсырмасы: Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Екі топқа сұрақтар мен плакаттар үлестіріледі. Сұрақтар арқылы оқушылар тақырыппен танысып өзара талқылайды.
Мәтіндік редактордың қандай мүмкіндіктері бар?
Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу ыңғайлы ма?
Мәтіннің элменттерін ата?
Сергіту сәті
Оқушыларға мәтінді теру ережесімен таныстыру.\7-слайдпен таныстыру\
ІҮ. Практикалық жұмыс.
Электрондық тапсырмамен жұмыс
Компьютердегң тәжірибелік жұмыс
Практикалық жұмысқа алдын ала А4 форматында дайындалған тапсырмалар бар қағаздар үлестіріледі. Тапсырмалар шарты бойынша берілген мәтінді Word мәтіндік редакторында теру.
1.Мәтіндік редакторды ашамыз.
2.«Мен мәтіндік редакторды аша аламын.»деп жазыңдар.
3.Мәтіндік редактор сөздерін жуан әріппен ерекшелеңдер.
4.Құжатты «Информатика1» деген атаумен, файлдың типін RTF етіп сақтаңдар.
5.Құжатты Қалай сақтау бұйрығымен «Информатика2» деген атаумен, файлдың типін TXT етіп сақтаңдар.
6.Редакторды жабыңдар.
7.Файлдардың мөлшерін анықтаңдар.
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
Электрондық оқулықпен жұмыс.
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау: «Футбол» ойыны:
Ойынның сұрақтары:
Word бағдарламасын іске қосу жолы?
Құжатты сақтау жолы?
Word бағдарламасын жабудың неше жолы бар?
Мәтіндегі сөзді жуан әріппен ерекшелеу үшін қандай пернені басу керек?
Қаріпті өзгерту командасы қай жолда орналасқан?
Компьютердегі мәтінмен жұмыс істеудің артықшылын айтыңыз?
Мәтіннің элементтерін атаңдар?
Мәтіндік редактор дегеніміз не?
(Ойын шарты бойынша компьютерде футбол қақпасы және 8 доп беріледі. Әр допта Word бағдарламасына сәйкес сұрақтар беріледі. Оқушы қалаған добын таңдайды және сұраққа жауап береді.)
Ауызша тапсырма
Қателерді анықтау
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын. Жауабы: 7 қате
ҮІІ. Үй тапсырмасы:
§19 оқу, тест құрастыру
ҮІІІ. Бағалау.