Квадрат те?деулер ар?ылы есептер шы?ару (8сынып)


Күні: 23.01. 2014.
Сыныбы: 8 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер арқылы есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Квадрат теңдеулер түбірінің формуласын қайталау.
Квадрат теңдеулердің дербес жағдайларын шешу.
Виет теоремасын қолдана білу.
Квадрат теңдеуге келтіретін теңдеулерді шешу.
Сабақтың дамытушы мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін жетілдідіру және дамыту.
Оқушылар білімдерін өздері қортындылап өз ойларын айтуды дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларда оқылатын деректерге қызығушылық және ынтасын ояту.
Шығармашылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Өтілген материалдарды пысықтау.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, карточкалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу: Оқушылар үлкен және кіші шеңбер бойымен тұрып жұптасып амандасу.
2. Психологиялық ахуалды қалыптастыру: «Өзіңізге тілегенді, өзгелерге тілеңіз» (оқушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолын алып, жұбына жақсы тілегін айту керек)
3. Топқа бөлу (геомертиялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) тест (компьютерде орындау)
Ә) Үйге берілген есептің жауабын интерактивтік тақтада көрсету, оқушылар бірін- бірі тексереді. / 1 слайд/
ІІІ. «Фишбоун» стратегиясы бойынша сабақтың тақырыбын ашу /2 слайд/
Басы- тараудың тақырыбы
жоғарғы сүйектері – тақырыптың мысалдары,
төменгі сүйектері – мысалдарға түсініктеме,
құйрығы – қорытынды, яғни қандай тақырыпқа есептер шығарамыз.
IV. Есеп шығару кезеңі
А) Шығармашылық жұмыс : ОЖСБ ға дайындық
(Тест жинақтарынан әр топ оқушылары тақырыпқа сай есептер тауып тақтаға шығарады)
Ә) Топ жетекшілері ұяшықта жасырылған тапсырмаларды таңдап тақтада орындайды. Оқулықпен жұмыс №206 (2) , №207 (1), № 209 (2), № 210 (1) /3 слайд/
Б) Жекелеме оқушыларға « Технологиялық тірек карта» - дан тапсырмалар беріледі. /4 слайд/
(жауабы интерактивтік тақтада көрсетіліп топ жетекшілері тексереді)
Үйге тапсырма : тест тапсырмалары 6-15 70-71 бет
Сабақты қорытындылау: Оқушыны бағалау. Топтар арасында өзара бағалау («екі жұлдыз, бір тілек» арқылы)«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін орта мектеп» КММ

Тақырыбы: Квадрат теңдеулер тақырыбына
есептер шығару
Пән мұғалімі: Ашимова К.С.
Семей қаласы
2013 – 2014 оқу жылы