Та?ырыбы:Бейорганикалы? ?осылыстарды? негізгі кластары ж?не оларды? арасында?ы генетикалы? байланыс (9 сынып)
9 сынып
10.09.2015ж 3 сабақ
а)Оқыту/ оқудағы тәсіл
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін қадағалау
ә) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)
§4. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс.
б) Оқытудың нақты нәтижесі
1.Заттар, олардың жіктелуін, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының анықтамасына, жіктелуіне сипаттама бере отырып, формулаларын жаза алды.
2. Оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздардың жеке өкілдерінің формуласын көрсете отырып, химиялық қасиеттерін көрсететеін реакция теңдеулерін жаза білді.
д) Сабақ
Ұйымдастыру (амандасу, жұмыс орнын әзірлеу)
Сергіту сәті:тренинг: «Ақ тілек» (топтағы оқушылар бір-біріне тілек айтады )
Топқа бөлу: (Бейорганикалық қосылыстар кластары бойынша)
Диалогтық оқыту: (әр топқа берілген тақырып бойынша топтағы оқушылар келесі топқа 2 сұрақтан дайындап, сағат тілі бойынша қояды)
Бағалау: мадақтау және фишкалар беру арқылы сұрақ қойған және жауап берген топтарды бағалау.
Тапсырмаға нұсқау: видеотәжірибе көрсету, сол арқылы постерда тірек-сызба құрастыру.
Топтарға тапсырмалар беру: (топта талқылап, постерда қорғау)
I топ: Оксидтер, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы
II топ: Негіздер, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы
III топ: Қышқылдар, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы
IV топ:Тұздар, жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы
Таныстырылымды (постерда) қорғау.
Топтардың өзара бағалауы: әрбір топ сағат тілі бойынша өзінен кейінгі топты «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» қағидаты бойынша бағалайды.
Топқа берілген есептерді шығару: (әр топқа түрлі қиындықтағы есептерді шығарту)
Рефлексия:
Нені еске түсірдім? Нені үйренгім келеді?
Суммативті бағалау: (жинаған фишканың саны бойынша және жекелеген оқушылардың шығарған есептері бойынша)
Е) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (С) Бұл тәжірибені түсініп, оны қорытындылай алды, тірек-сызба құрастыра алды, қасиеттерін сипаттайтын теңдеу жаза алды. Төмен, жоғары деңгейдегі есептерді шығара алды.
Ж) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (В) Бұл тәжірибені түсініп, оны қорытындылай алды, тірек-сызба құрастыра алды, қасиеттерін сипаттайтын теңдеулерді топтағы көршісінің көмегімен жаза алды. Төмен деңгейдегі есептерді шығара алды.
З) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (А) Тәжірибені түсінді, бірақ қорытындылауға, қасиеттерін сипаттайтын теңдеулер жазуға қиналды. Төмен деңгейдегі есептердің мазмұнын түсініп, ондағы аталған қосылыстың химиялық формуласын жаза алды.