Конспект урока по самопознание ??ерлі бала с?йкімді


Өзін –өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп:Мереке орта мектебіКүні:
Тақырып. «Өнерлі бала сүйкімді»
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер:Басқалардан жақсылық іздеу,оптимизм,қарапайымдылық
Мұғалім:Осипова К.Қ.
Сыныбы: 3 «А»
Оқушылар саны:19
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ақиқат құндылығының өмірдің негізі және оны өнермен байланысты екенін екенін ұғындыру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға қарапайымдылық,оптимизм жайынды түсінік беру;
2.Оқушылардың басқалардан жақсылық іздеу дағдысын дамыту;
3.Оптимизм және қарапайымдылыққа тәрбиелеу; Ресустар құралдар,мәліметтер)
Оқулық,жұмыс дәптері,қима қағаздар,тақта,үнтаспа.
Сабақтың барысы:
Сабақтағы жағымды күйге келу:
Тыныштық сәті «Су түбіне саяхат»
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.
Біз сіздермен теңіз түбіңе саяхатқа барамыз. Ақырындап орындарыңан тұрып, кабинеттен шығап, далаға шығамыз. Қараңыздар алдарыңызда теңіз. Елестетіңіз, сіз теңіз жағалауымен келе жатырсыз. Жалаңаяқ жүрып, құмның жылуын сезіп келе жатырсыз. Теңізге қараңыздар, сіздер бір қара нүкте көріп тұрсыздар. Ол жақындаған кезде сіз ол қара нүктенің дельфин екенін көрдіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа апаруға келді. Дельфин ең адал жануар. Сіз ақырындап дельфиннің үстіне отырып, қатты ұстап алыңыз. Сізді дельфин ақырындап теңіздің түбіне жүзіп алып келе жатыр. Жан жағынызға қараңыз, әр түрлі балықтар. Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып – қызыл балдырлар, сол жақтарыңызға қараңыздар сары, көк түсті балықтар. Сізді дельфин ақырындап осы балықтардың арасымен жүзіп алып келе жатыр. Қараңызшы алдыңызда сегізаяқ. Өзі сондай үлкен. Теңіз түбі қандай ғажап десеңізші. Теңіздің түбіндегі тыныштықты сезіндіңізбе? Осы тыныштықта бір сәт отыра тұрыңыз. Енді артқа қайтуға дайындалыңыз. Дельфин сізді теңіздің бетіне алып келе жатыр. Теңіз бетіне шыққанда беттерңізге самал желдің үрлеп тұрғанын сезіндіңіздер. Дельфин сізді теңіз жағалауына алып келді. Сіз аырындап дельфиннен түсіп, оған өз ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Оны сипаңыздар. Жылы құммен ақырындап артқа жүріңіздер. Мектептің есігінен кіріп, өз кабинетімізге ораламыз. Өз орындарына отырыныздар.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
-Рахмет , балалар, сендер теңіз түбіндегі тыныштықты сезіндіңдер ме?
-Көз алдарыңа не елестеді?
2. Үй тапсырмасын тексеру
-
Сабақ барысын талдау.
3 Жағымды ой пікір.(Дәйексөз)
«Өнерлі өрге жүзер»
Халық мақалы.
Хормен айтқызу.
-Өнер деген сөзді қалай түсінесіңдер
-Бұл мақалда не жайлы айтып тұр?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Иә,дұрыс айтасыңдар балалар.
Хормен айтқызу.
Ал енді мені мұқият тыңдаңыздар. 4 Әңгіме.
Жеті өнерпаз
Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты, жалғыз-ақ ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым атты бір қызы болыпты. Қыздың сұлулығы сондай, қараған адам есінен танып қалады екен. Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз шулап қала береді. Бірнеше күнге дейін ханға естіртуге ел-жұрт бата алмайды. Бір ақсақалды шал келіп естіртеді. Хан есінен танып, тағынан құлап түседі. Ел-жұрты кетіп, тыныштық үйде хан есін жиып, бақсы-балгер, қожа-молда жинайды, қызды олардың бірі де біле алмайды, бәрінен де жәрдем болмайды. Тек ханның уәзірі Назар келіп, ханмен ақылдасып, былай дейді:  - Мұхиттың ар жағында балықшы Сәлім деген бар, оның жеті өнерпаз баласы бар. Бір тапса, солар табады. Жаныма бес жүз әскер қосып беріп, темірден кеме соққыз да мені соған жібер.      Хан табанда барлық айтқан керегін дайын қылып, бас уәзірді аттандырады. Назар сумен жол жүріп, бір айда аман-сау мұхит теңізінің ар жағындағы Сәлім шалға жетеді. Барса, жеті өнерпаз балалары жоқ, шалдың өзі ғана отыр екен. Сәлім шал әскермен келген Назардан қорқып кетеді. Назар уәзір Сәлім шалға мән-жайының бәрін баян етеді, ханның алтын мөрін басып, өтініп жазған хатын береді, әдейі іздеп келгенін айтады. Сол арада Сәлім шал балаларын шақырып алып: - Айлық алыс, шет жерден сендердің өнеріңді естіп жетіпті. Нәсіп болса барыңдар. Егер тапсаңдар, дүние-мүлкімен қызын береді. Өнерді ішке сақтамай, сыртқа шығарыңдар! - дейді.   Сонымен жеті өнерпаз ханның бас уәзірі Назарға еріп жүреді. Бұлар бірнеше күн жол жүріп, бір-екі күн қалғанда сүйінші сұрауға Назар ханға бір кісі жібереді. Ол барып сүйінші сұрағанда хан аямай сүйінші беріп, алдынан бес жүз ошақ қаздырып, той жасайды. Аман-сау жеті өнерпазды алып Назар да келеді. Хан жеті өнерпазды көріп, қатты қуанып, бала кайғысының бәрін ұмытқандай болады. Бірер күн тыныққан соң, хан қасына жеті өнерпазды ертіп баяғы қызды көтеріп әкеткен қарақұстың қасына келеді. Қарақұс қызды алып аспанға ұшады. Жеті өнерпаздың ішіндегі үлкені аспанға ұша біледі екен, барлығын сол бастап, қызды көтеріп ұшқан қарақұстың көлеңке ізіне түсіп қуады. Бұлар көкте жеті күн, жеті түн ұшады, сегізінші күн дегенде құсты көреді. Бір дарияның жағасында құс отыр, қыз шашын тарап тұр екен.   Қуғыншылардың дабыл қағып ұшқан екпінінен қорқып, қарақұс қызды алып, тағы да аспанға ұшады. Сонда қуғыншылар:     «Қыздан айырылдық», - деп жылайды.    Жігіттердің үлкені екіншісіне: «Өнеріңді істе», - дейді. Екіншісі асқан мерген екен, құстың екі қанатынан көздеп атқан оғы оның екі санын жұлып түседі. Аспанда шыр айналып келіп, қыз суға түскенде, үшіншісі сушыл екен, суға сүңгіп, қызды алып шығады. Қыз жұтқан суын қайта құсып, аман түрегеледі. Бұлар енді судан құрғаққа шыққан кезде, бір үлкен айдаһар бәрін лебімен жұтып барады екен. Енді бұлардың төртіншісі асқан ұста екен, қолындағы екі тасын бір-біріне соғыстырып қалғанда бес шақырым жерден қорған соғылады екен. Ол тасын қолына алып соғыстырып еді, бес шақырым жерден қорған соғылып, әлгі айдаһар қорғанның сыртынан оралып жатып қалады. Бірнеше күн тас қорғанның ішінде бұлар да жатады. Айдаһар тас қорғанды сыртынан орап алып, қысып сыға бастайды. Бұлар қысылып өлер болған соң, бесіншісі де өнерін істейді. Бұлардың бесіншісі жер астынан жол салғыш екен, қолындағы асыл тасын шаққанда, бес шақырымдай жер астынан жол салынып шығады екен. Айдаһар сол күйінде таста оралып жатып қалады. Бұлар жер бетіне шыққан соң, еліне апаратын жолдың қай жақта екенін біле алмай, айласы таусылып, адасады. Бұлардың алтыншысы жол болжағыш екен, оқу оқып көзін сипаса, бір күндік жерден жол көреді екен. Алтыншысы өнерін істеп, бір күндік жердегі жолды табады. Бірақ өздері арып-ашып, шаршаған, жаяу жүре-жүре табандары тесілген, тамақтары және жоқ, аш әлсіреп қалады. Жетіншісі тағам жасағыш екен. Қойнындағы бір асыл табағын алып, жолдастарын күніне үш мезгіл тамаққа тойдырып отырады. Бұлар бірнеше күн жол жүріп, ханның ауылына жетеді, бәрі де аман. Қаншайым қызды да аман алып келеді. Сонан соң хан ат шаптырып той істейді. Хан елжұрты болып, жеті өнерпазға қатты риза болады. Хан жеті өнерпазға риза болғандықтан: -  Қызымды біреуің жолдас қылып алыңдар, - дейді.  Сонда тұрып жеті өнерпаздың ең үлкені: -  Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсымыздікі артық болса, сол алсын, - дейді.  Хан мақұл көреді. Сонда ең үлкені тұрып: -  Бұл қызға менің істеген өнерім бәрінен басым. Мен болмасам бұл қыз жоқ еді, - деп жеті күн қарақұстың ізімен аспанда ұшқанын айтады. - Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді ол. Екіншісі:  -  Сенің өнерің таусылып, қызды қарақұс аспанға алып бара жатқанда мен атпасам, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.Үшіншісі тұрып:  -  Сен аспаннан қызды атып түсіргенде мен судан сүңгіп алмағанда, қыз жоқ еді. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. Сонда төртіншісі тұрып:  -  Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз да, сендер де жоқ едіңдер. Сондықтан да қыз маған тиісті, - дейді.  -  Мен болмасам, бәрің де тастың астында қырылып өлер едіңдер, сондықтан қыз маған тиісті, - дейді бесіншісі. Алтыншысы тұрып:  -  Бәрің де жол таба алмай адасатын едіңдер. Бұларды адастырмай, жол тауып берген мен емес пе? Қыз маған тиісті, - дейді.  Ақырында жетіншісі тұрып: -  Менің табағымнан ас жемесендер, бәрің де аштан өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді.  Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді. Хан білгіштерін жинайды. Сонда бір қария тұрып: -  Бұл жетеуінің бәрінің де өнері бірдей, бірақ қызды сүңгуірге қосыңыз, өйткені ол қызды басқалардан бұрын барып құшты ғой. Ал, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір сайлаңыз, - дейді.  Хан қызын сүңгуірге қосып, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді билетіпті. Сөйтіп, жеті өнерпаз мұратына жетіпті.
Балалар бұл әңгімеден не түсіндіңіздер?
Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
(Балалардың жауаптары тыңдалады)

5. Шығармашылық жұмыс.Топпен жұмыс.
Бәрекелді, ал енді балалар сендердіңалдарыңа күннің шуақтары берілген.Тақтада көріп тұрсыңдар күннің дөңгелекшесі берілген.Әркім өз алдында тұрған шуақтарға өздерің қандай өнер түрімен айналысасыңдар немесе қандай өнер түрімен айналысасыңдар.Сол өнердің атын осы шуақтарға жазасыңдар.Содан кейін 3 сыныптың оқушыларының қандай өнерлері бар екенін оққимыз.
Оқушылардың жұмысын оқыту.
-Жарайсыңдар,өте өнерлі екенсіңдер!
-Ал енді бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге мақалдар айтамын сол мақалдардың жалғасын дұрыс табыңдар.Кезекпен қол көтеріп айтамыз.
1.Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт ...(.жер соғар). 2.Өнерлі өрге.... (жүзер). 3.Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке ......(жеткізер).4.Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің.....( сөз алтын). 5.Өнерлі бала сүйкімді. 6.Өнер білсең-.....(өлмейсің). 7.Өнерлінің өзегі толмас. 8.Өнер-таусылмас азық. ....(Жұтамас байлық ). 9.Бай болмасаң бай болма Өнер, білімге...... (сай бол), 10.Өнерлі қол бақытқа ....(жол). 12.Өнер таусылмас азық, Сарқылмас..... (байлық). 13.Өнерді үйрен Үйренде .....(жирен). 14.Өнер қанат Білім......( санат). 15.Өнер алды, ....(қызыл тіл). 
Жарайсыңдар балалар.
-Мақал мәтелдердің барлығы не жайында болды?
-Дұрыс айтасындар.Барлығы да өнер жайында болды.
-Ал сендер қандай өнер түрін жақсы көресіңдер?
-Ендеше біз қазір «мен жеңімпазбын»ойынын ойнаймыз.
Сыныптағы балалар 3топқа бөлінеді. Барлық топқа бір әннің сөзі беріледі.Осы әнді 3 топ әр түрлі жанрға салып айтулары керек.
1-топ: Үнді өлеңі
2-топ:Рэп
3-топ:Опера
Ән:Қошақаным» 6 Топпен ән айту.
Бөбектер әні
1.Біз жеткіншек баламыз
Мәңгі өмірде самғармыз
Ата-баба дәстүрін
Әрі қарай жалғармыз
К\сы
А-хау келіңдер
Ойын сауық көріңдер
Бау бақшада сайраған
Бұлбұлым деп сеніңдер
2.Мамам үшін күндейміз
Бар бақытпен бірдейміз
Бақыт үшін елімнің
Ән айтамыз билейміз
қ\сы
А-хау келіңдер
Ойын сауық көріңдер
Бау бақшада сайраған
Бұлбұлым деп сеніңдер
3.Нұрын төккен күндейміз
Жайнап өскен гүлдейміз
Ашық аспан астында
Біз шаттана билейміз
-Жарайсыңдар балалар. Біз шырқаған ән не туралы екен? 7.Үй тапсырмасы:Өнер тақырыбына:
1 топ: Мақал-мәтелдер жазып келу;
2 топ: Шағын шығарма жазып келу;
3 топ: Өлең жазып келу; 8.Сабақтың соңғы қорытынды сәті:
Музыка ойналады.
Денелеріңізді тік ұстаңыздар.Көздеріңді жұмыңыздар. Достарың жайлы ойлаңыздар. Дәйексөзді естеріңзге түсіріп оны ұмытпауға тырысыңыздар.
Көздеріңізді ашыңыздар.
-Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!