Информатика п?нінен интеллектуалды сайыс Миллион кімге б?йырады?
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
«Миллион кімге бұйырады? »
интеллектуалды сайыс
61087092710
Өткізген информатика пәнінің мұғалімдері:
Берикболова Айгуль Дуйсеновна
Семей – 2014 жыл
«Миллион кімге бұйырады?» сыныптан тыс жұмысы.
Мақсаттары:Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау.Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға, дара болуға тәрбиелеу.Барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Осында тәуекелді ту етіп келген он ойыншымыз бар. Қайсыларыңыздың туларыңыз желбірейді оны казір ойын көрсетеді. Құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар сіздерді ойыншылармен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
Іріктеп алу кезеңінің тапсырмалары:
мына сағаттардың уақытын реті бойынша жазып бер. Кім жылдам орындайды, сол қатысушы І айналым ойыншысы ретінде таңдалып шығады.
Жанкүйеріңіз бар ма?
__________ досыңызға айтар тілегіңіз.
Жақсы, олай болса ережеден бастайық.
Ереже:
Берілген 15 сұрақ, 5 сұраққа – 5000 теңге, 10 сұраққа – 100000 теңге қандай жағдай болмасын күймейді. 15 сұраққа жауап берсең 3 миллион теңге аласың. 3 жеңілдік бар:
50 де 50
50:50
ғаламтордан көмек
сыныпта отырған қонақтардың беретін көмегі
Ойынды кез-келген уақытта тоқтатып, ұтқан ұтысыңызды ала аласыз.
- Шарт түсінікті ма? Дайынсыз ба? Бастаймыз ба, ендеше іске сәт!
І айналым
1.Семей қаласында қандай кинотеатр жоқ?
A) ДастанB) Әлем
С) Еңлік – КебекD) Семей
2.Қазақстан Арал теңізі арқылы қай мемлекетпен шектеседі?
A) ҚырғызстанB) Өзбекстан
С) РесейD) Түрікменстан
3.Ағаштың өзегін айнала орналасқан шеңберлер нені білдіреді?
A) Ағаштың жасынB) Ағаштың биіктігін
С) Бұтақ санынD) Жапырақ санын
4.Үйсіндердің негізгі шаруашылығы?
A) Аң аулауB) Балық шаруашылығы
С) Егін шаруашылығыD) Көшпелі мал шаруашылығы
5.Аяз би қай жәндікке «жолыңды біл» дейді?
A) инеліккеB) құмырсқаға
С) шегірткегеD) шыбынға
Сіз сияқты сауатты азаматтар келсе қуанамыз. Ойыныңыз тамаша!
Ал, досыңыз қалай ойнап жатыр?
6.Синус пен косинус функцияларының анықталу облысы - ...
A) Барлық нақты сандар жиыны
B) Барлық бүтін оң сандар жиыны
С) Барлық натурал сандар жиыны
D) Барлық рационал сандар жиыны
7. Нағыз элементар бөлшектер болып табылатындар:
A) Гиперондар.
B) Кварктар мен лептондар.
C) Адрондар.
D) Нуклондар.
8. Аңыз ертегілердегі қанатты атты қалай атайды?
A) Құрақ
B) Шырақ
C) Құлақ
D) Пырақ
9. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика:
A) Франция
B) АҚШ
C) Ресей
D) Испания
10. Аталғандардың ішіндегі ұлттық дін:
A) Синтоизм, конфуциан, индуизм
B) Христиан, ислам, синтоизм
C) Будда, индуизм, ламаизм
D) Ислам, христиан
Сіз сияқты сауатты азаматтар келсе қуанамыз. Ойыныңыз тамаша!
Ал, досыңыз қалай ойнап жатыр?
11. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.
A) «Өзен»
B) «Кел, балалар, оқылық!»
C) «Шәкірт ойы»
D) «Интернатта оқып жүр»
12. Студент емтиханға дайындық кезінде оқулықтың 120 бетін оқыды, ал бұл барлық кітаптың 75 %-ін құрайды. Оқулықта қанша бет бар?
A) 180
B) 160
C) 200
D) 220
13. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады?
A) Планиметрия
B) Симметрия
С) Стереометрия
D) Тригонометрия
14. Салт атқа мініп жүруді үйретушіні ғылыми тілде қалай атайды?
A) берейтор
B) драгун
С) жокей
D) берсальер
15. Қазақстанда ғана өсетін емдік өсімдікті атаңыз:
A) адыраспан
B) дермене
С) жолжелкен
D) жоңышқа
Барлық сурақтарға жауап берген жағдайда ұтысқа – 3000000 теңгенің чегі.
Алайда, ойынды кез – келген жерден тоқтатуға болады, ондай жағдайда күймейтін соманың чегін иеленеді. Осылайша келесі ІІ айналым жалғасын табады.