Саба?ты? та?ырыбы: Бестік кімге б?йырады?


Тақырыбы: Бестік кімге бұйырады? Көмектес септік.Мақсаты: а) зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін әрі қарай жалғастыру.Көмектес септігі туралы түсінік беру, сұрақтарын, жалғауларын меңгерту. Көмектес септігінің қызыметінің өрісінің кеңдігін жаттығуларды орындау барысында түсіндіру.ә) Сөздерді септей білу дағдыларын, олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Танымдық ой - өрісін дамыту. Сөздік қорын дамыту.б) Халқымыздың ұлттық құндылықтарын пайдалану арқылы балаларды ұлттық салт - дәстүрді сүюге, оны білуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: сызбаСабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныпты үш топқа бөлу «Алтын сандық» ішінен қарамай бір суреті таңдап алады Психологиялық дайындық.
Әр оқушы өздері дайындап келген тілек хаттарын бір-біріне тапсырады.
Мұғалім әр топқа өзінің тілек хатын тапсырады.
Біз не білеміз?(Үйге берілген тапсырманы сұрау)
Мақсаты: Орындаған жаттығуларын пайдалана отырып 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрап шығу. Қай септікте тұрғанын дәлелдеу.
Ә) 1-топ 2-топ 3-топ
Өнер су кітап
сөздерін септеп шығу
- Балалар біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?- Зат есімнің септелуі.- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?- Зат есімге септік жалғауларының жалғануын зат есімнің септелуі дейміз.- Қазақ тілінде неше септік бар? Және ол туралы қандай ертегіні өтіп жатырмыз?- қазақ тілінде 7 септік бар, және ол туралы «Септік шалдың жеті ұлы» дегенертегіні өтіп жатырмыз.- ендеше ертегіні есімізге түсірейік.(ертегіні еске түсіре отырып, өтілген септіктерді сұрағымен қайталаймыз.)- олай болса, балалар, ертегімізді әрі қарай жалғастырайық. Елде жұт әлі жайлап жатса керек. Тағы 1ай өткенде ажал Септік шалдың кенже ұлына да келіп жетіпті. Кенже ұлы кім еді, кім айтады? – «Көмектес»Жаңа сабақ Білгім келеді- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз - Көмектес септігі туралы болмақ. Дәптерімізді ашып күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып қоялық.Интерактивті тақтадан слайдты ашамыз. Ертегімізді жалғастырамыз.- Сендер, міне, соңғы үмітінен де айырылған қаралы септік шалды көріп отырсыңдарКөмектес атты ұлынан айрылған ол тақтайға тағы бір қылды ішек қылып тағып, «енді кіммен өмір сүремін, немен шұғылданамын?» деп зар жылап, 7 ішекке асықты тиек қылып тағып «ЖЕТІГЕН» аспабын жасап шығарыпты. Содан беріКөмектес септігінің сұрақтары: кіммен?, немен?, кімдермен? нелермен?ал жалғаулары: – мен,- бен,- пен болыпты.Слайдтан Жетіген аспабын көрсетіп, оның бүгінгі таңда қолданылуы жөнінде әңгімелеу. Қарақат Әбілдинаның осы аспаппен ән айтып, шәкірт тәрбиелеп жүргенін айта кетемін.- қазір ЖЕТІГЕН сөзін дәптерімізге септейік. (септеп болған соң, дәптерлерін алмасып, бірін - бірі тексереді.)
- Балалар Септіктің ұлдары неден қайтыс болды? – жұттан
Оқулықпен жұмыс
1. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып сөйлемдерді көшіріп жаз. 86-жаттығу
2. Жұмбақты оқып, көмектес септіктегі сөздерді көшіріп жаз және сұрақ қой.87- жаттығу
3.Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып , жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз. 90 – жаттығу
Сергіту жаттығуы:
Шығармашылық тапсырма
1. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
Әсеттің анасы ауылдан келді. Сәуледе қызықты кітаптар көп. Бұл хабарды газеттен оқыдым. Алмат мүражайға атасымен барды.
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра
Кйші. Дина Нурпейісова - атақты күйщі.
Өлеңді ұйқасына лайық сөзді қойып жаз.
Ой шақыру - Балалар Септік шал ЖЕТІГЕН аспабын не үшін жасады деп ойлайсыңдар? (Балаларын жоқтап, мұң - зарын шерту үшін)- ЖОҚТАУ – дегеніміз не?(балалар өздерінің білгенін айтады.)Жоқтау дегеніміз - ауыз әдебиетінің бір түрі. Слайдтан анықтамасын оқыту.Жоқтау - адам қайтыс болған кезде айтылатын жыр. Жоқтау мұңлы, зарлы болып келеді.
Не білдім? Қорытындылау
Топтастыру Зат есім туралы не білдік?
негізгі тәуелденілуі
Зат есім
септелуі жалпы Жекеше жалқы


көпше туынды
«Бәйге» ойыны.
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Нені білгім келеді?
89 - жаттығу және «киелі 7 саны» ұғымына қатысты мақал - мәтелдерді, ұғымдарды жазып келу.
«Жұт» сөзінің мағанасын ашу
Оқушыларды бағалау.
4 сынып қазақ тілі
Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Сарыөзек орта мектебі МДШО
бастауыш сынып мұғалімі
Анар Қожахметова Үрімжанқызы
        Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғаулардысептік жалғаулары деп атайды.
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді.
 
Ертегі:«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» - деп егіледі.Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? - деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»деп егіледі.
Ертегі
          Қазақ тілі елінде, Зат есім шаһарында, Септік деген бай болыпты. Оның Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес деген 7 ұлы болыпты. Бір күні Септік қартайып, ұлдарын шақырып алыпты. «Мен қартайдым, енді сендер өз күндеріңді өздерің көріңдер, өздеріңе өмірлік жалғау табыңдар» – деп 3 күн уақыт беріпті. Мұны естіген балалары өздеріне жалғау табу үшін  жан-жаққа кетіпті.
Бұл жерде Атау жалғаусыз келіпті, қалған 6 ұлы өздеріне жетерлік жалғаулар тауып келіпті. Содан Септік бай ұлдарына: «Тұла бойым тұңғышым – Атау  болғандықтан, Зат есімнің кім? не? сұрағын үлкен балама беремін. Бұдан былай әрқайсың өз жалғауларыңмен күн көріңдер» – деген екен.
Содан бастап Зат есімнің септік жалғаулары пайда болыпты.